+62 бонус

ПАНЗИНОРМ 10000 ЕД №21 капсул

1250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 96,558 – 123,915 мг панкреатин, соның ішінде: 10000 ӘБ* липаза 7200 ӘБ* амилаза 400 ӘБ* протеаза, қосымша заттар: метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1 : 1) 30% дисперсиясы**, триэтилцитрат, тальк, 30 % симетикон эмульсиясы*** капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты, желатин *ӘБ Еуропа Фармакопеясы бойынша берілген **Метакрил қышқылы – этилакрилат сополимері (1:1), полисорбат 80, натрий лаурилсульфаты және судан тұрады ***Симетикон, метилцеллюлоза, сорбин қышқылы және судан тұрады
Қолданылуы
Ұйқы безінің созылмалы экзокриндік жеткіліксіздігі. Панзинорм® 10000 ұйқы безінің жеткіліксіздігіне байланысты тамақтың төмен сіңірілуінен туындаған симптомдарды жою немесе профилактикасы үшін ұсынылады.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді заттарға, шошқадан алынған ақуыз немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің жедел басталуы
Дозасы
Препарат дозасы аурудың ауырлығы мен диетаның құрамына байланысты таңдалады. Панзинорм® 10000 капсулаларын тамақтану кезінде немесе одан кейін бірден ішке қабылдайды. 1 капсуладан артық Панзинорм® 10000 қабылдау қажет болғанда, 1 капсуланы тамақтануға дейін, қалғандарын – тамақтану кезінде қабылдайды. Капсуланы тұтастай, оларды сындырмай және шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп, жұтқан жөн. Жұту қиын болғанда (мысалы, кішкентай балалар немесе егде жастағы пациенттер) капсуланы абайлап ашады, ал капсуланың ішіндегісін (микропеллеттер) шайнауды қажет етпейтін жұмсақ тағамға қосады, немесе сұйықтықпен қабылдайды. Бұл ретте тағам немесе микропеллеттер араластыратын сұйықтық қышқыл (жеміс шырыны немесе йогурт) болуы тиіс, бұл ферменттердің ерте босап шығуы және ыдырауы (pH < 5,5) болмас үшін керек. Микропеллеттерді шайнау немесе зақымдау ішекте еритін қорғаныш қабығын бұзуы мүмкін, соның нәтижесінде энзимдердің ерте босап шығуы ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуін туындатуы және/немесе препараттың емдік әсерін төмендетуі мүмкін. Микропеллеттің тағаммен және сұйықтықпен кез келген қоспасы сақтауға келмейді, оны дайындағаннан кейін бірден қабылдау керек. Сұйықтықты жеткілікті мөлшерде, әсіресе оны аса көп жоғалтқанда, ұдайы ішіп жүрудің маңызы зор. Сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау іш қатудың себебі болуы мүмкін. Егер пациент Панзинорм® 10000 уақтылы қабылдауды ұмытып кетсе, өткізіп алған дозаны тікелей тамақтанудан кейін қабылдауға болады. Бұдан әлдеқайда кеш қабылдаудың пайдасы жоқ. Келесі тамақтану кезінде препараттың әдеттегі дозасын қабылдау қажет. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін екі еселенген дозасын қабылдауға болмайды. Муковисцидоз Муковисцидоз кезінде препарат дозасын емдеуші дәрігер таңдайды. Муковисцидоз Америкалық Қоры ұсынымдарына сәйкес, Панзинорм® 10000 дозасын бір тамақтануға липазаның бірлік мөлшерін 1 кг дене салмағына есептейді. Бір реттік дозаны жас ерекшелігіне қарай төмендегідей есептейді: Баланың жасы Ұсынымдар 4 жасқа дейін 1000 липаза бірлігі 1 кг дене салмағына 4 жастан асқан 500 липаза бірлігі 1 кг дене салмағына Емдеудің дозасы мен ұзақтығын аурудың ауырлығына, стеатореяны бақылау нәтижелері мен жақсы тамақтану статусын ұстануға байланысты анықтайды. Пациенттердің көбінде дозасы тәулігіне 10000 липаза бірлігі/кг дене салмағына немесе тамақтағы 1 грамм майға 4000 липаза бірлігінен аспауы тиіс. Оңтайлы түрде әр адамға жеке дозалау үшін, Панзинорм® 10000 басқа, жоғарырақ мөлшерде ферменттермен дозалары бар. Панзинорм® 10000 капсула ішіндегісін бірнеше қабылдауға бөлу қиын болғандықтан, емдеуді дене салмағы 10 кг кем емес балалардан бастау ұсынылады. Ұйқы безі экзокриндік жеткіліксіздігі қатар жүретін басқа жағдайлардағы дозасы. Емдеу дозасы мен ұзақтығын пациенттердің жекелей ерекшеліктерін ескере отырып белгілеген жөн, оған ас қорытудың бұзылу дәрежесі және тамақ құрамындағы майдың деңгейі жатады. Пациентке негізгі тамақтанумен (түскі ас, таңертеңгі ас немесе кешкі ас) бірге қажет етілетін дозасы 25000-нан 80000 ӘБ дейін липаза (ЕФ.) түрленіп отырады, бұл Панзинорм® 10000 препаратының 3-тен 8 капсуласына дейінді құрайды, негізгі тамақтану арасындағы жеңіл тамақ ішу кезінде доза шамамен жекелей дозаның жартысын, немесе 1-4 капсуланы құрайды. Енгізу әдісі және жолы Панзинорм® 10000 капсулаларын тамақтану кезінде немесе одан кейін бірден ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.