+89 бонус

Пантап 20 мг №28 таб

1780 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 22.55 мг натрий пантопразолы сесквигидраты (20.00 мг пантопразолға баламалы) қосымша заттар: сусыз натрий фосфаты, IsoMalt LM-PF, натрий карбоксиметилцеллюлозасы 7MXF, кросповидон CL, натрий стеарил фумараты үлбірлі қабық: гидроксипропилметилцеллюлоза 603 Вт (Pharmacoat 603 White), повидон К25, №9 қабыққа арналған материал (Sepisperse AP3232 Juane Yellow), пропиленгликоль ішекте еритін үлбірлі қабық: метакрил қышқылының этил акрилат сополимері (Eudragit L30D-55(30%)), триэтилцитрат (Цитрофлекс), симетикон эмульсиясы 30% Құрамы №9 қабыққа арналған материал (Sepisperse AP3232 Juane Yellow): гидроксипропилметилцеллюлоза (Е464), пропиленгликоль, титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
Пантап® 20 препараты ересек пациенттерде рефлюкс симптомдарын (мысалы, қыжыл, қышқылды кекіру) қысқа мерзімді емдеу үшін қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - олардың биожетімділігінің айтарлықтай төмендеуінің арқасында ПАНТАП® 20 препаратын АИТВ протеаза тежегіштерімен, мысалы, атазанавир, дефинавирмен біріктіріп қабылдауға болмайды, олардың сіңуі асқазан ішіндегі қышқылды рН байланысты.
Дозасы
Пантопразолдың ұсынылатын дозасы тәулігіне 20 мг (бір таблетка) құрайды. Симптоматиканы басу үшін препаратты 2-3 күн ішінде қабылдау қажет болуы мүмкін. Симптомдар толық жойылғаннан кейін емдеу тоқтатылуы тиіс. Дәрігердің кеңесінсіз ем 4 аптадан аспауы тиіс. Егер симптомдарды басуға үздіксіз 2 апта бойы емдегенде қол жеткізілмесе, пациентті дәрігерге кеңес алуға жіберу керек. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттерге, сондай-ақ бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданған кезде дозаны түзету қажет емес. Балалар Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер жеткіліксіз болғандықтан, ПАНТАП® 20 препаратын 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішекте еритін қабықпен қапталған ПАНТАП® 20 таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, оларды тамақтанар алдында тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.