+62 бонус

ОМЕЗ 20 мг №30 капс Омепразол

1240 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ИНДИЯ
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат: 20 мг омепразол, қосымша заттар: маннитол, лактоза, натрий лаурилсульфаты, сахароза, сахароза (25/20), гипромеллоза (6cps) негізгі қабық: гипромеллоза (6cps) ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы кополимері (С типті) (эудрагит L 100-55), натрий гидроксиді, макрогол 6000, тазартылған тальк, титанның қостотығы Е171 капсуланың құрамы: корпусы: желатин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты қақпақшасы: желатин, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты, кармоизин Е122
Қолданылуы
Ересектер - он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу - он екі елі ішектің ойықжарасының қайталануының профилактикасы - асқазан ойықжарасын емдеу - асқазан ойықжарасы қайталануына профилактика - тиісті антибиотиктермен біріктіріп, асқазанның ойықжара ауруы кезінде Helicobacter pylori (H. pylori) жою үшін - ҚҚСП туындатқан асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасын емдеу - ҚҚСП туындатқан қауіп аймағындағы пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің ойықжарасының профилактикасы - рефлюкс-эзофагитті емдеу - рефлюкс-эзофагиттен емделген пациенттерді ұзақ мерзімді емдеу - симптоматикалық пептидтік рефлюкс-эзофагитті емдеу - Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар - нелфинавирмен бір мезгілде қолдану
Дозасы
Ересектерге Омез® препаратының он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу үшін ұсынылатын дозасы – 4 апта бойы күніне екі рет 20 мг (1 капсуладан). Емдеуді тағы 4 аптаға ұзартуға болады. Он екі елі ішектің сезімталдығы әлсіз ойық жарасы бар пациенттер үшін Омез® препаратын тәулігіне бір рет 40 мг қолдану ұсынылады, емдеу курсы 4 апта. Омез® препаратының асқазанның ойық жарасын емдеу үшін ұсынылатын дозасы –4-8 апта бойы күніне екі рет 20 мг (тәулігіне 40 мг). Омез® препаратының гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды (ГЭРА), эрозиялы емес эзофагитті емдеудің қысқа курсы үшін ұсынылатын дозасы – 4 апта бойы күн сайын тәулігіне бір рет 20 мг (1 капсуладан). Омез® препаратының асқазан ойық жарасының қайталануларының профилактикасы үшін ұсынылатын дозасы – 4 апта бойы тәулігіне бір рет 20 мг. Қажет болса Омез® препаратының дозасын 4 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады. Эрозиялы эзофагиті және ГЭРА асқынған түрлері бар науқастар үшін Омез® 4-8 апта бойы 20 мг дозада (1 капсуладан) тағайындалады. Жоғарыда көрсетілген емнің нәтижелілігі жеткіліксіз болған жағдайда, ГЭРА I-II сатылары бар пациенттерде 4-8 апта бойы тәулігіне екі рет 20 мг қабылдау ұсынылады, ГЭРА III-IV сатылары кезінде 4-8 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг қабылдау ұсынылады. Ұзағырақ емдеген кезде тәулігіне бір рет, таңертең қабылдағанда 20 мг дозасы тағайындалады. Омез® препаратының Золлингер-Эллисон синдромынан зардап шегетін науқастар үшін ұсынылатын бастапқы дозасы – 60 мг. Қажет болса дозасын 2 қабылдауға бөле отырып, тәулігіне 120 мг дейін арттырады. Асқазанның Нelicobaсter pylori-мен астасқан ауруында кешенді ем құрамында: ұсынылатын дозасы тәулігіне 2 рет 20 мг (қатаң түрде 12 сағат сайын, таңертең және кеште) 7-14 күн бойы микробқа қарсы емдеумен біріктіріп. - Омез® 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, бір апта бойы тәулігіне екі рет, немесе - Омез® 20 мг + кларитромицин 250 мг (немесе 500 мг) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әр препарат бір апта бойы тәулігіне екі рет, немесе - Омез® 40 мг тәулігіне бір рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен бірге (немесе 500 мг немесе тинидазолмен 500 мг), екеуі де бір апта бойы күніне үш рет. Асқазан-ішек жолының қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары - ұсынылатын дозасы - 4-8 апта бойы тәулігіне екі рет 20 мг (40 мг). Жаңа ойық жаралардың пайда болуын болдырмау мақсатында, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қолданғанда препаратты ұзақ уақыт бойы 20 мг-ден тәулігіне бір рет, таңертеңгілік қолдану ұсынылады. Асқазан-ішек жолының қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары - ұсынылатын дозасы – 4 - 8 апта бойы тәулігіне екі рет 20 мг . Омез® препаратының қауіп тобындағы пациенттерде асқазан мен он екі елі ішектің қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен байланысты ойық жараларының профилактикасы үшін ұсынылатын дозасы (> 60 жас, анамнездегі асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, бұрын асқазан-ішек жолынан қан кетулерді бастан өткергендер), ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 20 мг. Омез® препаратының рефлюкстік эзофагитті емдеу үшін ұсынылатын дозасы - 4 апта бойы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Ауыр эзофагиті бар пациенттер үшін Омездің ұсынылатын дозасы 8 апта бойы тәулігіне бір рет 40 мг. Омез® препаратының симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті емдеу үшін ұсынылатын дозасы - 4 апта бойы тәулігіне бір рет 20 мг. Омез® препаратының Золлингер-Эллисон синдромынан зардап шегіп жүрген науқастар үшін ұсынылатын дозасы – тәулігіне бір рет 60 мг. Қажет болса, дозасын 2 қабылдауға бөле отырып, тәулігіне 120 мг дейін арттыру ұсынылады, егер препараттың дозасы тәулігіне 80 мг асатын болса, ол екіге бөлінуі және тәулігіне екі рет қабылдануы тиіс. Препаратты тамақтың алдында қолдану ұсынылады, капсуланы бүлдірмей, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Тұрғындардың арнайы тобы Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәуліктік 10-20 мг дозасы жеткілікті болуы мүмкін Егде жастағы пациенттер (> 65 жас) Егде жастағы пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.