+154 бонус

ОРЦЕРИН 50 мг №30 капс

3090 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диацереин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодс Фармасьютикалз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 50 мг диацереин қосымша заттар: бетациклодекстрин, натрий лаурилсульфаты, сусыз лактоза, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, капсула корпусы: бриллиантты көк (Е133), хинолинді сары (Е104), понсо 4R (E124), титанның қостотығы (Е171), натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, желатин, капсула қақпақшасы: бриллиантты көк (Е133), хинолинді сары (Е104), понсо 4R (E124), титанның қостотығы (Е171), натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий лаурилсульфаты, желатин.
Қолданылуы
Остеоартриттің функционалдық симптомдарын және белгілерін симптоматикалық емдеу. Клиникалық әсердің баяу дамуына байланысты тез бұзылатын ұршық буын остеоартрозы бар пациенттерге диацереинмен емдеу ұсынылмайды.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - антрахиондық препараттарға жоғары сезімталдық (мысалы, іш жүргізетін дәрілер) - ішектің органикалық қабыну ауруы (спецификалық емес ойық жаралы колит, Крон ауруы) - ішектің бітелуі немесе ішінара бітелуі - шығу тегі белгісіз абдоминальді ауыруы синдромы - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - галактоза фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, галактоземия немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - окклюзиялық немесе субокклюзиялық синдром
Дозасы
50 мг-ден (1 капсула) күніне екі рет тамақтану кезінде ішке қабылданады. Кейбір пациенттерде сұйық нәжіс немесе диарея болуы мүмкін, ұсынылатын бастапқы доза емдеудің алғашқы 2-4 аптасында кешкі ас кезінде күніне бір рет 50 мг құрайды, содан кейін тәуліктік доза күніне екі рет 50 мг құрайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) дозасын жартылай азайту қажет. Егде жастағы пациенттер 65 жастан асқан пациенттерге ұсынылмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Капсулаларды тамақтану кезінде, бір капсуланы таңғы аспен, екіншісін кешкі аспен қабылдау керек. Капсулаларды ашпай, бір стақан сумен жұтып қойыңыз. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы кемінде 6 ай құрайды немесе оны дәрігер белгілейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.