+81 бонус

ОМЕЗ 40 мг №28 капсул

1630 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Dr. Reddy's Laboratories Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат - 40 мг омепразол, қосымша заттар: маннитол/маннитол 25С, кросповидон, гипромеллоза 5 срs, полоксамер 407 (Lutrol F127), меглюмин. PVP жабыны: повидон (PVPK-30). Ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Eudragit L 100-55)/ метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Drugcoat L100-55), триэтилцитрат, магний стеараты. Қатты желатин капсуланың құрамы: желатин, тазартылған су. Капсула корпусы: темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171). Капсула қақпақшасы: FD&С Сары 6 (Е110), FD&С Қызыл 40 (Е129), FD&С Көк 1 (Е133), D&C Қызыл 28, титанның қостотығы (Е171). Қара сия құрамы: шеллак (Е904), сусыз этанол (Е1510), изопропил спирті, бутанол, пропиленгликоль (Е1520), аммиак концентрацияланған ерітіндісі (E527), темірдің қара тотығы (Е172), калий гидроксиді (Е525) , тазартылған су.
Қолданылуы
Омез ересектерде қолдануға арналған: асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы рефлюкс-эзофагит, эзофагит, оның ішінде эрозиялық емес және эрозиялық эзофагит, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы Золлингер-Эллисон синдромы Нelicobaсter pylori - астасқан асқазан ауруларында кешенді ем құрамында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдауға байланысты асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Омепразолды, протонды сорғының басқа тежегіштері (ПСТ) сияқты, нелфинавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. жүктілік және лактация кезеңінде балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектер мен 18 жастан асқан балаларға арналған. Препаратты тамақтанудың алдында, капсуланы зақымдамай, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп, қолдану ұсынылады. Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу үшін Омездің® ұсынылатын дозасы – 4 апта бойы күніне бір рет 20 мг. Емдеуді 4 аптаға дейін жалғастыруға болады. Асқазан ойық жарасын емдеу үшін Омездің® ұсынылатын дозасы – 4-8 апта бойы күніне бір рет 40 мг-ден. Гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын (ГЭРА), эрозиялық емес эзофагитті емдеудің қысқа курсы үшін Омездің® ұсынылатын күнделікті дозасы – 4 апта бойы тәулігіне бір рет 20 мг. Эрозиялық эзофагиті және ГЭРА асқынған түрі бар науқастар үшін Омез® 4 – 8 апта бойы 20 мг дозада тағайындалады. Жоғарыда көрсетілген емдеу нәтижелілігінің жеткіліксіздігі жағдайында  I - IV сатыдағы ГЭРА кезінде 40 мг-ден тәулігіне бір рет 4 - 8 апта бойы қабылдау ұсынылады. Барынша ұзақ емдеу кезінде 20 мг доза тәулігіне бір рет, таңертең қабылдауға тағайындалады. Золлингер-Эллисон синдромымен зардап шегетін науқастарға ұсынылатын Омездің® бастапқы дозасы – 60 мг. Қажет болғанда 2 қабылдауға бөліп, дозаны тәулігіне 120 мг дейін арттырады. Нelicobaсter pylori – астасқан асқазанның ауруларында кешенді ем құрамында: ұсынылатын доза тәулігіне 2 рет 20 мг (қатаң түрде 12 сағат өткен соң, таңертең және кешке) микробтарға қарсы еммен біріктірілімде 7 - 14 күн бойы. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларында Ұсынылатын доза - 4-8 апта бойы тәулігіне бір рет 20 мг. Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қолданғанда жаңа ойық жараларының пайда болуын болдырмау мақсатында ұзақ уақыт препаратты 20 мг-ден тәулігіне бір рет, таңертең қолдану ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Препаратты тамақтанудың алдында, капсуланы зақымдамай, сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп, қолдану ұсынылады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.