+677 бонус

ПАНАВИР 200 мкг №5 супп рект Комплекс

13550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противовирусные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО "Альтфарм"
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында: белсенді зат: Панавир® (Solanum tuberosum өркендерінің полисахаридтері) 200 мкг, қосымша заттар: қатты май, парафин, эмульгатор Т-2.
Қолданылуы
- әр түрлі жерлерге орныққан герпесвирустық инфекцияда, соның ішінде қайталанатын гениталий герпесінде, Зостер герпесінде немесе офтальмогерпесте - инфекциялық аурулар аясындағы салдарлы иммун тапшылығы жағдайларында - цитомегаловирустық инфекцияда, соның ішінде, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі дағдыға айналған пациенттер әйелдерде. Жүктілікке дайындық кезеңінде созылмалы вирустық инфекциясы бар және интерферон тапшылығы жағдайындағы әйелдерде қолданылады. - папилломавирустық инфекцияда (аногенитальді сүйелдерде) кешенді ем құрамында - кене энцефалитінде вирустық жүктемені төмендету және неврологиялық симптоматиканы (анизорефлексияны, рефлекстердің төмендеуін, бассүйек-ми жүйкелерінің шығу нүктелерінің аурушаңдығын, нистагмды) басу мақсатында кешенді ем құрамында - ЖРВИ және тұмауда кешенді ем құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық - жүктілік, лактация кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - бүйректің ауыр патологиялары (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз).
Дозасы
Ересектер Герпесвирустық инфекцияны және кене энцефалитін емдеу үшін 48 немесе 24 сағат аралықпен екі рет 1 суппозиторийден қолданады. Қажет болса, емдеу курсын бір айдан кейін қайталауға болады. Цитомегаловирустық (соның ішінде жүктіліктің соңына дейін жетпеуі дағдыға айналған пациенттерде) және папилломавирустық инфекцияларды емдеу үшін алғашқы апта ішінде 48 сағат аралықпен үш рет және екінші апта ішінде 72 аралықпен екі рет 1 суппозиторийден қолданады. ЖРВИ мен тұмауды емдеу үшін 5 күн бойы 24 сағат аралықпен 1 суппозиторийден қолданады. Енгізу әдісі және жолы Тік ішекке енгізуге арналған. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.