ОВЕСТИН №15 супп

10130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эстриол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Аспен Фарма Трейдинг Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторий құрамында белсенді зат: микрондалған эстриол, 0,5 мг қосымша зат: қоспалар қосылған қатты май* *Қоспалар қосылған қатты майдың құрамы: Қатты май, глицерилрицинолат, макроголдың цетостерил эфирі.
Қолданылуы
Эстрогендер тапшылығының қынаптық симптомдарын емдеу үшін: - менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде эстрогендер тапшылығымен байланысты қынап атрофиясы симптомдарын емдеу үшін - менопаузадан кейінгі кезеңдегі әйелдерде қынапқа кіру жолымен жасалатын хирургиялық араласулар кезінде операция алдында және операциядан кейін емдеу үшін - атрофиялық өзгерістер аясында жатыр мойнын цитологиялық тексерудің түсініксіз нәтижелері кезінде (ісік үдерісіне күдіктенгенде) диагностикалық мақсатта.
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың біріне аса жоғары сезімталдық; - сүт безінің обыры анықталса немесе күдік болса немесе анамнезде сүт безінің обыры болса; - эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры) анықталса немесе күдік болса; - диагнозы анықталмаған, гениталийден қан кетулер; - эндометрийдің емделмеген гиперплазиясы; - қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі вена тромбоэмболиясы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы); - диагнозы анықталған тромбофилиялық аурулар (мысалы, С ақуызының, S ақуызының немесе антитромбиннің тапшылығы); - артериялық қантамырлардың белсенді фазадағы немесе жақын арада болған тромбоэмболиясымен байланысты аурулар (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі); - бауырдың жедел немесе анамнездегі ауруы, функционалдық көрсеткіштері қалпына түскенге дейін; - порфирия; - жүктілік және бала емізу кезеңі.
Дозасы
Овестин®, қынаптық суппозиторийлері 0,5 мг интравагинальді қолдануға арналған, құрамында эстроген бар дәрілік препарат болып табылады. Ересектер мен егде жастағы адамдар Постменопауза кезеңдегі әйелдерде эстрогендер тапшылығымен байланысты қынап атрофиясы симптомдарын емдеу Алғашқы апталар ішінде симптомдары азайғанға дейін күніне бір суппозиторий (ең көбі 4 апта), дозасы біртіндеп, демеуші дозасына (аптасына екі рет бір суппозиторий) жеткенге дейін төмендетіледі. Операция алдындағы терапия Қынапқа кіру жолымен хирургиялық араласу жоспарланған әйелдерге: Операцияға дейін 2 апта бұрын күніне бір суппозиторий. Операциядан кейінгі терапия Операциядан кейін аптасына екі рет 1 суппозиторийді пайдаланып емдеуді қайта бастамас бұрын кемінде 2 апта өтуі тиіс. Атрофиялық өзгерістер аясында жатыр мойнын цитологиялық тексерудің түсініксіз нәтижелері кезінде (ісік үдерісіне күдіктенгенде) диагностикалық мақсатта Қайтадан жағынды алғанға дейін бір апта бойы күнара бір суппозиторий.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.