+129 бонус

ОТОФА 2,6% 10 мл уш.капли

2590 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рифамицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Лаборатуар Фармастер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 мл препараттың құрамында: белсенді зат - 2.60 рифамицин натрий, 2 000 000 ХБ рифамицинге баламалы қосымша заттар: макрогол 400 (полиэтиленгликоль 400), аскорбин қышқылы, динатрий эдетаты, калий метабисульфиті, литий гидроксиді, тазартылған су
Қолданылуы
ОТОФА препараты құлақтан шығатын іріңді бөлінділердің кейбір түрлерін жергілікті емдеуге арналған: - транстимпанитті аэратормен - қуысты дренаждаумен - дабыл жарғағы ашық, сүйектердің қабынуынсыз болатын созылмалы отит жағдайында. Ескертпе: рифамицин Pseudomonas aeruginosa (көкшіліріңді таяқша) қатысты белсенді емес, бұл бактерия осы ауру туындататын инфекциялардың кем дегенде 30% - дан астамын туындатады. Бактерияға қарсы дәрілерді дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқаулар ескерілу керек.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер: күніне 2 рет 5 тамшыдан. Күн сайын таңертең зақымданған құлаққа құлақ түтігіне 5 тамшыдан тамызу керек және кешке осы әрекетті қайталау керек. Балалар: күніне 2 рет 3 тамшыдан. Күн сайын таңертең зақымданған құлаққа құлақ түтігіне 3 тамшыдан тамызу керек және кешке осы әрекетті қайталау керек. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Жергілікті қолдануға арналған. Құлақ қалқанына тамызу. Құлаққа салқын ерітіндінің жағымсыз енуіне жол бермеу үшін пайдаланған кезде құтыны алақанда бірнеше минут ұстап жылытыңыз. Басыңызды еңкейтіп, құлақ қалқанын бірнеше рет тарту арқылы зақымданған құлаққа тамшыны тамызыңыз. Тамшының есту жолына оңай енуі үшін басыңызды шамамен 5 минутқа бір жағыңызға қарай еңкейтіңіз. Қажет болса, емшараны екінші құлаққа қайталаңыз. Емдеу курсы аяқталғаннан кейін құтыны тастаңыз; кейін қайта пайдалану мақсатында қалдықтарын сақтамаңыз. Киіміңізге тигізбеңіз, себебі ерітінді тоқыма матаны былғауы мүмкін. Емдеу ұзақтығы Емдеу ұзақтығы әдетте 7 күнді құрайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.