+6 бонус

ПАРАЦЕТАМОЛ 200 мг №20 таб БЗМП

130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: ОАО Борисовский завод медицинских препаратов
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - парацетамол 200 мг; қосымша заттар: повидон, натрий кроскармеллозасы, стеарин қышқылы, картоп крахмалы.
Қолданылуы
- айқындығы орташа немесе әлсіз ауыру синдромы (бас ауыруы, бас сақинасы, невралгия, тіс ауыруы, тамақ ауыруы, остеоартроз кезіндегі ауырсынуды қоса) - жедел инфекциялық, инфекциялық-қабыну аурулары кезіндегі қызба синдромы.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы - бүйрек және бауыр қызметінің жеткіліксіздігі - қан аурулары
Дозасы
Ересектер (егде жастағыларды қоса) және 16 жастан асқан жасөспірімдер: қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 500-1000 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза - 4000 мг. Балалар (10-15 жас): қажет болған жағдайда әр 4-6 сағат сайын 250-500 мг. Қабылдаулар арасындағы аралық – кемінде 4 сағат. Ең жоғары тәуліктік доза баланың дене салмағының 60 мг/кг құрайды, 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг бір реттік дозаларға бөлінеді. Бір дозаны 24 сағат ішінде 4 реттен артық емес қабылдауға болады. Дәрігердің тағайындауынсыз және бақылауынсыз қолданудың ең жоғары ұзақтығы - 3 күн. Көрсетілген дозадан асырмау керек. Егер симптомдар сақталса, дәрігерге жүгіну керек. Медициналық бақылаусыз ұзақ уақыт қолдану денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, көп мөлшерде сұйықтықпен, тамақтанғаннан кейін 1-2 сағаттан кейін (тамақтан кейін бірден қабылдау әсер етуінің кідіруіне әкеледі).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.