+15 бонус

ПАПАВЕРИН Г/ХЛ 2% 2 мл №10 ампул БЗМП

300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Папаверин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод медицинских препаратов
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампула (2 мл) ішінде: белсенді зат - 40 мг папаверин гидрохлориді; қосымша заттар: динатрий эдетаты, DL-Метионин, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Папаверин гидрохлориді ересектер мен 1 жастан асқан балаларда қолдануға арналған: - холециститте, спазмдық колитте, пилороспазмда ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің түйілуінің алдын алу және басу үшін; - өт және бүйректің шаншуын басу үшін; - облитерациялық эндартеритті, ми мен аяқ-қол тамырларының түйілуін емдеу (кешенді ем құрамында).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 1 жасқа дейінгі балалар - тыныс алудың бәсеңдеуі немесе коматоздық жайдай - атриовентрикулярлық (AV) блокада - глаукома - 75 жастан (гипертермия қаупі) - жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі (жедел және жуырда бастан өткерген), жүрек ырғағының бұзылуы (брадикардия) - бассүйекішілік гипертензия - бауыр аурулары.
Дозасы
Ересектер Ересек пациенттерге препарат тері астына және бұлшықет ішіне 0,5–2 мл (10-40 мг) 20 мг/мл ерітіндімен енгізіледі, ал вена ішіне өте баяу, 3-5 мл/мин жылдамдықпен енгізіледі, 1 мл 20 мг/мл папаверин гидрохлориді (20 мг) ерітіндісін 10-20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде ерітеді. Вена ішіне енгізу ең тиімді болып табылады. Тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізгенде ересектерге арналған ең жоғары дозалар: бір реттік – 100 мг (5 мл 20 мг/мл ерітінді), тәуліктік – 300 мг (15 мл 20 мг/мл ерітінді); вена ішіне енгізгенде: бір реттік – 20 мг (1 мл 20 мг/мл ерітінді), тәуліктік – 120 мг (6 мл 20 мг/мл ерітінді). Балалар 14 жас және одан асқан балалар мен жасөспірімдер 14 жастан асқан балалар үшін дозалау режимі және препаратты қолдану тәсілі ересек пациенттер үшін бірдей. 15 жасқа дейінгі балаларға препаратты вена ішіне енгізу ұсынылмайды. 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 1-ден 14 жасқа дейінгі балалар үшін препарат тәулігіне 2-3 рет қолданылады. Бір доза дене салмағының 0,7–1 мг/кг құрайды. Балаларға арналған ең жоғары тәуліктік доза (енгізу әдісіне қарамастан): 1–2 жаста – 20 мг (1 мл 20 мг/мл ерітінді); 3–4 жас – 30 мг (1,5 мл 20 мг/мл ерітінді); 5–6 жас – 40 мг (2 мл 20 мг/мл ерітінді); 7–9 жас – 60 мг (3 мл 20 мг/мл ерітінді); 10–14 жас – 100 мг (5 мл 20 мг/мл ерітінді). 1 жасқа дейінгі балалар Папаверин гидрохлориді препаратын 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Препарат тері астына, бұлшықет ішіне және вена ішіне қолданылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.