+173 бонус

ПАНТОСПЕЙ 40 мг №28 таб

3470 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: СПЕЙ МЕДИКАЛ ЛТД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – пантопразол (натрий пантопразолы сесквигидраты түрінде) 40 мг, қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, маннитол, натрий кармеллозасы, натрий крахмалының гликоляты А типі, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы қабық: пропиленгликоль, темірдің (III) сары тотығы, титанның қостотығы (Е171), гипромеллоза, триэтилцитрат, метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1: 1).
Қолданылуы
Пантоспей препараты ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерде қолдануға арналған: рефлюкс-эзофагитті емдеу Пантоспей препараты ересектерге мына жағдайда қолданылады: Н.pylori тудырған ойық жара ауруы бар пациенттерде қажетті бактерияға қарсы терапиямен біріктірілімде Helicobacter pylori (H. pylori) ойық жара ауруы қоздырғышын толық жою асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу Золлингер-Эллисон синдромын және тұз қышқылының жоғары түзілуімен байланысты басқа патологиялық жай-күйлерді емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа, басқа орын басқан бензимидазолдарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық биожетімділігінің едәуір төмендеуінің арқасында сіңірілуі қышқылды асқазанішілік рН байланысты болатын АИТВ протеаза тежегіштерімен бір мезгілде қолдану, мысалы, атазанавир, нелфинавир 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Пантоспей препаратын осы нұсқаулықта (қосымша парақта) сипатталғандай немесе сіздің емдеуші дәрігеріңіз тағайындағандай қабылдаңыз. 12 жастан асқан балалар мен ересектердегі рефлюкс- эзофагит Ұсынылатын доза күніне 40 мг Пантоспей препаратының бір таблеткасын құрайды. Жекелеген жағдайларда доза арттырылуы мүмкін (күніне 40 мг-ден 2 таблеткаға дейін), әсіресе басқа емге реакция байқалмаған кезде. Рефлюкс- эзофагитін емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, емдеу, әдетте келесі 4 аптада жалғасады. Ересектерде H. pylori ойық жара ауруының қоздырғышын екі тиісті антибиотикпен біріктіріп толық жою H. pylori тудырған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде қоздырғышты жою препараттардың біріктірілімімен жүзеге асырылады. Емді бактериялардың антибиотиктерге төзімділігіне, сондай-ақ бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану мен тағайындауға қатысты ресми жергілікті нұсқаулықтарды (мысалы, ұлттық нұсқаулар) ескере отырып жүргізу керек. Препаратқа сезімталдыққа байланысты H. pylori жою үшін келесі біріктірілімдер ұсынылуы мүмкін: a) Пантоспей 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг тәулігіне 2 рет. б) Пантоспей 40 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг (немесе 500 мг тинидазол) тәулігіне 2 рет + кларитромицин 250-500 мг тәулігіне 2 рет. в) Пантоспей 40 мг тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг тәулігіне 2 рет + метронидазол 400-500 мг (немесе 500 мг тинидазол) тәулігіне 2 рет. H. pylori бактериясын жою үшін біріктірілген емде Пантоспейдің екінші таблеткасын кешкі астан 1 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы әдетте 7 күнді құрайды, қажет болған жағдайда дәрігер емдеу ұзақтығын екі аптаға дейін арттыруы мүмкін. Егер ойық жараларды емдеу үшін пантопразолмен одан әрі емдеу ұсынылса, он екі елі ішек пен асқазанның ойық жарасын емдеуге арналған ұсыныстарды қарастырған жөн. Егер одан әрі емдеу қажет болмаса және H.Pylori теріс тестінде тек бір Пантоспей препаратымен емдеу бойынша төменде келтірілген нұсқауларды пайдалану қажет. Ересектерде асқазанның ойық жарасын емдеу Ұсынылатын доза күніне 40 мг Пантоспейдің бір таблеткасын құрайды. Жекелеген жағдайларда доза арттырылуы мүмкін (күніне 2 таблеткаға дейін), әсіресе емдеудің басқа түріне клиникалық жақсару болмаған жағдайда. Асқазанның ойық жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, емдеуге әдетте келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Ересектерде он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Ұсынылатын доза күніне 40 мг Пантоспей бір таблеткасын құрайды. Жекелеген жағдайларда доза арттырылуы мүмкін (күніне 2 таблеткаға дейін), әсіресе емдеудің басқа түріне клиникалық жақсару болмаған жағдайда. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу үшін әдетте 2 апта қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, емдеуге әдетте келесі 2 апта ішінде қол жеткізіледі. Золлингер-Эллисон синдромы және асқазанда қышқылдың жоғары өндірілуімен қатар жүретін ересектердегі басқа аурулар Золлингер-Эллисон синдромы және асқазанда қышқылдың жоғары өндірілуімен басқа аурулары бар пациенттерді ұзақ мерзімді емдеген кезде Пантоспей препаратын 80 мг дозада қабылдау ұсынылады (Пантоспей 40 мг 2 таблетка). Болашақта, қажет болған жағдайда, дәрігер дозаны жоғарылатуы немесе төмендетуі мүмкін (клиникалық әсеріне байланысты). Тәулігіне 80 мг-ден жоғары дозаларда дозаны күніне екі қабылдауға бөлу керек. Пантопразол дозасының 160 мг-ден жоғары уақытша жоғарылауы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылау үшін талап етілгеннен ұзаққа созылмауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромын және асқазанда қышқылдың жоғары бөлінуі бар басқа ауруларды емдеу ұзақтығы шектеулі емес және оны дәрігер жеке таңдайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар: Пантоспей препараты қауіпсіздік пен тиімділік бойынша деректердің болмауына байланысты 12 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер: дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде Пантоспей 20 мг препаратының тәуліктік дозасынан асыру ұсынылмайды. Пантопразолмен біріктірілген емнің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты Пантоспей препараты бауырдың орташа және ауыр жеткіліксіздігі кезінде H. pylori бактериясын жою үшін біріктірілген ем құрамында қолданылмауы тиіс, пантопразолмен біріктірілген емнің тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Біріктірілген ем кезінде пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты Пантоспей препаратын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде H. pylori бактериясын жою үшін біріктірілген терапияда қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Пантоспей таблеткаларын ішке, тамақтанудан бір сағат бұрын, аз мөлшердегі сумен қабылдау керек. Таблеткаларды шайнауға немесе ұнтақтауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.