+88 бонус

ПАНТАП 40 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1760 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 45.10 мг натрий пантопразолы сесквигидраты (40.00 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: сусыз натрий фосфаты, IsoMalt LM-PF, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7MXF, кросповидон CL, натрий стеарил фумараты үлбірлі қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза 603 Вт (Pharmacoat 603 White), повидон К25, №9 үлбірлі жабынға арналған материал (Sepisperse AP3232 Juane Yellow) ішекте еритін үлбірлі жабын: метакрил қышқылының этилакрилат сополимері (Eudragit L30D-55 (30%)), триэтилцитрат (Цитрофлекс), симетикон эмульсиясы 30% №9 үлбірлі жабын құрамы (Sepisperse AP3232 Juane Yellow): гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастан бастап және одан асқан балаларда мыналарды емдеу үшін қолдануға көрсетілген: рефлюкс-эзофагит Ересектерде қолдануға көрсетілген: асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа патологиялық жай-күйлер Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы, Н.pylori-мен астасқан он екі елі ішек және асқазанның ойық жарасында бактерияға қарсы тиісті еммен біріктірілімде
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың белсенді компоненттеріне, алмастырылған бензимидазолдарға, қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер және 12 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдер Рефлюкс-эзофагит Күніне бір таблетка пантопразол. Жекелеген жағдайларда, әсіресе, басқа емдеуге жауап болмаса, дозаны екі еселеуге болады (күніне 2 пантопразол таблеткасына дейін арттыру). Рефлюкс-эзофагитті емдеуге, әдетте, 4 апталық кезең қажет болады. Егер бұл жеткіліксіз болса, әдетте, жазылуға келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Ересек адамдар Екі тиісті антибиотикпен біріктірілген H. рylori эрадикациясы Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар H. pylori-оң нәтижелі пациенттерде біріктірілген ем көмегімен қол жеткізуге болады. Бактериялық төзімділік және бактерияға қарсы препараттарды талапқа сай пайдалану мен тағайындау ескерілген ресми жергілікті нұсқауларды да (мысалы, ұлттық ұсынымдар) есепке алу керек.  Кедергілік сипатына қарай H. рylori жойылуы үшін келесі біріктірілімдерді ұсынуға болады: а) 1 таблетка пантопразол күніне 2 рет + 1000 мг амоксициллин күніне 2 рет + 500 мг кларитромицин күніне 2 рет б) 1 таблетка пантопразол күніне 2 рет + 400 - 500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) күніне 2 рет + 250 - 500 мг кларитромицин күніне 2 рет в) 1 таблетка пантопразол күніне 2 рет + 1000 мг амоксициллин күніне 2 рет + 400 - 500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) күніне 2 рет H. pylori инфекциясын эрадикациялау мақсатында біріктірілген ем үшін пантопразолдың екінші таблеткасын кешкі астан 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем, жалпы алғанда, 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы ұзақтығы екі аптаға дейін тағы 7 күнге ұзартуға болады. Егер ойық жараның жазылуын қамтамасыз ету үшін пантопразолмен одан әрі емдеу көрсетілсе, он екі елі ішек және асқазанның ойық жараларына арналған доза жөніндегі ұсынымдар қарастырылу керек. Егер біріктірілген ем сай келмесе, мысалы, егер пациентте H. pylori нәтижесі теріс болса, пантопразолмен монотерапия үшін дозалау бойынша келесі ұсынымдар қолданылады: Асқазанның ойық жаралы ауруын емдеу Күніне бір таблетка пантопразол. Жекелеген жағдайларда, әсіресе, егер басқа емдеуге жауап болмаса, дозаны екі еселеуге болады (күніне 2 пантопразол таблеткасына дейін арттыру). Асқазан ойық жараларын емдеуге, әдетте, 4 апталық кезең қажет болады. Егер бұл жеткіліксіз болса, әдетте, жазылуға келесі 4 апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Күніне бір таблетка пантопразол. Жекелеген жағдайларда, әсіресе, егер басқа емдеуге жауап болмаса, дозаны екі еселеуге болады (күніне 2 пантопразол таблеткасына дейін арттыру). Он екі елі ішектің ойық жарасы, әдетте, 2 апта ішінде жазылады. Егер 2 апталық емдеу кезеңі жеткіліксіз болса, жазылуға келесі 2 апта ішінде барлық жағдайда дерлік қол жеткізіледі. Золлингер-Эллисон синдромы және басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлер Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлерді ұзақ мерзімді емдеу үшін пациенттер емдеуді 80 мг (40 мг пантопразолдың 2 таблеткасы) тәуліктік дозасынан бастау керек. Одан кейін дозаны асқазан сөлінің секреция көрсеткіштерін өлшеу арқылы арттыру немесе азайту жағына түзетуге болады. Тәулігіне 80 мг-ден артық дозалар үшін дозаны екі тәуліктік дозаға бөлу керек. Дозаны 160 мг пантопразолдан жоғары уақытша арттыруға болады, бірақ осы дозаны қышқылдылықты талапқа сай бақылауға қажеттісінен ұзағырақ пайдалануға болмайды. Золлингер-Эллисон синдромында және басқа патологиялық гиперсекреторлық жай-күйлерде емдеу ұзақтығы шектелмеген және клиникалық қажеттіліктерге сәйкес икемделуі тиіс. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Пантопразол жас тобындағы қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі болғандықтан, 12 жасқа толмаған балаларға ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде тәуліктік доза 20 мг пантопразолдан (20 мг пантопразолдың 1 таблеткасы) аспауы тиіс. Пантопразолды бауыр функциясының орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бұзылуы бар пациенттерде H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде пайдалануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осы пациенттерде біріктірілген ем кезіндегі пантопразол тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде ПАНТАП® 40 пайдалануға болмайды, өйткені қазіргі уақытта осындай пациенттерде біріктірілген емде ПАНТАП® 40 тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Таблеткаларды шайнауға немесе ұсақтауға болмайды және оларды ас ішуден 1 сағат бұрын аздаған су мөлшерімен тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.