+59 бонус

ПАРАЦЕТАМОЛ 150 мг №10 супп Вива Фарм

9:00-ден кейін қолжетімді
1190 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО Вива Фарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат – парацетамол 80 мг, 150 мг немесе 300 мг тиісінше, қосымша зат – қатты май (суппозиторий негізі).
Қолданылуы
жеңілден орташа қарқындылыққа дейінгі ауыру және/немесе қызба жағдайларында симптоматикалық ем
Қарсы көрсетілімдер
парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, белсенді сатыдағы бауырдың декомпенсацияланған аурулары жуық арада болған проктит немесе ректальді қан кету (енгізу жолымен байланысты қарсы көрсетілімдер) 1 айға дейінгі (80 мг доза үшін); 6 айға дейінгі (150 мг доза үшін); 4 жасқа дейінгі (300 мг доза үшін) балалар
Дозасы
Препаратты 3 айлық баладан 10 жасқа дейінгі балаларға ректальді қолданады. Парацетамолдың ұсынылған тәуліктік дозасы, баланың дене салмағына күніне 60 мг/кг байланысты есеппен 4 қабылдауға бөлінген. Бір реттік доза – әр 6 сағат сайын 15 мг/кг, қабылдау, соның ішінде түнде бірдей аралықпен болуы тиіс. Балаларда сәбидің дене салмағына сәйкес дозалануын сақтау қажет. Жасы және соған сәйкес дене салмағы болжамды келтірілген. 80 мг суппозиторийлер Дене салмағы 4-тен 6 кг дейін балаларға (шамамен 1 айдан 4 айға дейін) 1 суппозиторийден (80 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (320 мг) асырмай енгізеді. 150 мг суппозиторийлер Дене салмағы 8-нан 12 кг дейін балаларға (шамамен 6 айдан 24 айға дейін) 1 суппозиторийден (150 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (600 мг) асырмай енгізеді. 300 мг суппозиторийлер Дене салмағы 15-тен 24 кг дейін балаларға (шамамен 4 жастан 9 жасқа дейін) 1 свечадан (300 мг) тәулігіне 4 реттен асырмай әр 6 сағат сайын, тәулігіне 4 суппозиторийден (1200 мг) асырмай енгізеді. Балалар үшін ең жоғары доза тәулігіне 80 мг/кг/ аспауы тиіс. Жергілікті уыттылық көріністерінің қаупіне байланысты ректальді жолмен емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа, 3 күннен аспауы тиіс. Диарея жағдайында суппозиторийлер тағайындау ұсынылмайды. Тәулігіне 4 суппозиторийден артық қолдануға болмайды. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында дозаны азайту және дозалар арасындағы аралықты мына кестеге сәйкес арттыру ұсынылады: Креатинин клиренсі Дозалар арасындағы аралық >10 мл/мин 6 сағат <10 мл/мин 8 сағат Парацетамолдың жалпы дозасы тәулігіне 60 мг/кг аспауы тиіс. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың созылмалы немесе компенсацияланған белсенді аурулары бар пациенттерде, әсіресе бауыр жеткіліксіздігімен қатар жүретін, созылмалы алкоголизм, созылмалы тамақтану жеткіліксіздігі (бауырдағы глутатион қорының жеткіліксіздігі), Жильбер синдромы (гемолиздік емес отбасылық сарғаю) және дегидратациясы бар пациенттерде, парацетамол дозасы тәулігіне 60 мг/кг аспауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.