+71 бонус

ПАНТАЗ 40 мг №10 таб

1435 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Медлей Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - пантопразол натрий сесквигидраты, 45,20 мг (40,00 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: маннитол, гидроксипропилцеллюлоза, сусыз натрий карбонаты, кальций стеараты, кросповидон, қабығының құрамы: эудражит L-100 55, дибутилфталат, тазартылған тальк, гипромеллоза Е5, макрогол 6000, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172).
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолдануға арналған: - рефлюкс-эзофагитте Ересектерге: - Helicobacter pylori эрадикациясында бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде - асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында Золлингер-Эллисон синдромында немесе асқазанның патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайларда
Қарсы көрсетілімдер
- пантопразолға, басқа орынбасқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану - жүктілік және емшек емізу кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға Рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін тәулігіне 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болған жағдайда, әсіресе емдеуге клиникалық реакция болмаған пациенттер үшін дозасын тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ұсынылатын емдеу курсы 4 апта, қажет болған жағдайда емдеуді тағы 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Ересектер Helicobacter pylori эрадикациясы Helicobacter pylori эрадикациясына асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде қолайлы екі антибиотикпен біріктіріп емдеу арқылы қол жеткізуге болады. Бактериялардың резистенттілігіне және бактерияға қарсы препараттарды тиісінше пайдалану мен тағайындауға қатысты ресми нұсқаулықтарды (мысалы, ұлттық ұсынымдарды) ескеру керек. Резистенттіліктің сипатына байланысты, H. Pylori емдеу үшін келесі біріктірілімдерді ұсынуға болады: а) Пантаз 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет + амоксициллин 1000 мг-ден тәулігіне 2 рет + кларитромицин 500 мг-ден тәулігіне 2 рет б) Пантаз тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан + метронидазол тәулігіне 2 рет 400 - 500 мг-ден (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин тәулігіне 2 рет 250 - 500 мг-ден в) Пантаз тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан + амоксициллин тәулігіне 2 рет 1000 мг-ден + метронидазол тәулігіне 2 рет 400 - 500 мг-ден (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем жағдайында екінші таблетка кешкі ас ішкенге дейін 1 сағат бұрын қабылдануы тиіс. Біріктірілген ем 7 күн бойы жүргізіледі және тағы 7 күн жалғастыруға болады (жалпы емдеу ұзақтығы 2 аптаға дейін). Препаратты он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасы кезінде дозалау жөніндегі нұсқауларды қарастырғаннан кейін ары қарай емдеуге болады. H. рylori-ге теріс нәтиже берген пациенттерде Пантаз препаратының монотерапиясында келесі дозалары пайдаланылуы мүмкін. Асқазанның ойық жара ауруын емдеу Тәулігіне 1 таблеткадан, кейбір жағдайларда, соның ішінде емдеу тиімсіз болғанда, Пантазды тәулігіне 2 таблеткадан тағайындауға болады. Асқазанның ойық жарасын емдеуге қажетті емдеу курсы 4 апта. Егер бұл жеткіліксіз болса, жақсаруына әдетте келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Тәулігіне 1 таблеткадан, кейбір жағдайларда, соның ішінде емдеу тиімсіз болғанда, Пантаз тәулігіне 2 таблеткадан тағайындауға болады, онда жазылуға әдетте, емдеудің келесі 2 аптасында қол жеткізілуі мүмкін. Егер 2 апталық емдеу кезеңі жеткіліксіз болса, жақсаруға барлық жағдайларда дерлік, келесі 2 апта ішінде қол жеткізіледі. Золлингер-Эллисон синдромы және басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромын немесе басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайларды ұзақ емдеу үшін емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг-ден 2 таблетка) бастаған жөн. Содан соң, қажет болған жағдайда, дозаны асқазан сөлі қышқылдылығының көрсеткіштеріне байланысты арттыруға немесе азайтуға болады. Тәулігіне 80 мг асатын дозаларын бөлу және тәулігіне екі рет қолдану керек. Пантопразолдың дозасын уақытша 160 мг-ден арттыруға болады, бірақ ол қышқылдылықтың жеткілікті бақылануына қол жеткізу үшін талап етілетіннен ұзаққа созылмауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы немесе басқа да патологиялық гиперсекрециялық жағдайлар кезінде емдеу ұзақтығы шектеулі емес, және емдеу мерзімі клиникалық қажеттілікке байланысты анықталуы мүмкін. Балалар Аталған жас тобындағы қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде деректердің жеткіліксіздігіне байланысты, пантапразол 12 жасқа толмаған балаларда қолдану үшін ұсынылмайды. Басқа көрсетілімдер кезінде балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылуының клиникалық деректері жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде пантопразолдың тәуліктік дозасын 20 мг (20 мг пантопразолдың 1 таблеткасы) асырмау керек. Осыған байланысты, пациенттердің аталған тобында пантопразолды 40 мг дозада қолдану ұсынылмайды. Пантапрозолмен емдеу кезінде, әсіресе, препаратты ұзақ қолданғанда бауыр ферменттерінің деңгейін тұрақты түрде бақылау керек. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған жағдайда емдеуді тоқтату керек. Пантопразол бауырдың орташа немесе ауыр дисфункциясы бар пациенттерде H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде пайдаланылмауы тиіс, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттердегі біріктірілген ем кезінде пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксізділігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Пантопразол бүйрек функциясы бар пациенттерде H. Pylori жою үшін біріктірілген емде пайдалануға болмайды, себебі қазіргі уақытта осы уақытта осы пациенттердегі біріктірілген ем кезінде пантопразолдың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішекте еритін Пантаз таблеткаларын шайнамау немесе тістеп уатпау керек; олар тұтастай жұтылуы және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен ішіп қабылдануы тиіс. Препаратты тамақтанар алдында 1 сағат бұрын қабылдау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.