+20 бонус

ОМЕПРАЗОЛ 20 мг №30 капсул

410 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Белорусь
  • Өндіруші: Лекфарм ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – омепразол (8.5% омепразол пеллеті түрінде) 20.00 мг, қосымша заттар (пеллет): маннит, сахароза, динатрий гидрофосфаты, натрий лаурилсульфаты, лактоза моногидраты (7.99 мг), кальций карбонаты, гидроксипропилметилцеллюлоза, метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері (1:1), пропиленгликоль, диэтилфталат, цетил спирті, натрий гидроксиді, полисорбат 80, поливинилпирролидон, титанның қостотығы (Е 171), тальк, капсула қабығының құрамы: титанның қостотығы (E 171), желатин.
Қолданылуы
Ересек пациенттер: асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының қайталануын емдеу және профилактикасы; ойық жара ауруы кезінде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясында тиісті бактерияға қарсы препараттармен біріктірілімде; қауіп тобындағы пациенттердегі ҚҚСД-астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу және профилактикасы; рефлюкс-эзофагитті емдеу; емделген рефлюкс-эзофагиті бар пациенттерде рецидивтің ұзақ мерзімді профилактикасы; гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын симптоматикалық емдеу; Золлингер-Эллисон синдромын емдеу. 1 жастан асқан және дене салмағы 10 кг кем емес балалар: рефлюкс-эзофагитті емдеу; гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы кезінде қыжылды симптоматикалық емдеу. 4 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер: H. pylori туындаған он екі елі ішектің ойық жарасын тиісті бактерияға қарсы препараттармен біріктіріп емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
Омепразолға, орын басатын бензимидазолдарға немесе дәрілік препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық. Омепразолды, протонды сорғының басқа тежегіштері (ППТ) секілді, нелфинавирмен бір мезгілде қолдануға болмайды. Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары Егер дене салмағының едәуір түсуі, қайталанатын құсу, дисфагия, қан құсу немесе қара нәжіс секілді алаңдататын симптомдар пайда болса, асқазан жарасына күдік болса, препаратты қабылдау оның симптомдарын бүркемелеп, дұрыс диагнозды қоюды қиындатуы мүмкін болғандықтан, қатерлі түзілудің жоқтығына көз жеткізіп алу керек. Атазанавирді протонды сорғы тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер атазанавир мен протонды сорғы тежегіші біріктірілімін қолданбау мүмкін болмаса, атазанавир дозасын 100 мг ритонавирге 400 мг-ға дейін арттыру үйлесімінде мұқият клиникалық мониторингті (мысалы, вирустық жүктемені) жүргізу ұсынылады; омепразол дозасы 20 мг аспауы тиіс. Омепразол, басқа да қышқылды тежейтін препараттар секілді, гипо - немесе ахлоргидрия арқылы В12 дәруменінің (цианокобаламин) сіңу дәрежесін төмендетуі мүмкін. Мұны В12 дәрумені тапшылығы бар немесе ұзақ мерзімді емдеу кезінде В 12 дәруменінің сіңу дәрежесін төмендету қаупі бар пациенттерді емдеу кезінде ескеру қажет. Омепразол СҮР2С19 тежегіші болып табылады. Омепразолмен емдеу басында немесе соңында СҮР2С19-бен метаболизденетін препараттармен, мысалы, клопидогрелмен өзара әрекеттесудің әлеуетті мүмкіндігін назарға алу қажет. Осы өзара әрекеттесудің клиникалық маңызы түсініксіз болып қала береді. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидогрелді қолдануға жол бермеу керек. Протонды сорғы тежегіштерін кемінде 3 ай, көп жағдайда емдеу жылы ішінде қабылдайтын пациенттерде ауыр гипомагниемияның дамуы туралы хабарламалар алынды. Ауыр жағымсыз әсерлерге қажу, тетания, делирий, құрысулар, бас айналу, қарыншалық экстрасистолия кіреді. Олар білінбей басталып, байқалмайтын болып қалуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігінде жағдай магний тұздарын енгізгеннен кейін және протонды сорғы тежегіштерін қолдануды тоқтатқаннан кейін жақсарды. Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), уытты эпидермальді некролиз (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS) және өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкелетін жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса алғанда, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCAR) өте сирек және сирек жағдайларда омепразолмен емдеуге байланысты тіркелген. Протонды сорғы тежегіштерін ұзақ уақыт қолдануды қажет ететін пациенттерде және протонды сорғы тежегіштері мен дигоксинді немесе гипомагниемияға әкелуі мүмкін басқа да дәрілік препараттарды (мысалы, диуретиктерді) бірге қабылдайтын пациенттерде ем басталғанға дейін және ем кезінде магний деңгейін кезең-кезеңімен тексеру керек. Протонды сорғы тежегіштерін қолдану негізінен егде жастағы пациенттерде жамбас, білек, омыртқа сынықтарының пайда болу қаупінің шамалы жоғарылауына немесе басқа қауіп факторлары болуына байланысты болуы мүмкін. Сынықтардың пайда болу қаупі протонды сорғы тежегіштерін жоғары дозаларда (күнделікті көп рет қабылдау) және/немесе ұзақ ем кезінде (бір жыл және одан да көп) алған пациенттерде артқан. Зерттеулер протонды сорғы тежегіштері сынықтардың жалпы қаупін 10- 40%-ға арттыруы мүмкін екенін көрсетті. Бұл арту ішінара басқа қауіп факторларына байланысты болуы мүмкін. Сынулардың туындау қаупі бар пациенттерді бекітілген клиникалық ұсынымдарға сәйкес емдеу керек. Мұндай пациенттерге Д дәрумені мен кальцийдің жеткілікті мөлшерде тұтынылуын қамтамасыз ету қажет. Протонды сорғы тежегіштерін қолдану кейде жеделге жуық тері қызыл жегісінің пайда болуын тудыруы мүмкін. Артралгиямен қатар жүретін тері көріністері әсіресе күн сәулесінің әсеріне ұшырайтын учаскелерде пайда болған кезде, дереу дәрігерге қаралу және омепразолды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Протонды сорғы тежегіштерін қолданғаннан кейін дамыған анамнездегі жеделге жуық тері қызыл жегісі жағдайларының болуы протонды сорғының басқа тежегіштерін қолданған кезде жеделге жуық тері қызыл жегісі пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. А хромогранинінің (CgA) жоғары деңгейі нейроэндокринді ісіктерді анықтау мақсатында диагностикалық зерттеуді жүргізу кезінде талдау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін протонды сорғы тежегіштерін қолдануды қан сарысуындағы хромогранин деңгейін өлшеуге дейін кемінде бес күн бұрын тоқтату керек. Егер бастапқы өлшеуден кейін CgA және гастрин деңгейі қалыпты мәндерге оралмаса, хромогранин деңгейін анықтауды протонды сорғы тежегіштерін қабылдауды тоқтатқаннан соң 14 күннен кейін қайта жүргізу қажет. Кейбір жағдайларда созылмалы аурулары бар балаларға бұл ұсынылмайтын болса да дәрілік препаратпен ұзақ емдеу қажет болуы мүмкін. Протонды сорғы тежегіштерімен емдеу Salmonella және Campylobacter секілді бактериялармен туындаған асқазан-ішек инфекцияларының даму қаупінің шамалы артуына әкелуі ықтимал, ал ауруханаға жатқызылған пациенттерде Clostridium difficile болуы да мүмкін. Ұзақ емдеу кезінде, әсіресе емдеу мерзімі 1 жылдан асқан жағдайларда пациенттер тұрақты медициналық бақылауда болуы тиіс. Омепразол қабылдаған кезде бүйректе қабыну пайда болуы мүмкін. Белгілер мен симтомдарға несептегі немесе несептегі қан көлемінің төмендеуі және/немесе қызба, бөртпе және буындардың қаттылығы сияқты жоғары сезімталдық реакциялары кіруі мүмкін. Мұндай белгілер туралы дәрігерге хабарлау керек. Егер пациентте кейбір қанттардың жақпаушылығы болса, дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігермен кеңесу керек. Сирек кездесетін тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза- галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы бар пациенттерге бұндай дәрілік препаратты қабылдауға болмайды. Дәрілік препараттың құрамында маннитол бар және ол жеңіл іш жүргізетін әсерге ие. Дәрілік препараттың құрамында 20 мг препаратқа кемінде 1 ммоль (23 мг) натрий бар. Ұзақ мерзімді қайталанатын диспепсиясы немесе қыжыл симптомдары бар пациенттер дәрігерге үнемі қаралуы керек. Әсіресе, диспепсияға немесе қыжылға