+181 бонус

ПАНТАСАН 40 мг №30 таб

3620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Сан Фармасьютикал Индастриз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - натрий пантопразолы сесквигидраты 45.113 (40.00 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, маннитол (Powder grade), кросповидон (PPXL), гидроксипропилцеллюлоза – L, тазартылған су, маннитол (Pearlitol SD 200), микрокристалды целлюлоза (РН 112), кальций стеараты ішкі қабықтың құрамы: Opadry 02H52369 Yellow (Опадри 02Н52369 Сары): гипромеллоза 5 сР, пропиленгликоль, повидон, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172) ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылы - этилакрилат кополимері (1:1) дисперсия 30 %, триэтилцитрат, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), тальк, тазартылған су
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер - гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы (рефлюкс-эзофагит) Ересектер бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде Helicobacter pylori эрадикациясында асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында Золлингер-Эллисон синдромында немесе асқазанның патологиялық гиперсекрециясымен сипатталатын басқа да жағдайларда
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа және орнын алмастыратын басқа да бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық пантопразолды атазанавирмен бірге қолдану
Дозасы
Рефлюкс-эзофагит Күніне 1 рет 1 таблеткадан (40 мг) қолдану ұсынылады. Жекелеген жағдайларда доза күніне 2 таблеткаға дейін ұлғайтылуы мүмкін. Рефлюкс-эзофагитін емдеу үшін 4 апталық емдеу курсы қажет. Қажет болса, емдеу тағы 4 апта бойы жалғасады. Ересектерге Helicobacter pylori эрадикациясы H. pylori-мен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде бактерияның эрадикациясын біріктірілген ем арқылы жүргізілуі керек. Тағайындау кезінде емдеудің ресми жергілікті қағидаттарын, бактерияларға резистенттілікке, бактерияға қарсы дәрілердің тиісінше пайдалануға және тағайындауға қатысты ұлттық ұсынымдарды ескеру керек. Резистенттілікті байланысты H. pylori эрадикациясы үшін мынадай біріктірілімдер ұсынылады: 1) Пантасан тәулігіне 2 рет 40 мг + амоксициллин тәулігіне 2 рет 1000 мг + кларитромицин тәулігіне 2 рет 500 мг 2) Пантасан тәулігіне 2 рет 40 мг + метронидазол тәулігіне 2 рет 400 - 500 мг (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин тәулігіне 2 рет 250– 500 мг 3) Пантасан тәулігіне 2 рет 40 мг + амоксициллин тәулігіне 2 рет 1000 мг + метронидазол тәулігіне 2 рет 400-500 мг (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген ем кезінде Пантасанның екінші таблеткасын (40 мг) кешкі асқа дейін 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем әдетте 7 күнге тағайындалады, бірақ жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін тағы 7 күнге ұзартылуы мүмкін. Ойық жараларды емдеу үшін пантопразолмен одан әрі емдеуді тағайындаған кезде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде дозалау жөніндегі ұсыныстарды қарау қажет. Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруында күніне 1 таблеткадан (40 мг). Кейбір жағдайларда дозаны күніне 2 таблеткаға (80 мг) дейін, әсіресе басқа препараттармен емдеу тиімділігі болмаған кезде, арттыруға болады. Асқазан жарасын емдеу үшін 4 апталық емдеу курсы қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, курс келесі 4 аптаға созылады. Золлингер-Эллисон синдромы және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жағдайларды ұзақ емдегенде емдеуді 80 мг тәуліктік дозадан (40 мг-нан 2 таблетка) бастаған жөн. Осыдан кейін дозаны тұз қышқылының секреция деңгейіне байланысты қажет болған жағдайда көбейтуге немесе азайтуға болады. Күніне 80 мг жоғары дозаларда дозаны күніне екі қабылдауға бөлу керек. Пантопразолдың тәуліктік дозасын 160 мг-ден артық, бірақ асқазан секрециясын талапқа сай бақылау кезеңіне қажет мөлшерден артық емес мерзімге уақытша арттыруға болады. Золлингер-Эллисон синдромын және асқазан секрециясының жоғарылауымен байланысты басқа патологиялық жағдайларды емдеу ұзақтығы шектелмейді және клиникалық қажеттілікке байланысты бейімделуі керек. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, тамақ ішуге 1 сағат бұрын, аз мөлшерде сумен жұту керек. Егер препарат қабылданбаса, кейінге қалдырылған доза қабылданбауы тиіс. Емдеу тағайындалған дозаға сәйкес келесі қабылдаудан жалғастырылуы тиіс. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Препаратты тамақтану алдында қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы Науқастардағы симптоматикалық жақсару препаратпен емдеудің шамамен бір күнінен кейін басталуы мүмкін, бірақ симптомдардың толық жойылуына қол жеткізу үшін 7 күн қажет болуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде H. pylori эрадикациясы үшін бактерияға қарсы препараттармен біріктірілген емде Пантасанды қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта аталған пациенттерде біріктірілген ем кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәуліктік доза 20 мг пантопразолдан (20 мг пантопразолдың 1 таблеткасы) аспауы тиіс. Емдеу кезінде, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, бауыр ферменттерінің деңгейін үнемі бақылау керек. Бауыр ферменттерінің деңгейі жоғарылаған жағдайда Пантасанды тоқтату керек. Орташа немесе ауыр бауыр дисфункциясы бар пациенттерде H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде Пантасанды қолдануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта аталған пациенттерде біріктірілген ем кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бала жастағы пациенттер Балаларда қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректердің жеткіліксіздігіне байланысты рефлюкс-эзофагит, симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы кезінде 12 жасқа дейінгі балаларда пантопразолды қолдану ұсынылмайды. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Helicobacter pylori эрадикациясы, Золлингер-Эллисон синдромы кезінде, селективті емес ҚҚСП туындатқан асқазан мен он екі елі ішектің эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларының алдын алу үшін 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде пантопразолды қолдану туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.