+144 бонус

Пантопразол 40 мг №30 таб.

2890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: СООО Лекфарм
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы белсенді зат ‒ 40.0 мг пантопразол (45.10 мг натрий пантопразолы сесквигидраты түрінде). қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, кальций стеараты, кросповидон, повидон (K-17), маннитол. қабық құрамы: Аквариус Преферед® сары (гипромеллоза, коповидон пласдон, полидекстроза, полиэтиленгликоль, каприл/каприн қышқылы триглицериді, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172)); Акрил-ИЗ® түссіз (метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері, тальк, макрогол/ПЭГ, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий гидрокарбонаты, натрий лаурилсульфаты), симетикон.
Қолданылуы
Дәрілік препарат келесі көрсетілімдерде қолданылады: Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен балалар: рефлюкс-эзофагит. Ересектер: бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілген ем құрамындағы Helicobacter pylori эрадикациясы; асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы; Золлингер-Эллисон синдромы және асқазан секрециясының жоғарылауымен байланысты басқа патологиялық жай-күйлер.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа, бензимидазолдар туындыларына, қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; пантопразолды сіңірілуі асқазан ішіндегі рН қышқылдылығына тәуелденетін атазанавир, нелфинавир сияқты АИТВ протеазасы тежегіштерімен бірге қолдану олардың биожетімділігінің елеулі төмендеуіне орай ұсынылмайды; жүктілік дәне бала емізу кезеңі; 12 жасқа дейінгі балаларға.
Дозасы
Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер Рефлюкс-эзофагит Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Рефлюкс эзофагитін емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 4 апта ішінде қол жеткізуге болады. Ересектер Екі тиісті антибиотиктермен біріктірілген H. pylori эрадикациясы H. pylori жұқтырған асқазан және он екі елі ішектің ойық жаралары бар пациенттерде бактериялардың эрадикациясын біріктірілген ем көмегімен жүргізу керек. Емдеу бактериялардың төзімділігіне, сондай-ақ бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану мен тағайындауға қатысты ресми жергілікті нұсқауларды (мысалы, ұлттық ұсынымдарды) ескере отырып жүргізілуі тиіс. H. pylori эрадикациясы үшін резистенттілік сипатына байланысты мынадай препараттарды пайдалануды ұсынуға болады: а) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг) + күніне екі рет 1000 мг амоксициллин + күніне екі рет 500 мг кларитромицин. б) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг) + күніне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) + күніне екі рет 250-500 мг кларитромицин. с) күніне екі рет Пантопразол препаратының бір таблеткасы (40 мг) + күніне екі рет 1000 мг амоксициллин + күніне екі рет 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori туындатқан инфекцияны эрадикациялау мақсатында біріктірілген ем шеңберінде Пантопразол препаратының екінші таблеткасын кешкі ас ішуге дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем әдетте 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін тағы 7 күн бойы жалғасуы мүмкін. Егер ойық жараларды емдеуге кепілдік беру үшін пантопразолмен емдеуді жалғастыру көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасына ұсынылатын тиісті дозаларды қолдану керек. Егер біріктірілген ем пайдаланылмаса, мысалы, H. pylori тестінің теріс нәтижесі кезінде Пантопразол препаратымен монотерапия кезінде дозалау жөніндегі мынадай нұсқаулықтар қолданылады: Асқазанның ойық жарасын емдеу Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Асқазан ойық-жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 4 апта ішінде қол жеткізуге болады. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Пантопразол препаратының күніне бір таблеткасы. Жекелеген жағдайларда доза, әсіресе басқа емге жауап реакциясы болмаған кезде, екі еселенуі мүмкін (Пантопразол препаратының күніне 2 таблеткасына дейін артуы). Он екі елі ішектің ойық-жарасын емдеу үшін әдетте 2 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, сауығуға әдетте тағы 2 апта ішінде қол жеткізуге болады. Золлингер-Эллисон синдромы және асқазан секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер Золлингер-Эллисон синдромын және секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлерді ұзақ емдеу үшін емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг Пантопразолдың 2 таблеткасы) бастаған жөн. Содан кейін, қажет болған жағдайда, асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты дозаны арттыруға немесе азайтуға болады. Күніне 80 мг жоғары дозаларды бөліп, күніне екі рет қолдану керек. Пантопразол дозасының 160 мг-ден жоғары уақытша жоғарылауы мүмкін, бірақ ол қышқылдықты бақылау үшін талап етілгеннен ұзаққа созылмауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы кезінде және секрециясының жоғарылауымен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер кезінде емдеу ұзақтығы шектелмейді және емдеу мерзімдері клиникалық қажеттілікке байланысты реттелуі мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасы күніне 20 мг (пантопразолдың 1 таблеткасы 20 мг) аспауы тиіс. Пантопразолды H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Пантопразол препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Пантопразолды H. pylori эрадикациясы мақсатында біріктірілген емдеу кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерді емдеу кезінде Пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес. Балалар Пантопразолды 12 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды, өйткені препаратты осы жас тобында қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер аз. Енгізу әдісі және жолы Пероральді пайдалану үшін. Таблеткаларды шайнауға немесе сындыруға болмайды, оларды тамақтан 1 сағат бұрын, сумен іше отырып ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.