+2625 бонус

ОЗЕМПИК шприц-ручка 1 мг/доза р-р д/инъекций 1,34 мг/мл 3 мл № 1 + 4 иглы

52500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Семаглутид
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Дания
  • Өндіруші: Ново Нордиск А/С
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл препараттың құрамында белсенді зат – семаглутид*, 1,34 мг, *адамның глюкагон тәріздес пептид-1 (ГТП-1) аналогы рекомбинантты ДНҚ технологиясы бойынша Saccharomyces cerevisiae жасушаларын пайдаланып алынды. Алдын ала толтырылған бір шприц-қаламның ішінде 3 мл ерітіндідегі 4 мг семаглутид* бар. Әрбір дозаның құрамында 0,74 мл ерітіндідегі 1 мг семаглутид бар; қосымша заттар – натрий гидрофосфатының дигидраты, пропиленгликоль, фенол, хлорсутек қышқылы/натрий гидроксиді (рН түзету үшін), инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Оземпик® құрамында семаглутид белсенді заты бар. Ол Сіздің ағзаңызға қандағы қант деңгейі тым жоғары болған кезде ғана оның мөлшерін төмендетуге көмектеседі және 2 типті қант диабеті бар пациенттерде тамыр ауруларының алдын алуға көмектесе алады. Сондай-ақ қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуімен байланысты емес механизм арқылы 2 типті қант диабеті бар пациенттерде бүйрек функциясының нашарлауын баяулатуға көмектеседі. Оземпик® диета мен физикалық жүктемелерге қосымша ретінде 2 типті қант диабетін бақылау сапасы қанағаттанарлық емес ересек пациенттерде қолдануға көрсетілген • жақпаушылығымен немесе қарсы көрсетілімдерге байланысты метформинді тағайындау орынсыз болған жағдайда монотерапия ретінде • диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік препараттарға қосымша. Басқа препараттарға мыналар жатуы мүмкін: таблеткалық диабетке қарсы препараттар (мысалы, метформин, тиазолидиндиондар, 2 типті натрий-глюкоза котранспортерінің тежегіштері (НГЛТ-2)) немесе инсулин.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде тізімделген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Препараттың бастапқы дозасы 4 апта бойы аптасына бір рет 0,25 мг семаглутидті құрайды. 4 аптадан кейін Сіздің емдеуші дәрігеріңіз Сіздің дозаңызды аптасына бір рет 0,5 мг дейін арттыратын болады. Егер аптасына бір рет 0,5 мг дозада қолданғанда Сіздің қандағы қант деңгейіңіздің жеткіліксіздігі бақыланса, Сіздің емдеуші дәрігеріңіз дозаны аптасына бір рет 1 мг дейін арттыруы мүмкін. Сіздің емдеуші дәрігеріңіз ұсынбағанға дейін Өзіңіздің дозаңызды өзгертпеңіз. Енгізу әдісі және жолы Оземпик® препараты тері астына енгізуге арналған ерітінді түрінде берілген. Препаратты вена ішіне немесе бұлшықетке енгізуге болмайды. Тері астына енгізу үшін ұсынылатын жерлер – санның алдыңғы беті, іштің алдыңғы қабырғасы немесе иық. Шприц-қаламды алғаш рет пайдаланар алдында медицина қызметкері Сізге шприц-қаламды қалай пайдалану керектігін үйретеді. Нақты ақпарат осы нұсқаулықтың келесі бетінде «Оземпик® препаратын қолдану жөніндегі нұсқаулық» бөлімінде сипатталған. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Сіз препаратты, егер мүмкін болса, апта сайын белгілі бір күнде аптасына бір рет енгізуіңіз керек. Сіз препаратты тәуліктің кез келген уақытында, тамақ ішуге қарамастан, тері астына өзіңіз енгізе аласыз. Картон қорапшаға аптаның таңдап алынған күнін (мысалы, сәрсенбі) белгілеуіңізге және препарат инъекциясы аптасына тек бір рет енгізілетінін Сіздің есіңізге сақтауға көмектесу үшін, Сіздің әрбір ретте енгізілетін күнді картон қорапшаға жазып қоюыңызға кеңес беріледі. Қажет болғанда, Сіз екі инъекция арасындағы аралық, кем дегенде, 3 тәулік болуы үшін препаратты апта сайын енгізу күнін өзгерте аласыз. Препарат енгізілетін жаңа күнді таңдағаннан кейін аптасына бір рет енгізуді жалғастыру керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.