қарсы дәрі-дәрмектерді күнделікті қолданатын 55 жастан асқан пациенттер бұл туралы дәріхана қызметкеріне немесе дәрігерге хабарлауы керек. Пациенттер дәрігерге келесілер туралы хабарлауы керек: бұрын асқазан жарасы болғаны немесе асқазан-ішек жолына операция жасалғаны; 4 апта немесе одан да ұзақ уақыт бойы диспепсияны немесе қыжылды емдеу үшін симптоматикалық препараттарды үздіксіз қолданып жүргені; сарғаюдың немесе бауырдың күрделі ауруы ; жасының 55-тен асқаны және аурудың жаңа немесе жақында өзгерген симтомдарын байқап жүргені. Пациенттерге омепразолды профилактикалық дәрі ретінде қабылдауға болмайды. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Омепразолдың басқа дәрілік препараттардың фармакокинетикасына әсері рН-тәуелді босап шығатын дәрілік препараттар Омепразолмен ем кезінде асқазандағы төмендеген қышқылдық сіңу механизмі ортаның қышқылдығына байланысты болатын басқа дәрілердің сіңуінің төмендеуіне немесе жоғарылауына әкелуі мүмкін. Қан плазмасында нелфинавир мен атазанавирдің деңгейі оларды омепразолмен бір мезгілде қабылдаған кезде төмендейді. Омепразолды нелфинавирмен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) нелфинавирмен бір мезгілде қолдану нелфинавирдің орташа концентрациясын 40%-ға, ал фармакологиялық белсенді М8 метаболитінің орташа концентрациясын 75- 90%-ға төмендетті. Өзара әрекеттесу CYP2C19 тежелуін де тудыруы мүмкін. Омепразолды атазанавирмен бір мезгілде тағайындау ұсынылмайды. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 40 мг) атазанавир 300 мг/ритонавир 100 мг бір мезгілде қолдану атазанавир концентрациясының 75%-ға төмендеуіне әкелді. Атазанавир дозасын 400 мг дейін арттыру омепразолдың атазанавир концентрациясына әсерін өтемейді. Дені сау еріктілерде омепразолды (тәулігіне бір рет 20 мг) атазанавир 400 мг/ ритонавир 100 мг бір мезгілде қолдану атазанавирді күніне бір рет 300 мг/ритонавирді қабылдаумен салыстырғанда атазанавир концентрациясының шамамен 30%-ға төмендеуіне әкелді. Омепразол (тәулігіне 20 мг) мен дигоксинді бірге қолдану дигоксиннің биожетімділігін 10%-ға арттыруға алып келді. Жоғары дозалардағы дигоксин мен омепразолды егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану қажет. Дигоксиннің емдік дәрілік мониторингісі күшейтілуі тиіс. Дені сау еріктілердегі зерттеу нәтижелері клопидогрел белсенді метаболитінің орта есеппен 46%-ға төмендетуге және барынша тежеудің (АДФ-индукциялаған) тромбоциттер агрегациясының орташа есеппен 16%-ға төмендеуіне әкеле отырып, клопидогрел (екпінді доза 300 мг/күн сайын, тәуліктік демеуші доза 75 мг) және омепразол (80 мг пероральді күн сайын) арасындағы фармакокинетикалық (ФК)/фармакодинамикалық (ФД) өзара әсерлерді көрсетті. Омепразолдың негізгі жүрек-қантамырлар асқынуларына қатысты ФК/ФД өзара әрекеттесуі клиникалық көріністерінің қарама-қайшы деректері екі бақылау және клиникалық зерттеулерде хабарланды. Сақтық шарасы ретінде омепразол мен клопидогрелдің бір мезгілде қолдануын болдырмау керек. Позаконазолдың, эрлотинибтің, кетоконазолдың және итраконазолдың сіңірілуі омепразолмен бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай төмендейді, сондықтан, олардың клиникалық тиімділігі де төмендейді. Позаконазол мен эрлотинибті омепразолмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. CYP2C19 көмегімен метаболизденетін заттар Омепразол - омепразолды метаболиздейтін негізгі фермент CYP2C19 орташа тежегіштері болып табылады. Демек, CYP2C19 ферментімен метаболизденетін қатар жүретін белсенді заттардың метаболизмі төмендеуі және осы заттардың жүйелік әсері артуы мүмкін. Мұндай препараттардың мысалдары болып табылады: R-варфарин және К дәруменінің басқа антагонистері, цилостазол, диазепам және фенитоин. Дені сау пациенттерге 40 мг дозада тағайындалған омепразол цилостазолдың Cmax және AUC тиісінше 18% және 26%-ға, ал оның белсенді метаболиттерінің бірінің Cmaxжәне AUC тиісінше 29% және 69%- ға ұлғайтты. Омепразолмен ем басында