+302 бонус

ПАНТОКАЛЬЦИН 500 мг №50 табл

6050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Валента Фармацевтика ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – гопантен қышқылы – 500 мг, қосымша заттар: магний гидроксикарбонаты, кальций стеараты, тальк, картоп крахмалы.
Қолданылуы
Пантокальцин, таблеткалар, 6 жастан асқан балаларда және ересектерде кешенді ем құрамында қолдануға арналған мидың органикалық зақымданулары және невроздық бұзылыстар кезіндегі когнитивті бұзылулар ми қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерден туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздікті кешенді емдеу құрамында; сенильді деменция (бастапқы түрі), ересек жастағы және егде жастағы адамдарда мидың резидуальді органикалық зақымданулары шизофрениямен ауыратын науқастардағы церебральді органикалық жеткіліксіздік (нейролептиктермен, антидепрессанттармен біріктіріп) жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарда экстрапирамидті гиперкинез (Гентингтон хореясы, гепатоцеребральді дистрофия, Паркинсон ауруы және т. б.) бастан өткерген нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары (кешенді ем құрамында) нейролептиктердің жағымсыз әсерін түзету үшін және "бүркемелеу емі" ретінде бір мезгілде профилактикалық мақсатта; экстрапирамидтік нейролептикалық синдром (гиперкинетикалық және акинетикалық) психикалық үдерістер баяу дамитын эпилепсия (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілімде) психоэмоциялдық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін несеп шығару бұзылыстары: энурез, күндізгі несепті ұстай алмау, поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу ақыл-ой кемістігі бар балаларда (психикалық, сөйлеу, моторлы даму іркілісі немесе олардың біріктірілімдері), балалардың церебральді салдану; кекештену (көбіне клонус түрінде болатын); эпилепсия кезінде (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілген ем құрамында, әсіресе полиморфты ұстамалар мен шағын эпилепсиялық ұстамалар кезінде)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректің жедел ауыр аурулары қан көрінісіндегі айқын өзгерістер жүктілік және бала емізу кезеңі 6 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер Ересектерге арналған бір реттік доза 0,5-1 г, ересектерге арналған тәуліктік доза – 1,5-3 г. Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерлерін түзеткіш ретінде): ересектерге күніне 3 рет 0,5-1 г. Емдеу курсының ұзақтығы 1-3 ай. Эпилепсия кезінде: 0,5-1 г күніне 3-4 рет күн сайын ұзақ уақыт бойы (6 айға дейін). Гиперкинез (тартылулар) кезінде: күніне 1,5-3 г күн сайын 1-5 ай бойы. Несеп шығару бұзылыстары кезінде: күніне 2-3 рет 0,5-1 г (тәуліктік доза 2-3 г). Емдеу курсының ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін (бұзылыстар айқындылығына және емдік әсеріне байланысты). Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: 0,25 г-дан күніне 3-4 рет. Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: 0,25 г-нан күніне 3 рет. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат 6 жастан асқан балаларда қолданылады. Анағұрлым ерте жастағы балаларға препаратты сұйық дәрілік түрінде қабылдау ұсынылады. Бір реттік доза 0,25-0,5 г; тәуліктік доза – 0,75-3 г. Ақыл-ой кемістігі кезінде: 0,5 г күніне 4-6 рет, 3 ай бойы; сөйлеу дамуының кешеуілдеуі кезінде 0,5 г күніне 3-4 рет 2-3 ай бойы. Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерлерін түзеткіш ретінде): күніне 3-4 рет 0,25-0,5 г. Емдеу курсының ұзақтығы 1-3 ай. Эпилепсия кезінде: 0,25-0,5 г күніне 3-4 рет күн сайын ұзақ уақыт бойы (6 айға дейін). Гиперкинез (тартылулар) кезінде: күніне 0,25-0,5 г 3-6 рет, 1-4 ай бойы. Несеп шығару бұзылыстары кезінде: 0,25-0,5 г (тәуліктік доза 25-50 мг/кг). Емдеу курсының ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін (бұзылыстар айқындылығына және емдік әсеріне байланысты). Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: 0,25 г-дан күніне 3-4 рет. Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: 0,25 г-нан күніне 3 рет. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақтан кейін 15-30 минуттан соң. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсын қайталап жүргізуге болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.