+186 бонус

ПАНТОКАЛЬЦИН 250 мг №50 таб

3720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Валента Фармацевтика ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – гопантен қышқылы 250 мг, қосымша заттар: магний гидроксикарбонаты, кальций стеараты, тальк, картоп крахмалы.
Қолданылуы
мидың органикалық зақымданулары және невроздық бұзылыстар кезіндегі когнитивті бұзылулар ми қан тамырларының атеросклероздық өзгерістерден туындаған цереброваскулярлық жеткіліксіздікті кешенді емдеу құрамында; сенильді деменция (бастапқы түрі), ересек жастағы және егде жастағы адамдарда мидың резидуальді органикалық зақымданулары шизофрениямен ауыратын науқастардағы церебральді органикалық жеткіліксіздік (нейролептиктермен, антидепрессанттармен біріктіріп) жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарда экстрапирамидті гиперкинез (Гентингтон хореясы, гепатоцеребральді дистрофия, Паркинсон ауруы және т. б.) бастан өткерген нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары (кешенді ем құрамында) нейролептиктердің жағымсыз әсерін түзету үшін және "бүркемелеу емі" ретінде бір мезгілде профилактикалық мақсатта; экстрапирамидтік нейролептикалық синдром (гиперкинетикалық және акинетикалық) психикалық үдерістер баяу дамитын эпилепсия (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілімде) психоэмоциялдық жүктемелер, ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі; зейін қою мен есте сақтауды жақсарту үшін несеп шығару бұзылыстары: энурез, күндізгі несепті ұстай алмау, поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу ақыл-ой кемістігі бар балаларда (психикалық, сөйлеу, моторлы даму іркілісі немесе олардың біріктірілімдері), балалардың церебральді салдануы; кекештену (көбіне клонус түрінде болатын); эпилепсия кезінде (құрысуға қарсы препараттармен біріктірілген ем құрамында, әсіресе полиморфты ұстамалар мен шағын эпилепсиялық ұстамалар кезінде)
Қарсы көрсетілімдер
кальций гопантенатына немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық бүйректің жедел ауыр аурулары жүктілік бала емізу кезеңі 6 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түрі үшін)
Дозасы
Ересектерге арналған бір реттік доза 0,5-1 г, балалар үшін - 0,25-0,5 г; ересектерге арналған тәуліктік доза - 1,5-3 г, балалар үшін - 0,75-3 г. Балаларға, ақыл-ой кемістігі кезінде: 0,5 г. Балаларға, сөйлеу дамуының кешігуі кезінде: 0,5 г. Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерін түзеткіш ретінде): ересектерге 0,5-1 г, балаларға - 0,25-0,5 г. Эпилепсия кезінде: балаларға 0,25-0,5 г, ересектерге 0,5-1 г. Гиперкинез кезінде (тартылулар): балаларға 0,25-0,5 г, ересектерге 1,5-3 г. Несеп шығару бұзылыстары кезінде: ересектерге 0,5-1 г (тәуліктік доза 2-3 г), балаларға 0,25-0,5 г (тәуліктік доза 25-50 мг/кг). Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: 0,25 г. Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттін қалпына келтіру үшін: 0,25 г. Балаларға дозаны дәрігер жекелей (клиникалық көрсетілімдерге байланысты) тағайындайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке, тамақтан кейін 15-30 минуттан соң. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Балаларға, ақыл-ой кемістігі кезінде: күніне 4-6 рет. Балаларға, сөйлеу дамуы кешеуілдеген кезде: күніне 3-4 рет. Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерін түзеткіш ретінде): ересектерге күніне 3 рет, балаларға - күніне 3-4 рет. Эпилепсия кезінде: балаларға күніне 3-4 рет, ересектерге күніне 3-4 рет, күн сайын. Гиперкинез кезінде (тартылулар): балаларға күніне 3-6 рет, ересектерге тәуліктік дозаны 2-3 қабылдауға бөлуге болады. Несеп шығару бұзылыстары кезінде: күніне 2-3 рет. Нейроинфекция және бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: күніне 3-4 рет. Жоғары жүктемелер мен астениялық күйлерде өнімділікті қалпына келтіру үшін: күніне 3 рет. Балалар үшін емдеу режимін дәрігер жеке тағайындайды (клиникалық көрсетілімдерге байланысты). Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығы 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда - 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсын қайталап жүргізуге болады. Балалар үшін емдеу режимін дәрігер жеке тағайындайды (клиникалық көрсетілімдерге байланысты). Балаларға, ақыл-ой кемістігі кезінде: емдеу курсының ұзақтығы 3 ай. Балаларға, сөйлеу дамуы кешеуілдеген кезде: емдеу курсының ұзақтығы 2-3 ай. Нейролептикалық синдром кезінде (нейролептикалық дәрілердің жағымсыз әсерін түзеткіш ретінде): емдеу курсының ұзақтығы 1-3 ай. Эпилепсия кезінде: ұзақ уақыт бойы (6 айға дейін). Гиперкинез кезінде (тартылулар): балаларда емдеу курсының ұзақтығы 1-4 ай, ересектерде 1-5 ай. Несеп шығару бұзылыстарында: емдеу курсының ұзақтығы 2 аптадан 3 айға дейін (бұзылулардың айқындығына және емдік әсеріне байланысты).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.