+97 бонус

ОМЕЗ 10 мг №30 капс

1950 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Д-р Редди`с Лабораторис Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат - омепразол 10 мг, қосымша заттар: маннитол/маннитол 25С, кросповидон, гипромеллоза 5 срs, полоксамер 407 (Lutrol F127), меглюмин. PVP жабыны: повидон (PVPK-30) Ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Eudragit L 100-55)/ метакрил қышқылы және этилакрилат кополимері (Drugcoat L100-55), триэтилцитрат, магний стеараты. Қатты желатин капсуланың құрамы: желатин, тазартылған су. Капсула корпусы: темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171). Капсула қақпақшасы: FD&С Сары 6 (Е110), FD&С Қызыл 40 (Е129), FD&С Көк 1 (Е133), D&C Қызыл 28, Титанның қостотығы (Е171). Қара сия құрамы: шеллак (Е904), сусыз этанол (Е1510), изопропил спирті, бутанол, пропиленгликоль (Е1520), аммиак концентрацияланған ерітіндісі (E527), темірдің қара тотығы (Е172), калий гидроксиді (Е525) , тазартылған су.
Қолданылуы
Омез® ересектерде қолдануға арналған: симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу (қыжыл, қышқыл кекіру сияқты симптомдар)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық Омепразолды, протонды сорғының басқа тежегіштері (ПСТ) сияқты, нелфинавирмен бір мезгілде пайдалану ұсынылмайды жүктілік және бала емізу кезеңінде балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Дозасы
Ересектер үшін. Тамақтанудан 30 минут бұрын жеткілікті су мөлшерімен ішке қабылдау (капсуланың ішіндегісін шайнауға болмайды) керек. Егер пациент капсуланы бүтіндей жұта алмаса, оның ішіндегісін аздаған су мөлшерінде немесе жеміс шырынында ерітуге болады (газдалған сусындарда ерітуге болмайды). Препараттың алынған ерітіндісін дайындаған соң бірден қосымша ½ стақан сумен ішу керек. Қыжыл, қышқылды кекіру сияқты гастроэзофагеальді рефлюкс симптомдары Омез® препаратының әдеттегі дозасы тәулігіне бір рет 10 мг (1 капсула) құрайды. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 20 мг-ден аспауы тиіс. Үнемі ең аз тиімді доза пайдаланылуы тиіс. Дәрігер кеңесінсіз ең ұзақ емдеу курсы – 14 күн. 14-күндік емдеу курстары арасындағы үзіліс кемінде 4 айды құрауы тиіс. Егер 2 апта ішінде симптомдардың жеңілдеуі байқалмаса немесе олар өршіп кетсе, емдеуші дәрігерге қаралу қажет. Препаратты айрықша жағдайларда қолдану Омез® препаратын айрықша жағдайларда қолдану мүмкіндігін дәрігер бағалайды. Бүйрек функциясының бұзылуы Дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының бұзылуы Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде Омепразол биожетімділігі мен клиренсі артады. Қолданар алдында дәрігермен кеңесу қажет. Егде жас Омепразол метаболизмі жылдамдығының егде жастағы тұлғаларда төмендеуіне қарамастан, препаратты 20 мг және одан аз тәуліктік дозада қолданғанда дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Тамақтанудан 30 минут бұрын жеткілікті су мөлшерімен ішке қабылдау керек (капсуланың ішіндегісін шайнауға болмайды). Егер пациент капсуланы бүтіндей жұта алмаса, оның ішіндегісін аздаған су мөлшерінде немесе жеміс шырынында ерітуге болады (газдалған сусындарда ерітуге болмайды). Препараттың алынған ерітіндісін дайындаған соң бірден қосымша ½ стақан сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.