ПАНАВИР 0,04мг/мл 5 мл №5 амп Комплекс

25510 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противовирусные препараты другие
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: Эллара МЦ ООО
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат – *Панавир®, 200 мкг; қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су. * Solanum tuberosum өсімдігі өскіндерінің тазартылған экстрактісі; негізгі әсер етуші заты – глюкозадан, рамнозадан, арабинозадан, маннозадан, ксилозадан, галактозадан, урон қышқылынан тұратын гексозалық гликозид.
Қолданылуы
- әр түрлі жерлерге орныққан герпес вирустық инфекцияда (соның ішінде қайталанатын гениталий герпесінде, Зостер герпесінде немесе офтальмогерпесте) - инфекциялық аурулар аясындағы салдарлы иммун тапшылығы жағдайларында - цитомегаловирустық инфекцияда, соның ішінде, жүктіліктің соңына дейін жетпеуі дағдыға айналған пациенттер әйелдерде - жүктілікке дайындық кезеңінде созылмалы вирустық инфекциясы бар және интерферон тапшылығы жағдайындағы әйелдерде қолданылады - жүкті әйелдерде ІІ және ІІІ триместрінде өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирустық инфекцияның кешенді емінің құрамында - папилломавирустық инфекцияда (аногенитальді сүйелдерде) кешенді ем құрамында - кене энцефалитінде вирустық жүктемені төмендету және неврологиялық симптоматиканы (анизорефлексияны, рефлекстердің төмендеуін, бассүйек-ми жүйкелерінің шығу нүктелерінің аурушаңдығын, нистагмды) басу мақсатында кешенді ем құрамында - ревматоидтық артриті бар, иммунитеті түсіп кеткен пациенттердегі герпес вирустық инфекцияда (негізгі емнің ауыруды басатын және қабынуға қарсы әсерін күшейту үшін) кешенді ем құрамында - тұмауда, ЖРВИ-де кешенді ем құрамында - шығу тегі бактериялық созылмалы простатитте кешенді ем құрамында - гастродуоденальді аймақтың ойық жаралы ақауларын эпителизациялау үшін кешенді ем құрамында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі (өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирустық инфекцияда) - жүктілік және лактация кезеңі (қалған көрсетілімдер бойынша) - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дозасы
Ересектер Препараттың бір реттік емдік дозасы күніне 1 рет енгізілетін 200 мкг әсер етуші затты (бір ампуланың ішіндегіні) құрайды. Герпесвирустық инфекцияны және кене энцефалитін емдеу үшін Панавир® препаратын 48 немесе 24 сағат аралықпен екі рет қолданады. Қажет болса, емдеу курсын 1 айдан кейін қайталауға болады. Ревматоидтық артриті бар, иммунитеті түсіп кеткен пациенттердегі герпесвирустық инфекцияда 24-48 сағат аралықпен венаішілік 5 инъекциясын қолданады, қажет болған жағдайда курсты 2 айдан кейін қайталау керек. Инфекциялық аурулар аясындағы салдарлы иммун тапшылығы жағдайын емдеу үшін Панавир® препараты 48 сағат аралықпен үш рет, содан кейін 72 сағат аралықпен екі рет қолданылады. Цитомегаловирустық және папилломавирустық инфекцияларды емдеу үшін Панавир® препаратын алғашқы апта ішінде 48 сағат аралықпен үш рет және екінші апта ішінде 72 аралықпен екі рет қолданады. Жүкті әйелдерде І және ІІІ триместрде өршу сатысындағы созылмалы цитомегаловирустіқ инфекцияны емдеу үшін алғашқы апта ішінде 48 сағат аралықпен үш рет және екінші апта ішінде 72 аралықпен екі рет қолданады. Гастродуоденальді аймақтың ойық жаралы ақауларын эпителизациялау үшін 10 күн бойы күнара венаішілік 5 инъекциясын қолданады. ЖРВИ-ді және тұмауды емдеу үшін 18-24 сағат аралықпен венаішілік 2 инъекциясын қолданады. Созылмалы бактериялық простатиті бар науқастарды емдеу үшін 48 сағат аралықпен венаішілік 5 инъекциясын қолданады. Енгізу әдісі және жолы Вена ішіне енгізуге арналған. Панавир® препаратын вена ішіне сорғалатын баяу енгізу керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.