+200 бонус

ПАНТОГАМ 250 мг №50 таб

4015 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие психостимуляторы и ноотропные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: ПИК-ФАРМА ПРО ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: 250 мг кальций гопантенаты (Пантогам®); қосымша заттар: метилцеллюлоза, кальций стеараты, магний гидроксикарбонаты, тальк.
Қолданылуы
мидың органикалық зақымдануында болатын когнитивті бұзылуларда (оның ішінде нейрожұқпалар мен бас-сүйек ми жарақаттарында) және невроздық бұзылуларда; церебральдық-органикалық жеткіліксіздігі бар шизофренияда; ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінен болған цереброваскулярлық жеткіліксіздікте; экстрапирамидтік бұзылуларда (миоклонус-эпилепсияда, Гентингтон хореясында, гепатолентикулярлы дегенерацияда, Паркинсон ауруында және т.б.), сондай-ақ нейролептиктерді қабылдаудан болған экстрапирамидтік (гиперкинетикалық және акинетикалық) синдромды емдеу мен алдын алуда; психикалық үдерістері баяулаған эпилепсияда құрысуға қарсы препараттармен біріктіріп емдеуде; психоэмоциялық жүктемелерде, ақыл-ой және дене жұмыс қабілеті төмендегенде, зейінді жұмылдыруды және есте сақтауды жақсарту үшін; несеп шығарудың нейрогендік бұзылуларында (поллакиурияда, императивті несеп шығарғысы келу, императивті несепті ұстап тұра алмау, энурезде); перинатальді энцефалопатиясы бар балаларда, түрлі дәрежеде білінетін ақыл кемістігі, даму (психикалық, сөйлеу, моторлы немесе олардың бірігуінде) іркілісі, балалар церебральді салдануының түрлі формалары бар балаларға, гиперкинетикалық бұзылуларда (зейін бөлу тапшылығы бар асқын белсенділік синдромында), неврозға ұқсас жағдайларда (көбіне клоникалық түрде болатын кекештенуде; жыбырлап тартылуда). Препарат 4 жастан асқан балаларға қолданылады. Анағұрлым ерте жаста препаратты сироп түрінде қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
препаратқа жоғары сезімталдық бүйректің ауыр жедел ағымды аурулары қан көрінісінің айқын өзгеруі 4 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Қолдану тәсілі мен дозалары Тамақтанудан кейін 15-30 минуттан соң ішу керек. Ересектерге арналған бір реттік дозасы әдетте 0,25-1 г, балаларда 0,25-0,5 г құрайды; ересектерге арналған тәуліктік дозасы – 1,5-3 г, балалар үшін – 0,75-3 г. Емдеу курсы – 1 айдан 4 айға дейін, жекелеген жағдайларда – 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін емдеу курсы қайталануы мүмкін. Эпилепсияда құрысуға қарсы дәрілермен біріктірілетін тәуліктік доза 0,75 г-нан 1 г-ға дейін. Емдеу курсы 1 жылға дейін және одан да ұзақ. Экстрапирамидтік нейролептикалық синдромда жүргізілетін еммен біріктірілген тәуліктік дозасы 3 г-ға дейін, емдеу ұзақтығы бірнеше айға созылады. Тұқым қуалайтын жүйке жүйесінің ауруы бар науқастардағы экстрапирамидті гиперкинезде жүргізілетін еммен біріктіріп қолданылатын тәуліктік дозасы 0,5 г-нан 3 г-ға дейін. Емдеу курсы 4 айға дейін және одан да ұзақ. Нейрожұқпалар мен бас-сүйек ми жарақаттарының зардаптарында тәулігіне 3-4 рет 0,25 г-нан. Жоғары жүктемелерде және астениялық жағдайларда жұмысқа қабілетін қалпына келтіру үшін Пантогамды тәулігіне 3 рет 0,25 г-нан тағайындайды. Нейролептиктерді қабылдаудан болған экстрапирамидтік синдромды емдеу үшін: ересектерге күніне 3 рет 0,5-1 г-нан, балаларға - күніне 3-4 рет 0,25-0,5 г-нан. Емдеу курсы – 1-3 ай. Жыбырлап тартылуда: балаларға күніне 3-6 рет 0,25-0,5 г-нан, 1-4 ай бойы. Несеп шығару бұзылғанда: ересектерге күніне 2-3 рет 0,5-1 г-нан, балаларға 0,25-0,5 г-нан (тәуліктік доза 25-50 мг/кг құрайды). Емдеу курсы 1 айдан 3 айға дейін. Жүйке жүйесінің түрлі патологиясы бар балаларға жасына қарай препаратты 1-3 г дозада тағайындау керек. Препаратты тағайындау тактикасы: 7-12 күн бойы дозаны арттырып отыру, 15-40 күн бойы ең жоғарғы дозада қабылдау және Пантогамды тоқтатқанға дейін 7-8 күн бойы дозаны біртіндеп азайту. Пантогамды қабылдау курстары аралығындағы үзіліс, кез келген басқа ноотропты дәрілердегідей, 1 айдан 3 айға дейінді құрайды. Ұзақ емдеу жағдайларында препаратты басқа ноотропты және стимуляциялаушы дәрілермен бір мезгілде тағайындауға болмайды. Препараттың ноотропты әсерін ескере отырып, оны таңертеңгі және күндізгі уақыттарда қабылдаған дұрыс. Ұсынылатын ең жоғары доза Ересектерге: тәулігіне 3,0 г Балаларға: 4-тен 7 жасқа дейін (г/тәул.) 7 жастан асқан (г/тәул.) 1,5 2,0 4 жасқа дейінгі балаларға таблеткалық түрі тағайындалмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.