ПАН 4 40 мг №1фл порошок д/приг в/в р-ра

1440 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Alkem Labor
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат – 40 мг пантопразолға баламалы натрий пантопразолы (маннитолмен стерильді лиофилизацияланған қоспа)
Қолданылуы
асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайлар анамнездегі эрозиялық эзофагитпен байланысты гастроэзофагеальді рефлюксті (gastro-oesophageal reflux disease - GORD) ауруын қысқа мерзімді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді затына немесе басқа орын басқан бензимидазолдарға аса жоғары сезімталдық анафилаксия, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, есекжем, бронх түйілуін қамтитын аса жоғары сезімталдық реакциялары жедел интерстициальді нефритті қоса, бүйрек функциясының айқын бұзылулар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер пантопразолды құрамында рилпивирин бар препараттармен (атазанавир, нелфинавир) бірге қолдану
Дозасы
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, анамнездегі эрозиялық эзофагитпен байланысты гастроэзофагеальді рефлюксті ауру Ұсынылатын доза 7-10 күн ішінде вена ішіне күніне бір рет 40 мг құрайды. Золлингер-Эллисон синдромы және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайлар. Золлингер-Эллисон синдромын және патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайларды ұзақ уақыт емдеу үшін пациенттер емдеуді тәулігіне Пан IV 80 мг дозасынан бастауы керек. Осыдан кейін доза ұлғайтылуы немесе азайтылуы мүмкін. Препаратты 80 мг асатын тәуліктік дозада қолданған жағдайда дозаны бөлуге болады және күніне екі рет енгізіледі. Тәуліктік дозаны 160 мг дейін уақытша арттыруға болады, бірақ қышқыл секрециясын бақылауға қажетті уақыттан аспауы керек. Қышқылдықты (<10 мг-Экв/сағ) төмендету үшін көптеген пациенттерге бір сағат ішінде вена ішіне енгізілетін 160 мг бастапқы доза жеткілікті. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде 20 мг пантопразолдың тәуліктік дозасынан аспауы керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажет етілмейді. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы папациенттерге тәуліктік дозасын 40 мг асырмау керек. Балалар Пан IV препараты балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі болғандықтан, 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды. 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде пантопразолды қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты дайындау және енгізу ережелері Вена ішіне енгізуге арналған ерітінді: құрғақ, стерильді ұнтағы бар құтыға инъекцияға арналған 10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісін қосады. Бұл ерітіндіні тікелей (вена ішіне сорғалатып) немесе 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен, сондай-ақ 5% глюкоза ерітіндісімен (вена ішіне, тамшылатып) араластырғаннан кейін қолдануға болады. Сұйылту үшін шыны немесе пластмасса контейнерлерді пайдалану керек. Пан IV препаратын жоғарыда көрсетілмеген қандай да бір еріткіштермен дайындауға немесе араластыруға болмайды. Енгізу ұзақтығы: 2-15 мин. Микробиологиялық тұрғыдан алғанда, препарат дайындалғаннан кейін бірден пайдаланылуы керек. Құтының ішіндегісі тек бір рет пайдалануға арналған. Контейнерде қалған немесе сыртқы түрі өзгерген (мысалы, егер бұлыңғырлық немесе шөгінді байқалса) кез келген өнімді жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсының ұзақтығын қолданылуға берілетін көрсетілімдерге байланысты белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.