+142 бонус

ПАН-40 40 мг №20 таб

2850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Алкем Лабораториз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: натрий пантопразолы 45.48 мг (40 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: натрий карбонат моногидраты, маннитол 60, кросповидон, поливинилпиролидон К-25, полисорбат – 80, натрий лаурилсульфаты, кальций стеараты, темірдің сары тотығы (Е172) қабық - Opadry® II 85G68918 (ақ) – поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол, соя лицитині; Акрил EZE 93086832 (қоңыр) - метакрил қышқылы сополимері (С типі), тальк, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), триэтил цитрат, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий бикарбонаты, натрий лаурилсульфаты. Сыртқы пішінінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек, екі беті дөңес, екі жағы да тегіс, күңгірт қоңыр түсті ішекте еритін таблеткалар.
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға: - рефлюкс-эзофагитте Ересектерге: - Helicobacter pylori эрадикациясы, бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық асқазандық гиперсекрецияны сипаттайтын басқа да жағдайларда
Қарсы көрсетілімдер
пантопразолға немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары пантопразолды құрамында рилпивирин бар препараттармен (атазанавир, нелфинавир) бірге қолдану 12 жасқа дейінгі балалар жүктілік және бала емізу кезеңі
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдер Рефлюкс-эзофагит Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 таблеткадан тағайындайды, қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады. Ұсынылған емдеу курсы 4 апта, қажет болған жағдайда емдеуді тағы 4 аптаға дейін ұзартуға болады. Ересектер Ересектер мен 12 жастан бастап және одан үлкен жасөспірімдер: Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы бар, Н.pylori инфекциясын жұқтырған пациенттерде бактериялардың эрадикациясын біріктірілген емнің көмегімен жүргізу керек. Емдеуді бактериялардың резистенттілігіне, сондай-ақ бактерияға қарсы препараттарды дұрыс пайдалану және тағайындауға қатысты ресми жергілікті нұсқаулықтарды (мысалы, ұлттық ұсыныстарды) ескере отырып жүргізу керек. H. pylori эрадикациясы үшін төзімділік сипатына байланысты келесі препараттарды қолдануға болады: Пан-40 40 мг-ден күніне екі рет + амоксициллин 1000 мг-ден күніне екі рет + кларитромицин 500 мг-ден күніне екі рет Пан-40 40 мг-ден күніне екі рет + метронидазол 400 - 500 мг-ден күніне екі рет (немесе 500 мг тинидазол) + кларитромицин 250 – 500 мг-ден күніне екі рет Пан-40 40 мг-ден күніне екі рет + амоксициллин 1000 мг-ден күніне екі рет + метронидазол 400 - 500 мг- күніне екі рет (немесе 500 мг тинидазол). H. pylori тудырған инфекцияны эрадикациялау мақсатында біріктірілген ем шеңберінде Пан-40-тың екінші таблеткасын кешкі ас ішуден 1 сағат бұрын қабылдау керек. Біріктірілген ем әдетте 7 күн бойы жүргізіледі және жалпы ұзақтығы 2 аптаға дейін тағы 7 күн бойы жалғасады. Егер ойық жараны жазудың кепілдігі үшін пантопразолмен емдеуді жалғастыру көрсетілсе, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде ұсынылатын тиісті дозаларды пайдалану керек. Егер біріктірілген ем қолданылмаса, мысалы, H. Pylori-ға теріс нәтиже болған пациенттерде Пан-40 монотерапия кезінде төмендегі дозалау пайдаланылуы мүмкін: Асқазанның ойық жаралы ауруын емдеу Пан-40 күніне бір таблетка. Жекелеген жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін (күніне 2 таблеткаға дейін Пан-40), әсіресе басқа емдеуге жауап реакциясы болмаған кезде. Асқазанның ойық жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, жазылуға әдетте тағы 4 апта бойы қол жеткізуге болады. Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Пан-40 күніне бір таблетка. Жекелеген жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін (күніне 2 таблеткаға дейін Пан-40), әсіресе басқа емдеуге жауап реакциясы болмаған кезде. Асқазанның ойық жарасын емдеу үшін әдетте 4 апта қажет. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болса, жазылуға әдетте тағы 4 апта бойы қол жеткізуге болады. Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жай-күйлер Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жай-күйлерді ұзақ уақыт бойы емдеу үшін емдеуді тәуліктік доза 80 мг-нан (40 мг-нан 2 таблетка Пан-40) бастаған жөн. Содан соң, қажет болған жағдайда, асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткішіне қарай дозаны арттыруға немесе азайтуға болады. Тәулігіне 80 мг-нан жоғары дозаларды бөлген және күніне екі рет қабылдаған жөн. 160 мг-нан жоғары пантопрозолдың дозасын уақытша арттыруға болады, алайда бұл қышқылдықты бақылауға қол жеткізу үшін қажетті уақыттан ұзаққа созылмауы тиіс. Золлингер-Эллисон синдромы және жоғары секрециямен қатар жүретін басқа да патологиялық жай-күйлер кезінде емдеу ұзақтығы шектеусіз, және емнің мерзімі клиникалық қажеттілікке байланысты анықталуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының айқын бұзылулары бар пациенттерде пантопрозолдың 20 мг тәуліктік дозасын арттырмаған жөн. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер және егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге және бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерге дозаны түзетудің қажеті жоқ. Балалар Пан-40 12 жастан кіші балаларға осы жас тобындағы қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің жеткіліксіздігі үшін қолдану ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Пероральді қабылдау үшін. Пан-40 таблеткаларын таңғы асқа дейін 1 сағат бұрын, (ұсақтамай және ерітпей) жеткілікті мөлшердегі сумен бүтін күйінде ішке қабылдау қажет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.