+340 бонус

ОРСОТЕН 120 мг №21 капсул Орлистат

6800 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Орлистат
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Российская Федерация
  • Өндіруші: ООО КРКА-РУС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – 120 мг орлистат қосымша зат: микрокристалды целлюлоза капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е 171), гипромеллоза.
Қолданылуы
Төмен калориялы диетамен (дене салмағының индексі (ДСИ) 30 кг/м2 және одан жоғары) бірге семіруді немесе ілеспелі қауіп факторларымен артық дене салмағы бар (ДСИ > 28 кг/м2) пациенттерді емдеу кезінде. Препаратпен емдеу басталғаннан кейін 12 апта өткен соң дене салмағы бастапқы көрсеткішінен кем дегенде 5% төмендеуі болмаған жағдайда, емдеуді тоқтату керек.
Қарсы көрсетілімдер
- орлистатқа немесе Орсотен® препаратының басқа компоненттерінің кез келгеніне аллергия (аса жоғары сеізмталдық) - созылмалы мальабсорбция синдромы (ас қорыту жолынан қоректі заттардың жеткіліксіз сіңуі) - холестаз (бауыр ауруы) - жүктілік немесе емшек емізу - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Орсотен® препаратын әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Егер сіз препаратты қабылдаудың дұрыстығына күмәндансаңыз, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Орсотеннің әдеттегі дозасы күніне үш негізгі тамақтың әрқайсысымен қабылданатын 120 мг бір капсуланы құрайды. Препаратты тура тамақтанар алдында, кезінде немесе тамақтан кейін бір сағаттан кешіктірмей қабылдауға болады. Капсуланы сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Орсотенді жемістер мен көкөністерге бай және май түрінде шамамен 30% калориясы бар теңдестірілген, төмен калориялы диетамен бірге қолдану керек. Күнделікті майларды, көмірсулар мен ақуыздарды қабылдауды үш негізгі тамақтануға бөлу керек. Бұл дегеніміз, сіз әдетте таңғы ас кезінде бір капсуланы, түскі ас кезінде бір капсуланы және кешкі ас кезінде бір капсуланы қабылдайсыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін печенье, шоколад және тамақ арасында тіскебасар сияқты май мөлшері жоғары тағамдарды жеуден аулақ болу керек. Орсотен® тамақтану рационында май болған жағдайда ғана әсер етеді етеді. Сондықтан, егер сіз негізгі тамақты өткізіп алған болсаңыз немесе тағам құрамында май болмаса, Орсотен® препаратын қабылдаудың қажеті жоқ. Егер сіз қандай да бір себептермен препаратты дәрігер тағайындағандай қабылдамаған болсаңыз, дәрігерге хабарлаңыз. Әйтпесе, сіздің дәрігеріңіз препарат тиімсіз немесе жақсы көтерімді деп ойлауы мүмкін және қажет болмаса да, емдеуді өзгертуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.