+80 бонус

ПАНАДОЛ BABY ДЕТСКИЙ 120 мг/5 мл 100 мл

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Парацетамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Haleon CH SARL
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл суспензияның құрамында белсенді зат - 24 мг парацетамол, қосымша заттар: сұйық сорбитол (кристаллданбайтын), ксантан шайыры, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сусыз лимон қышқылы, тринатрий цитраты дигидраты, глицерин (тазартылған глицерин 99.5 %), құлпынай хош иістендіргіші, динатрий эдетаты, сукралоза, сұйық мальтитол, тазартылған су.
Қолданылуы
ауыруды басатын дәрі ретінде - тіс жарғанда - тіс ауырғанда - тамақ ауырғанда ыстық түсіретін дәрі ретінде - суық тию ауруларында - тұмауда - балалардың инфекциялық ауруларында (желшешекте, көкжөтелде, қызылшада және эпидемиялық паротитте (шошқа-борықта) - вакцинациядан кейін
Қарсы көрсетілімдер
- парацетамолға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - 2 айға дейінгі балалар.
Дозасы
Балаларға қолдануға арналған. Тек ішке қабылдауға арналған. Қолданар алдында құтының ішіндегісін жақсылап шайқау керек (кемінде 10 сек.). Қаптама  ішіне салынған өлшегіш шприці препаратты дұрыс және тиімді дозалауға мүмкіндік береді. Өлшеуіш шприцті пайдалану жөніндегі нұсқаулық: 1. Жүгірткіні тоқтағанша итеріңіз, шприц толығымен жабық болуы үшін. Содан кейін шприцті құтының мойнына мықтап салыңыз 2. Құтыны төңкеріп, тиісті доза алу үшін жүгірткіні ақырын тартыңыз. Дұрыс доза жүгірткінің кең жиектері шприц корпусындағы «мл» белгісін көрсететін жерде көрсетіледі. 3. Құтыны кері аударыңыз және абайлап шприцті құтының мойнынан айналмалы қозғалыстармен шығарыңыз. Препаратты қолданғаннан кейін: - құтыны қақпақпен жабыңыз және оны мықтап жабу үшін бұраңыз. Содан кейін, шертуді естігенше қақпақты кері қарай бұраңыз. Өлшеуіш шприцті жылы сумен шайып, құрғатыңыз. Стерилизацияның қажеті жоқ Ұсынылған дозадан асырмау керек. Емделудің ең қысқа кезеңі ішінде қажетті тиімділікке жету үшін ең аз дозаны қолдану керек. Баланың жасы Бір реттік доза, мл 2-3 ай - салмағы 4 кг-ден астам, - күні жетіп туған нәресте (босану 37 апта толған мерзімде болған) Бір реттік 2,5 мл (қажет болғанда 4-6 сағаттан кейін қайталап 2,5 мл пайдалануға болады) Жасы 2 айдан кіші балаларда қолдануға болмайды. Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан аз емес. 2 дозадан артық бермеу керек. Егер қосымша доза талап етілсе және температура 24 сағаттан ұзақ төмендемесе ауыр инфекциялық ауруды болдырмау үшін дәрігерден кеңес алу қажет. 2-3 айлық балаларға вакцинацияның бір реттік 10-15 мг/кг дозасынан кейін реакциялардың симптоматикалық емі үшін қолданылуы мүмкін. Егер температура 2-ші дозадан кейін төмендемесе дәрігерге қаралу керек. Баланың жасы Бір реттік доза, мл Қабылдау жиілігі (24 сағат ішінде) 3-6 ай 2,5 мл 4 рет 6-24 ай 5 мл 4 рет 2-4 жас 7,5 мл 4 рет 4-8 жас 10 мл 4 рет 8-10 жас 15 мл 4 рет 10-12 жас 20 мл 4 рет 24 сағат ішінде 4 дозадан артық қабылдауға болмайды. Ең жоғарғы 60 мг/кг тәуліктік дозаны 24 сағат ішінде 10-15 мг/кг-ден дозаларға бөлу керек. Қабылдаулар арасындағы аралық 4 сағаттан аз емес. Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз және қадағалауынсыз 3 күннен артық қолдану ұсынылмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.