алғашқы екі апта ішінде және егер фенитоин дозасы түзетілген болса, онда омепразолмен ем соңында дозаны кейіннен түзете отырып, қан плазмасындағы фенитоин концентрациясын мониторингтеу ұсынылады. Механизмі белгісіз Омепразол мен саквинавирді/ритонавирді бір мезгілде қолдану АИТВ инфекцияланған пациенттерде препараттың жақсы жағымдылығына байланысты қан плазмасындағы саквинавир концентрациясының шамамен 70%-ға дейін ұлғаюына әкеледі. Такролимусты омепразолмен бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы такролимус концентрациясының ұлғаюына әкеледі. Такролимус концентрациясының, сондай-ақ бүйрек функциясының (креатинин клиренсі) күшейтілген мониторингі талап етіледі және қажет болған жағдайда такролимус дозасын түзету қажет. Кейбір пациенттерде протонды сорғы тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде метотрексат деңгейінің жоғарылауы туралы хабарланды. Метотрексаттың жоғары дозаларын тағайындаған кезде омепразол қабылдауды уақытша тоқтату керек. Басқа дәрілік препараттардың омепразол фармакокинетикасына әсері CYP2C19 және/немесе CYP3A4 тежегіштері Омепразол CYP2C19 және CYP3A4 көмегімен метаболизденетін болғандықтан, CYP2C19 немесе CYP3A4 тежейтін белсенді заттар (кларитромицин және вориконазол)омепразол метаболизмі жылдамдығын төмендету есебінен қан сарысуындағы омепразол концентрациясының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Вориконазолмен қатар емдеу омепразолдың әсерін екі есе арттырады. Жоғары дозалар жақсы қабылданатын болғандықтан, әдетте омепразол дозасын түзету қажет болмайды. Дегенмен, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және омепразолмен ұзақ ем тағайындағанда дозаны түзету қарастырылуы тиіс. CYP2C19 және/немесе CYP3A4 индукторлары CYP2C19 және/немесе CYP3A4 (мысалы, рифампицин және кәдімгі шайқурай секілді) индукциялаушы ретінде танылған белсенді заттар омепразолдың метаболизм жылдамдығын арттыру есебінен қан сарысуындағы омепразол концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Арнайы ескертулер
Дозасы
Ересектер Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы асқынған пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттердің көпшілігінде ойық жараны емдеу 2 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерде жаралар жазылу үшін препаратпен қосымша 2 апталық емдеу курсы қажет етілуі мүмкін. Емдеуге сезімталдығы аз он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерге әдетте тәулігіне 1 рет 40 мг омепразол тағайындалады; ойық жараның жазылуы әдетте 4 апта ішінде жүреді. Он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы қайталануының профилактикасы H. pylori-ге теріс талдауы бар пациенттерде он екі елі ішектің ойық жара ауруы қайталануының профилактикасы үшін немесе H. pylori эрадикациясын жүргізу мүмкін болмаған жағдайда тәулігіне 1 рет 20 мг препараттан тағайындау ұсынылады. Кейбір пациенттерге 10 мг тәуліктік дозаны қабылдау жеткілікті болуы мүмкін. Емнің тиімсіздігі жағдайында дозаны тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады. Асқазан ойық жарасын емдеу Асқазан ойық жарасы бар пациенттер үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Асқазан жарасы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерге жара жазылу үшін препаратпен қосымша 4 апта емделу курсы қажет болуы мүмкін. Емдеуге сезімталдығы аз асқазан ойық жарасы бар пациенттерге тәулігіне 1 рет 40 мг препаратты тағайындау ұсынылады және жазылу әдетте сегіз апта ішінде мүмкін болады. Асқазан ойық жарасы қайталануының профилактикасы Нашар емделетін асқазан жарасы бар пациенттерде қайталануды алдын- алу үшін тәулігіне 1 рет 20 мг препаратты тағайындау ұсынылады. Қажет болса, дозаны тәулігіне 1 рет 40 мг дейін арттыруға болады. Ойық жара ауруы кезіндегі H. pylori эрадикациясы pylori эрадикациясы үшін нақты пациентте бактерияға қарсы препараттарды ұлттық, өңірлік және жергілікті резистенттілік деректері мен емдеу қағидаттары бойынша таңдау керек. Омепразол 