+336 бонус

ПАНТОГАМ 100 мг/мл 100 мл раствор

6730 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО ПИК-ФАРМА ЛЕК
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат: кальций гопантенаты (Пантогам ®) 100 мг, қосымша заттар: глицерин (100 % шаққанда), сорбит, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, аспартам, «Шие 667 » тағамдық хош иістендіргіші, тазартылған су.
Қолданылуы
Пантогам, ішуге арналған ерітінді ересектер мен туғаннан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді терапия ретінде қолдануға арналған: өмірінің алғашқы күнінен перинатальді энцефалопатиясы бар балаларда; балалардағы церебральді салданудың әр түрлі түрлерінде; түрлі дәрежеде білінетін, оның ішінде мінез-құлық бұзылулары болатын ақыл-ой кемістігінде; психикалық дамудың жалпы кідіруі, сөйлеудің спецификалық бұзылулары, қозғалыс функциялары және олардың үйлесуі, мектеп дағдыларын қалыптастыру (оқу, жазу, санау және т.б.) түрінде балаларда психологиялық статустың бұзылуларында; гиперкинездік бұзылыстарда, оның ішінде зейін қою тапшылығы бар аса жоғары белсенділік синдромында; неврозға ұқсас жағдайларда (көбіне клонустық түрде болатын кекештену, тартылу, органикалық емес энкопрез және энурез кезінде); ми қантамырларының атеросклероздық өзгерістерінің салдарынан сенильдік деменцияның бастапқы түрлері кезінде, шығу тегі жарақаттық, уытты, нейроинфекциялық болатын мидың органикалық зақымдануларында мнестикалық-интеллектуалдық өнімділіктің төмендеуінде; церебральді органикалық жеткіліксіздігі бар шизофренияда (психотропты препараттармен кешенде); мидың органикалық ауруларындағы экстрапирамидалық бұзылуларда (миоклонус-эпилепсия, Гентингтон хореясы, гепатолентикулярлық дегенерация, Паркинсон ауруы және т.б.), сондай-ақ нейролептиктерді қабылдаудан туындаған экстрапирамидалық синдромды емдеу мен профилактикасы үшін; антиконвульсанттармен бірге психикалық процестерінің баяулауымен және когнитивті өнімділіктің төмендеуімен эпилепсияда; психоэмоционалды шамадан тыс жүктемеде, ақыл-ой мен физикалық жұмыс қабілеттілігінің төмендеуінде, зейін қоюдың шоғырлануы және есте сақтауды жақсарту үшін; несеп шығарудың нейрогендік бұзылуларында (поллакиурия, императивті несеп шығаруға қысылу, императивті несеп ұстамау).
Қарсы көрсетілімдер
кальций гопантенатына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; бүйректің жедел ауыр аурулары; фенилкетонурия (құрамында аспартам бар); фруктоза жақпаушылығы (құрамында сорбит бар); жүктілік (1 триместр) және бала емізу кезеңі.
Дозасы
Ересектер Ересектер үшін бір реттік доза әдетте 2,5–15 мл (0,25–1,5 г), тәуліктік доза – 5-30 мл (0,5–3 г). Емдеу тактикасы дозаны 7 күн ішінде арттыруды, ұсынылған дозада қабылдауды негізгі емдеу курсы бойына дозаны 7 күн ішінде тоқтатқанға дейін біртіндеп төмендетуді көздейді. Шизофренияда психотропты препараттармен біріктірілімде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г). Емдеу курсы-1-3 ай. Эпилепсия кезінде антиконвульсанттармен біріктірілімде: тәулігіне 7,5–10 мл (0,75-1 г). Емдеу курсы - 1 жылға дейін немесе одан да ұзақ. Экстрапирамидалық бұзылулармен қатар жүретін нейролептикалық синдром кезінде: тәуліктік доза – 30 мл дейін (3 г дейін), бірнеше ай бойы емдеу. Жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар науқастарда экстрапирамидалық гиперкинез кезінде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г). Емдеу курсы - 4 айға дейін немесе одан да көп. Нейроинфекциялар мен бассүйек-ми жарақаттарының салдары кезінде: тәулігіне 5-30 мл (0,5–3 г). Жоғары жүктемелер мен астениялық жағдайларда жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру үшін: тәулігіне 3 рет 2,5–5 мл (0,25–0,5 г). Несеп шығару бұзылыстарында: 5-10 мл (0,5–1 г) күніне 2-3 рет. Емдеу курсы - 1-4 ай, кейде 6 айға дейін. 3-6 айдан кейін қайта емдеу курсын жүргізуге болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларға арналған бір реттік доза–1-15 мл (0,1 – 1,5 г), тәуліктік доза–1-30 мл (0,1-3 г). Жүйке жүйесінің жасына және патологиясына байланысты ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 30-50 мг/кг құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.