+203 бонус

ОТРИО 10 мг №30 таб

4070 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Эзетимиб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: АО Акрихин
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында: белсенді зат: эзетимиб 100% затқа шаққанда – 10,0 мг; қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, натрий лаурилсульфаты, повидон (К30 типі), натрий стеарилфумараты.
Қолданылуы
Бастапқы гиперхолестеринемияда: - ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (статиндермен) бір мезгілде қолданылатын Отрио препараты бір ғана статиндермен жеткілікті бақыланбаған бастапқы (гетерозиготалы отбасылық және отбасылық емес) гиперхолестеринемиясы бар пациенттер үшін диетаға қосымша ем ретінде көрсетілген - Отрио препаратымен монотерапия бастапқы (гетерозиготалы отбасылық және отбасылық емес) гиперхолестеринемиясы бар, статиндерді қолдану орынсыз деп саналған немесе пациентте олардың жақпаушылығы анықталған пациенттерге диетаға қосымша ем ретінде көрсетілген. Жүрек-қантамыр ауруларының профилактикасында: - Отрио препараты жүрек-қантамыр ауруларының қаупін азайтуға арналған статиндермен алдын ала емдеумен немесе онсыз, анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) және жедел коронарлық синдромы (ЖКС) бар пациенттерде. Гомозиготалы отбасылық гиперхолестеринемияда: - статиндермен бір мезгілде қолданылатын Отрио препараты ГоОГХ бар пациенттер үшін диетаға қосымша ем ретінде көрсетілген. Пациенттер қосымша емді де ала алады (мысалы, ТТЛП аферезі). Гомозиготалы ситостеролемия (фитостеролемия): - Отрио препараты гомозиготалы отбасылық ситостеролемиясы бар пациенттерге диетаға қосымша ем ретінде көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- эзетимибке немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - эзетимибті статинмен бір мезгілде тағайындау кезінде қосымша тағайындалған препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты ұстану қажет - эзетимибті статиндермен бір мезгілде тағайындау жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қарсы көрсетілген - эзетимибті белсенді бауыр ауруы бар немесе қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейі түсініксіз тұрақты жоғарылаған пациенттерге тағайындауға болмайды - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП) ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Ұсынылатын доза күніне 10 мг Отрио препаратының бір таблеткасын құрайды. Отрио препараты статиндермен емдеуге қосылған кезде не осы статиннің тиісті әдеттегі бастапқы дозасын, не статиннің басталған анағұрлым жоғары дозасын жалғастыру керек. Мұндай жағдайларда осы статинді қолдану жөніндегі нұсқаулықты оқу керек. Жүректің ишемиялық ауруы және анамнезінде жедел коронарлық синдром көріністері бар пациенттерде қолдану ЖИА және анамнезінде жедел коронарлық синдром көріністері бар пациенттерде жүрек-қантамыр оқиғаларының қаупін қосымша төмендету үшін Отрио 10 мг жүрек-қантамыр тиімділігі дәлелденген статинмен бірге қолданыла алады. Өт қышқылдарының секвестранттарымен бірге қолдану Отрио препаратын өт қышқылдарының секвестрантын енгізгеннен кейін ≥ 2 сағат бұрын немесе ≥ 4 сағаттан кейін қолданған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Емдеуді маманның бақылауымен бастау керек. Балалар мен жасөспірімдер ≥ 6 жастағы: 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда эзетимибті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Дозалау бойынша ұсынымдар берілмейді. Егер Отрио препараты статинмен бір мезгілде тағайындалса, балаларда статинді дозалау жөніндегі нұсқаулықты оқу керек. <6 жастағы балалар: <6 жастағы балаларда эзетимиб қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттер үшін препараттың дозасын таңдау қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесі бар пациенттер үшін (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-6 балл) препарат дозасын таңдау талап етілмейді. Функциясы орташа (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 7-9 балл) және ауыр (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 баллдан астам) түрде бұзылған пациенттерге Отрио препаратын қолдану ұсынылмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Препаратты тамақ ішуге қарамастан тәуліктің кез келген уақытында ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.