+260 бонус

ОРУНГАЛ 100 мг №14 капс

9:00-ден кейін қолжетімді
5200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Итраконазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: ООО Джонсон & Джонсон
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 100 мг итраконазол, қосымша заттар: сахароза, гипромелоза 2910 5mPa.s, макрогол 20000, капсуланың құрамы: азорубин (Е122), титанның қостотығы (Е171), индигокармин (Е132), желатин.
Қолданылуы
Орунгал® келесі зеңдік ауруларда қолданылады: Беткейлік микоздар: вульвовагиналық кандидоз, кебек тәрізді теміреткі, дерматофитоз, ауыздың шырышты қабығының кандидозы және зеңдік кератит. Дерматофиттерден және/немесе ашытқы тәрізді зеңдерден туындаған онихомикоздарда. Жүйелі микоздар: аспергиллез және кандидоз, криптококкоз (криптококтық менингитті қоса): иммун тапшылығы бар пациенттерде және орталық жүйке жүйесінің криптококкозы бар пациенттердің барлығында Орунгал® препараты тек, егер бұл жағдайда алғашқы желі препараттары қолданылмайтын немесе тиімсіз болған жағдайда ғана тағайындалуы тиіс; гистоплазмоз, споротрихоз, паракокцидиоидомикоз, бластомикоз және басқа сирек кездесетін, жүйелі микоздар.
Қарсы көрсетілімдер
- Белсенді затына немесе 6.1 бөлімінде атап келтірілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - Орунгал капсулаларын төменде атап келтірілген бірқатар CYP3A4 субстраттарымен бір мезгілде қолдануға болмайды. Анальгетиктер, анестетиктер Қастауыш алкалоидтары (дигидроэрготамин, эргометрин, эрготамин, метилергометрин сияқты) Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар, жүйелі қолдануға арналған микобактерияға қарсы препараттар, зеңге қарсы препараттар Изавуконазол Гельминтке қарсы және протозойға қарсы препараттар Алофантрин Жүйелі қолдануға арналған антигистаминдік препараттар Астемизол Мизоластин Терфенадин Ісікке қарсы препараттар Иринотекан Венетоклакс (емдеудің басында созылмалы лимфоциттік лейкозы болған пациенттерде және венетоклакстың дозасын титрлеу фазасында) Тромбозға қарсы дәрілер Дабигатран Тикагрелор Вирусқа қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар Омбитасвир/паритапревир/ритонавир (дасабувирмен немесе онсыз) Жүрек-қантамыр жүйесі (ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер; гипертензияға қарсы дәрілер; бета-блокаторлар; кальций өзекшелерінің блокаторлары; кардиотерапия; диуретиктер) Алискирен Эплеренон Хинидин Бепридил Финеренон Ранолазин Дизопирамид Ивабрадин Силденафил (өкпе гипертензиясы) Дофетилид Лерканидипин Дронедарон Нисолдипин Диареяға қарсы, ішек қабынуына қарсы/инфекцияға қарсы дәрілерді қоса, асқазан-ішек дәрілері; құсуға қарсы дәрілер; іш жүргізетін дәрілер; асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстары кезінде қолданылатын дәрілер Цизаприд Домперидон Налоксегол Иммуносупрессанттар Воклоспорин Липидтер алмасуын реттейтін препараттар Ловастатин Ломитапид Симвастатин Психоаналептиктер, психолептиктер (мысалы, нейролептиктер, анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілер) Луразидон Пимозид Сертиндол Мидазолам (пероральді) Кветиапин Триазолам Урологияда пайдаланылатын препараттар Аванафил Дарифенацин Солифенацин (бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде немесе бауыр функциясының орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерде) Дапоксетин Фезотеродин (бүйрек немесе бауыр функциясының орташадан ауыр дәрежеге дейінгі бұзылулары бар пациенттерде). Варденафил (75 жастан асқан пациенттерде). Басқа Колхицин (бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылулары бар пациенттерде) Элиглустат (CYP2D6 метаболизмі баяу, CYP2D6 метаболизмі орташа немесе метаболизмі күшті, CYP2D6 изоферментінің күшті немесе орташа тежегішін қабылдап жүрген пациенттерде). - Жоғарыда көрсетілген препараттарды итраконазолмен бірге қолданудың салдарынан олардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы, аталған дәрілік препараттардың емдік әсерін де, өмірге қауіп төндіретін жай-күйдің туындауына түрткі болуы ықтимал жағымсыз әсерлерін де күшейтуі немесе ұзартуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда көрсетілген препараттардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына, сондай-ақ, "пируэт" типті қарыншалық тахикардия немесе өлімге соқтыруы ықтимал аритмия жағдайларын қоса, қарыншалық тахиаритмияға алып келуі мүмкін (нақты мысалдар 4.5 бөлімінде келтірілген). - Орунгал капсулалары өмірге қауіп төндіретін немесе басқа күрделі инфекцияларды емдеу жағдайларын қоспағанда, қарынша дисфункциясының белгілері, мысалы, жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (ЖІЖ) бар немесе анамнезінде ЖІЖ болған пациенттерге тағайындалмауы тиіс (4.4 бөлімін қараңыз). - Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - өмірге қауіп төндіретін жағдайлардан басқасында, жүктілік кезінде Орунгал капсулаларын қабылдамау керек (4.6 бөлімін қараңыз). Бала туатын жастағы, Орунгалды қабылдап жүрген әйелдер, контрацепцияның тиісінше әдістерін пайдалануы тиіс. Тиімді контрацепция Орунгал препаратымен емдеу аяқталғаннан кейінгі алғашқы етеккір кезеңінде де жалғастырылуы тиіс.
Дозасы
Беткейлік зең инфекцияларын емдеу

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.