+850 бонус

ОВЕСТИН 1 мг/ г 15 г крем туба с аппл

17000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эстриол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Aspen Bad Oldesloe GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 г кремнің құрамында белсенді зат - 1.0 мг эстриол, қосымша заттар: октилдодеканол, цетилпальмитат, глицерол, цетил спирті, стеарил спирті, полисорбат 60, сорбитан стеараты, сүт қышқылы, хлоргексидин дигидрохлориді, натрий гидроксиді, тазартылған су
Қолданылуы
Пери- және постменопауза кезеңіндегі әйелдердегі атрофиялық вагинитті (эстроген жеткіліксіздігінен туындаған) емдеуге арналған орынбасушы гормоналдық емде (ОГЕ). Қынапқа жасалатын операциялар кезінде операция алдындағы ем ретінде және кейінгі реконвалесценция кезінде.
Қарсы көрсетілімдер
- анамнездегі, қазіргі уақыттағы диагнозы анықталған сүт безі обыры немесе сүт безінің болжамды обыры железы; - диагнозы анықталған немесе болжамды эстрогенге тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, эндометрий обыры); - қынаптан этиологиясы түсініксіз қан кету; - эндометрийдің емделмеген гиперплазиясы; - анамнездегі немесе қазіргі уақыттағы вена тромбоэмболиясы (терең веналар тромбозы, өкпе эмболиясы); - диагнозы қойылған тромбофилиялар (мысалы, C протеинінің, S протеинінің немесе антитромбиннің тапшылығы); - белсенді немесе жуырда бастан өткерген артериялық тромбоэмболиялық ауру (мысалы, стенокардия, миокард инфарктісі); - жедел сатыдағы бауыр ауруы немесе анамнездегі бауыр ауруы, бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпқа түскенге дейін; - диагнозы қойылған, препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; - порфирия.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Овестин кремінің құрамында белсенді зат ретінде тек эстроген бар және ол қынап ішіне енгізуге арналған. Аппликациялық 1 дозасында (қызыл таңбасына дейін толтырылған аппликатор) 0,5 г Овестин кремі бар, бұл 0,5 мг эстриолға сәйкес келеді. Ересек әйелдер және егде жастағы әйелдер Атрофиялық вагинитті емдеу Менопаузадан кейінгі симптомдарды емдеудің басында немесе жалғастырған кезде анағұрым қысқа уақыт мерзімі ішінде ең аз тиімді дозасын қолдану керек. Менопаузамен байланысты атрофиялық вагинитті емдеуге арналған әдеттегі дозасы, 2–3 апта бойы тәулігіне бір аппликациялық дозасын құрайды. Демеуші дозасы ретінде аптасына екі рет бір аппликациялық дозасы ұсынылады. Ары қарай емдеудің қажеттілігіне баға беру үшін, препаратпен емдеуді әр 2–3 ай сайын 4 аптаға тоқтатып тұру керек. Операция алдындағы ем Операцияға дейін 2 апта бұрын тәулігіне бір аппликациялық дозасын енгізуді бастау керек. Операциядан кейінгі ем Операциядан кейін аптасына екі рет бір аппликациялық дозасын пайдаланып емдеуді жалғстырмас бұрын, кемінде 2 апта күте тұру керек. ОГЕ қабылдап жүрмеген әйелдерде, немесе үздіксіз режимдегі ОГЕ арналған басқа біріктірілген препаратты қабылдаудан ауысып жатқан әйелдерде, Овестин кремімен емдеуді кез келген күні бастауға болады. Циклдық режимнен ОГЕ арналған препаратты қабылдауға ауысып жатқан әйелдерге, Овестин кремімен емдеуді цикл аяқталғаннан кейін бір аптадан соң бастау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.