+912 бонус

ПАНТИН 40 мг лиофилизат д/приг.р-ра д/ин. №10 фл

9:00-ден кейін қолжетімді
18250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: АСПИРО ФАРМА ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – 45,16 мг пантопразол натрий сесквидраты 42,3 мг натрий пантопразолына баламалы (40 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: динатрий эдетаты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- рефлюкс-эзофагитте - асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында -Золлингер-Эллисон синдромында және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайларда
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді затына, орын басқан бензимидазолдарға және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (ГЭРА) Ұсынылатын доза тәулігіне 40 мг вена ішіне енгізу арқылы (тәулігіне 1 құты 1 рет). Золлингер-Эллисон синдромы және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар Золингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайларды ұзақ емдегенде емдеудің басында ұсынылған тәуліктік доза вена ішіне 80 мг пантопразолды құрайды. Осыдан кейін дозаны асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады. Препаратты 80 мг-ден жоғары тәуліктік дозада қолданған жағдайда доза бөлінуі және күніне екі рет енгізілуі мүмкін. Тәуліктік дозаны 160 мг пантопразолға дейін уақытша арттыруға болады, бірақ қышқылдықты талапқа сай бақылау үшін талап етілгеннен артық ұсынылған мерзімнен артық қолданбаған жөн. Егер қышқылдықты жылдам бақылау қажет болған жағдайда, пантопразолдың 80 мг-нан күніне 2 рет ұсынылатын бастапқы дозасы пациенттердің көпшілігінде бір сағат ішінде қышқылдықты қалыпқа дейін (<10 мгЭкв/сағ) төмендету үшін жеткілікті. Енгізу әдісі мен жолы Қолдануға дайын ерітінді құрамында ұнтақ бар құтыға инъекцияға арналған 10 мл натрий хлориді 9 мг/мл (0,9%) ерітіндісін құю арқылы дайындалады. Қалпына келтірілгеннен кейін препарат түссіз немесе сарғыш мөлдір сұйықтық болып табылады. Бұл ерітіндіні тікелей (вена ішіне ағынмен) немесе инъекцияға арналған 100 мл 9 мг/мл (0,9%) натрий хлориді ерітіндісімен немесе инъекцияға арналған 55 мг/мл (5%) глюкоза ерітіндісімен (вена ішіне тамшылатып) араластырғаннан кейін енгізуге болады. Сұйылту үшін шыны немесе пластик контейнерлерді пайдалану керек. Қалпына келтірілгеннен немесе қалпына келтірілгеннен және сұйылтылғаннан кейін химиялық және физикалық тұрақтылық 25°C температурада 12 сағат ішінде көріністелді. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препарат дайындалғаннан кейін бірден пайдалану керек. ПАНТИН препаратын жоғарыда айтылғандардан басқа еріткіштермен араластыруға болмайды. Препаратты вена ішіне 2-15 минут ішінде енгізу керек. Құтының ішіндегісі тек бір рет пайдалануға арналған. Контейнерде қалған немесе сыртқы түрі өзгерген кез келген препарат (мысалы, бұлыңғырланған немесе тұнба түзілгені байқалса) жергілікті талаптарға сәйкес жойылуы керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.