ОРНИСИД ФОРТЕ 500 мг №10 таб

2260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Орнидазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: АБДИ ИБРАХИМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 500 мг орнидазол, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (102 тип), жүгері крахмалы, гидроксипропилметилцеллюлоза (Е-15), магний стеараты қабықтың құрамы: Opadry II 85F18422 White (поливинил спирті (Е1203), титанның қостотығы, макрогол/PEG (MW 3350) (E1521), тальк)
Қолданылуы
- әйелдер мен еркектердегі трихомониазда: трихомонадалық вульвовагинитте, уретритте, бартолинитте, цервицитте, простатитте, аднекситте - амебиазда: амебалық дизентерияда, ішектен тыс амебиазда (соның ішінде бауырдың амебалық абсцесінде) - лямблиозда - тоқ ішектегі хирургиялық операцияларда және гинекологияда анаэробтық инфекциялардың профилактикасында
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ОЖЖ органикалық аурулары
Дозасы
Ересектердегі трихомониазды емдеген кезде біріктірілген емнің екі сызбасы қолданылады Орнидазолды қабылдау кезеңінде және қабылдауды тоқтатқаннан кейін 3 күн бойы алкогольді ішуден бас тарту керек, өйткені бұл қызарумен, седациямен, жүрек айнумен, құсумен, гипотензиямен және күйдірумен сипатталатын реакцияларға әкелуі мүмкін. Емдеу курсы 1 сызба 2 сызба Бір рет қабылдау 1,5 г (3 таб.) ішке 1г (2 таб.) ішке + 1 қынаптық таб. (Орнисид) ұйықтар алдында 5 күн 500 мг (1таб.) таңертең және 500 мг (1 таб.) ішке кешке 500 мг (1таб.) таңертең 500 мг  (1 таб.) кешке ішеді + 1 қынаптық таб. (Орнисид) ұйықтар алдында Қалай болғанда да, жыныстық серігі қайта инфекциялануды болдырмау мақсатында сондай пероральді дозаны қолдану арқылы емдеу курсынан өтуі керек. Балаларға дозаны тәулігіне кг дене салмағына 25 мг есебінен белгілейді. Амебалық дизентерияда ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға кешке ішке тәулігіне 1 рет 1,5 г (3 таб.) тағайындайды; дене салмағы 60 кг асатын ересектерге – тәулігіне 2 г (2 таб. таңертең және 2 таб. кешке). Дене салмағы 35 кг аздау балаларға препаратты тәулігіне 1 рет кг дене салмағына 40 мг есебімен тағайындайды. Емдеу курсы – 3 күн. Амебиаздың басқа түрлерінде ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға тәулігіне 2 рет 500 мг-ден (1 таб. таңертең және 1 таб. кешке) ішке тағайындайды. Емдеу курсы– 5-10 күн. Лямблиоз кезінде ересектер мен дене салмағы 35 кг асатын балаларға 1-2 күн бойы кешке ішке тәулігіне 1 рет 1,5 г-ден (3 табл.), немесе 5-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг-ден (1 таб. таңертең және 1 таб. кешке) тағайындайды. Дене салмағы 35 кг аздау балаларға препаратты 1-2 күн бойы қабылдағанда тәулігіне 1 рет кг дене салмағына 40 мг есебінен тағайындайды. Анаэробтық бактериялардан туындаған инфекциялардың профилактикасында - операция алдында 0.5-1 г және операциядан кейін 3-5 күн бойы тәулігіне 2 рет 0.5 г. Балаларға арналған тәуліктік доза кг дене салмағына 25 мг есебімен белгіленеді. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды тамақтан кейін қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.