+39 бонус

ОТИПОЛ 5 мл капли ушн. Комплекс

790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон в комбинации с противомикробными препаратами
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Лекос РК
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: неомицин сульфаты 5 мг, дексаметазонның натрий фосфаты 1 мг, полимиксин В сульфат 10 000 ӘБ, қосымша заттар: натрий дигидрофосфат дигидраты және динатрий фосфат додекагидраты рН 6.0 – 8.0 дейін, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
- дабыл жарғағы зақымдалмаған, шығу тегі бактериалық сыртқы отиттің жергілікті терапиясында; - сыртқы есту жолының инфекция жұқтырылған экземасында. Препаратты отоуыттылық қаупіне байланысты дабыл жарғағы тесілген жағдайда қолдануға болмайды. Бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдану бойынша ресми ұсыныстарды ескеру қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - аминогликозидтер тобының кез келген басқа препаратына аса жоғары сезімталдық реакциялары - дабыл жарғағының диагноз қойылған немесе болжамды тесілуі - герпестік және желшешекті қоса, сыртқы есту жолының вирустық инфекциялары.
Дозасы
Дозалану режимі Тамызатын дәріні құлақтың есту жолына таңертең және кешке тамызады. Ересектерге 1-5 тамшы ерітіндіні зақымдалған құлаққа тәулігіне 2 рет. Балаларға (жасына қарай) 1-2 тамшы ерітіндіні зақымдалған құлаққа тәулігіне 2 рет. Емдеу курсының ұзақтығы 7 күнді құрайды. Енгізу әдісі мен жолы Жергілікті қолдану үшін. Құлақ қалқанына тамызу. Құлаққа тамызатын дәріні пайдалану алдында, құлаққа салқын сұйықтықтың енуі сияқты жағымсыз сезімнің болмауы үшін, құтыны қолға ұстап жылытып алу ұсынылады. Тамшылардың есту жолына енуін жеңілдету үшін басын қисайтып, құлақ қалқанын бірнеше рет тартып тұрып ауру құлағына тамызады, басын бір жағына қисайтқан күйінде шамамен 5 минут ұстау керек. Қажет болғанда басқа құлағына тамызады. Қысымдағы күйінде енгізуге болмайды. Ем аяқталғаннан кейін препаратты жою керек және кейін қайталап қолдану мақсатында қалдықты сақтауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.