+294 бонус

ОРВИКОЛД ЛИМОН №10 пак Комплекс

5890 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Өндіруші: Лекфарм СООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір пакеттің ішінде (ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ (лимон)): белсенді заттар: парацетамол 325.0 мг, фенирамин малеаты 20.0 мг, фенилэфрин гидрохлориді 10.0 мг. Қосымша заттар: Сусыз лимон қышқылы, қант. «Лимон» хош иістендіргіші (хош иістендіргіштер: хош иісті өнімдер, хош иісті заттар, табиғи хош иісті заттар. Басқа құрамдас бөліктер: мальтодекстрин, гуммиарабик (Е 414)).
Қолданылуы
- қызба мен қалтырауды, бас ауыруын, тұмаурату, мұрынның бітелуін, түшкіру мен дененің ауыруын қоса, тұмау мен суық тиюдің қысқа мерзімді симптоматикалық емі.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауырдың ауыр дисфункциясы (цирроз және асцит) / жедел гепатит немесе декомпенсацияланған белсенді бауыр ауруы - бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - тұқым қуалайтын конституциональді гипербилирубинемия (Мейленграхт синдромы) - ауыр жүрек-қантамыр аурулары - гипертензия - феохромоцитома - гипертиреоз - қалдық несеппен қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы - гемолиздік анемия - жабық бұрышты глаукома - алкогольді шамадан тыс тұтыну - МАО тежегіштерімен бір мезгілде емдеу немесе оларды қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 аптадан аспайтын ем - трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде емдеу - бета-адреноблокаторлармен бір мезгілде емдеу - басқа симпатомиметиктермен бір мезгілде емдеу - эпилепсия - тұқым қуалайтын фруктоза көтере алмаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы (препарат құрамында қант бар) - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер және балалар.
Дозасы
Ең жоғары тәуліктік дозаны арттыруға болмайды. Артық дозалану қаупін болдырмау үшін, бір мезгілде қабылданатын басқа препараттардың құрамында парацетамол жоқ екеніне көз жеткізу керек. Ересектер мен 18 жастан асқан жасөспірімдер - бір реттік доза: 1 пакет. Тәуліктік доза - әр 4-6 сағат сайын 1 пакеттен. Ең жоғары тәуліктік доза: тәулігіне 3 пакет. Дозалау жөніндегі арнайы нұсқаулар: Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қабылдаудың ең аз аралығын мына кестеге сәйкес түзету керек. Креатинин клиренсі Дозалау аралығы ≥50 мл / мин 4 сағат 30-50 мл / мин 6 сағат Гемодиализдегі пациенттерде парацетамолдың емдік дозаларын қабылдағаннан кейін жартылай шығарылу кезеңі 40-50%-ға қысқаруы мүмкін. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. 1 пакеттің ішіндегісін бір стақан қайнаған ыстық суда еріту және ыстықтай ішу керек. Препаратты күннің кез келген уақытында қабылдауға болады, бірақ дұрысы кешке немесе ұйықтар алдында қабылдау. Дозалар арасындағы аралық уақыт кемінде 4 сағатты құрауы тиіс. Үздіксіз қабылдаудың ең жоғары кезеңі - дәрігердің кеңесінсіз 3 күн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.