+177 бонус

ОЗОЛ 5 мг/мл 100 мл р-р

9:00-ден кейін қолжетімді
3550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Орнидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аманта Хелскер Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында белсенді зат – орнидазол 500 мг, қосымша заттар: натрий хлориді, динатрий гидрофосфаты додекагидраты, лимон қышқылы моногидраты, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Препаратты парентеральды енгізу жедел және ауыр инфекция жағдайында немесе мұндай аурулар мен жағдайларда пероральді қолдану мүмкін болмаған кезде көрсетіледі: орнидазолға сезімтал микрофлорадан туындаған анаэробты жүйелік инфекциялар: септицемия, менингит, перитонит, операциядан кейінгі жара инфекциялары, босанғаннан кейінгі сепсис, сепсистік түсік және эндометрит анаэробты бактериялардан туындаған инфекциялардың профилактикасы, хирургиялық араласу кезінде (әсіресе тоқ ішекке және тік ішекке операцияларда), гинекологиялық операцияларда амебиаз (Entamoeba histolytica туындатқан барлық ішек инфекциялары, оның ішінде амебалы дизентерия, амебиаздың барлық ішектен тыс түрлері, әсіресе, бауырдың амебалы абсцессі) лямблиоз трихомониаз (Trichomonas vaginalis туындатқан әйелдер мен ерлердегі несеп-жыныс инфекциялары)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші заты орнидазолға немесе имидазолдың кез келген басқа туындысына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық орталық жүйке жүйесінің аурулары қан дискразиясы және қан тарапынан басқа патологиялық өзгерістер жүктіліктің бірінші триместрі бала емізу кезеңі 3 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Анаэробты инфекция кезінде ересектер мен 12 жастан асқан балалар бастапқы дозада 500 – 1000 мг, содан кейін – әр 12 сағат сайын 500 мг немесе 5 - 10 күн ішінде әр 24 сағат сайын 1000 мг (сатылы доза) қолданады. Препаратты орнидазолдың пероральді түрлерімен бірге пайдаланған кезде 1000 мг тәуліктік дозадан аспау керек. Пациенттің жағдайы тұрақтанғаннан кейін орнидазолды пероральді қабылдауға көшу керек (мысалы, әр 12 сағат сайын 500 мг 1 таблеткадан). 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәуліктік доза 5-10 тәулік ішінде 2 енгізуге бөлінген дене салмағының 20 мг/кг есебінен тағайындалады. Анаэробты инфекциялардың профилактикасы үшін ересектер мен 12 жастан асқан балаларға орнидазол операциядан жарты сағат бұрын 500 - 1000 мг дозада тағайындалады. Аралас инфекциялардың алдын алу үшін орнидазолды аминогликозидтермен, пенициллинмен немесе цефалоспориндермен қолдану керек. Препараттарды бөлек енгізу керек. Ауыр ағымы бар амёбалық дизентерия кезінде, амёбиаздың барлық ішектен тыс түрлері ересектер мен 12 жастан асқан балаларға препарат бірінші күні вена ішіне 500 - 1000 мг, одан әрі - 500 мг әр 12 сағат сайын 3-6 тәулік ішінде тағайындалады. 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға тәуліктік доза 2 енгізуге бөлінген дене салмағының 20-30 мг/мл мөлшерінде тағайындалады. Бүйрек функциясының бұзылуы кезінде енгізу арасындағы аралық ұлғаяды немесе препараттың бір реттік және тәуліктік дозасы азаяды. Егер пациентте бауырдың ауыр жеткіліксіздігі болса, препаратты енгізу арасындағы аралықты екі есе көбейту керек, яғни күніне 1 рет енгізу керек. Енгізу әдісі мен жолы Препарат вена ішіне 15 - 30 минут ішінде енгізіледі. Емдеу ұзақтығы Емдеудің дозасы мен ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына, емдеу сызбасына байланысты анықтайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.