+104 бонус

ПАНТЕНОЛ 116 г спрей

2090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Декспантенол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: Микрофарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында белсенді зат - декспантенол 4,310 г қосымша заттар: эмульгациялайтын цетостеарил спирті (А типті), метилпарагидроксибензоат, макроголглицерол кокоаты, пропиленгликоль, калий дигидрофосфаты, динатрий фосфаты додекагидраты, тазартылған су, хладон 134а.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен балаларда терінің әртүрлі зақымдануы кезінде, оның ішінде: - сыдырылған жараларда, тері сызаттарында - операциядан кейінгі асептикалық жарақаттарда - нашар бітісетін тері трансплантаттарында - трофикалық ойық жараларда - күн және термиялық күюлерде - сулы бөртпелі дерматоздарда (тұрпайы сулы бөртпе, жапырақ тәрізді сулы бөртпе, Дюринг дерматиті, Левер пемфигоиды) - ойық жаралар мен эрозиямен қатар жүретін дерматоздарда - ультракүлгін сәулеленуден туындаған еріннің қарапайым герпесінде (herpes labialis solaris) - жауыржараларда - сәулеленуден кейінгі терінің сәулелік асқынуларының профилактикасында қолданылады Жаралар мен күюлерді емдеуде препаратты регенерация (жарақат процесінің екінші фазасы) сатысында қолданады.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - көзге қолдануға болмайды
Дозасы
Жергілікті. Күнге күю және дерматологиялық аурулар кезінде препарат теріге сіңгенге дейін көбікті зақымданған беткейге жеңіл іс-қимыл арқылы жағады. Препаратты күніне 3-4 рет қолданады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың түрі мен ағымына байланысты. Түйіршікті күюлерді, жарақаттарды және экссудациясы әлсіз трофикалық ойық жараларды емдеу кезінде препаратты қолданар алдында жарақат беткейін экссудаттан және некроздалған тіндерден тазартады, 3% сутегі асқын тотығының, фурацилиннің 1:5000 немесе 0,05% хлоргексидин биглюконатының ерітіндісімен жуып-шаяды және құрғатады. Көбікті қалыңдығы 1,0-1,5 см біркелкі қабатпен қолданады, осылайша бүкіл зақымданған беткейі көбікпен жабылады және стерильді дәке таңғышты таңады. Таңғыштарды ауыстыруды күюлерді емдеу кезінде 1-2 тәулікте 1 рет және жарақаттар мен трофикалық ойық жараларды емдеу кезінде тәулігіне 1 рет жүргізеді. Күюлерді емдеудің ашық әдісімен көбік күніне 1-2 рет қолданылады. Емдеу ұзақтығы жарақаттар эпителизациясының динамикасымен анықталады. Сәулеленуге ұшыраған науқастардағы сәулелік асқынулардың профилактикасы үшін препаратты сәулеленген беткейге және оның айналасындағы теріге сәулелендіру курсы бойына сәулеленуден кейін күніне 3-4 рет, сондай-ақ ол аяқталғаннан кейін 10-14 күн бойы жағады. Енгізу әдісі мен жолы Пантенол аэрозолін зақымданған аймаққа күніне бір немесе бірнеше рет қолданады. Қолданар алдында аэрозоль контейнерін бірнеше рет қатты сілкиді және сақтандыру қалпақшасын алып тастайды. Қондырманы зақымданған аймаққа жақындатады және 1-2 секунд бойы 10-20 см қашықтықтан препаратты біркелкі бүрки отырып, қондырмаға ақырындап басады. Бүрку кезінде контейнерді қондырма жоғарғы жағында болатындай етіп, тік ұстау керек. ДП-ты бірінші рет қолданған кезде, әдеттегі көбік пайда болғанға дейін қысқа уақыт ішінде тек пропеллент шашыратылуы мүмкін. Күнге күю және дерматологиялық аурулар кезінде препарат теріге сіңгенге дейін көбікті зақымданған беткейге жеңіл іс-қимыл арқылы жағады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың түрі мен ағымына байланысты. Бетіңізге жағу кезінде ДП тікелей бүркуге болмайды. Көбікті қолыңызбен беттің тиісті аймағына жағу ұсынылады. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты күніне 3-4 рет қолданады. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы патологияның түріне байланысты және 2-3 күннен 3-4 аптаға дейін құрауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.