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, тәулігіне 2 рет 1 апта ішінде, немесе Омепразол 20 мг + кларитромицин 250 мг (500 мг баламалы) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе 500 мг тинидазол), тәулігіне 2 рет 1 апта ішінде, немесе Омепразол 40 мг күніне 1 рет амоксициллинмен 500 мг және метронидазолмен 400 мг (немесе 500 мг немесе 500 мг тинидазол), екеуі де тәулігіне 3 рет 1 апта ішінде. Әрбір емдеу сызбасында, егер пациентте H. Pylori әлі де оң болса, емдеу курсын қайталауға болады. ҚҚСД-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу ҚҚСД-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне 1 рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерге ойық жара жазылу үшін препаратпен қосымша 4 апта емделу курсы қажет болуы мүмкін. Асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСД-мен астасқан ойық жарасы ауруын алдын-алу Қауіп тобындағы пациенттерде (60 жастан асқан адамдар, анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы ауруы, асқазан-ішектен қан кету) ҚҚСД-астасқан асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы ауруын алдын-алу үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Рефлюкс-эзофагитін емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу 4 апта ішінде жүреді, бірақ кейбір пациенттерге ойық жара жазылу үшін препаратпен қосымша 4 апта емделу курсы қажет болуы мүмкін. Ауыр эзофагиті бар пациенттерге тәулігіне бір рет 40 мг препарат тағайындау ұсынылады, жараның бітуі әдетте сегіз апта ішінде мүмкін болады. Рефлюкс-эзофагитпен емделген пациенттерде қайталанулардың ұзақ мерзімді профилактикасы Рефлюкс-эзофагиті бар емделген пациенттерді емдеу үшін ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне 1 рет 20-40 мг дейін арттыруға болады. Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу Ұсынылатын доза күніне 20 мг құрайды. Пациенттер күн сайын 10 мг дозаға адекватты реакция жасай алады, сондықтан жеке дозаны таңдау мүмкіндігін қарастыру қажет. Егер симптомдар күнделікті 20 мг препаратпен 4 апта емделгеннен кейін жойылмаса, онда пациентті қосымша тексеру керек. Золлингер-Эллисон синдромын емдеу Препараттың дозасы мен емдеу ұзақтығы жеке таңдалады. Ұсынылатын бастапқы доза күніне 60 мг құрайды. Аурудың күрделі түрі бар және емнің басқа түрлеріне реакциясы жеткіліксіз пациенттердің 90%-дан астамының жай-күйі тәулігіне 20-120 мг дозада қолданған кезде сәтті тұрақтанды. Егер тәулігіне 80 мг асатын дозаларды қолдану қажет болса, тәуліктік дозаны 2 қабылдауға бөлу керек. Балалар Дене салмағы кемінде 10 кг 1 жастан асқан балалар Рефлюкс эзофагитін және симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу Дене салмағы кемінде 10 кг болатын 1 жастан асқан балалар үшін мынадай емдеу сызбасы ұсынылады: Жасы Салмағы Ұсынымдар  1 жыл 10-20 кг Күніне бір рет 10 дозаны күніне бір арттыруға болады. мг. рет Қажет 20 мг болса, дейін  2 жыл > 20 кг Күніне бір рет 20 дозаны күніне бір арттыруға болады. мг. рет Қажет 40 мг болса, дейін Рефлюкс-эзофагит жағдайында емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды. Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы жағдайында емдеудің ұсынылатын ұзақтығы 2-4 аптаны құрайды. Егер 2-4 аптадан кейін емделуден кейін ауру симптомдарын бақылауға қол жеткізілмесе, пациентті қосымша тексеру ұсынылады. 4 жастан асқан балалар мен жасөспірімдер Helicobacter pylori туындатқан он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Ем сызбасын таңдау кезінде микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға резистенттілікке, емнің ұзақтығына (көбіне жиі – 7 күн, бірақ кейбір жағдайларда – 14 күнге дейін) және бактерияға қарсы препараттарды дұрыс қолдануға қатысты ресми ұлттық, өңірлік және жергілікті ұсынымдарды ескеру қажет. Ем маманның бақылауымен жүргізілуі керек. 4 жастан асқан балалар үшін келесі емдеу режимі ұсынылады: Дене салмағы Емдеу сызбасы 15-30 кг Омепразол 10 мг, амоксициллин 25 мг/кг және кларитромицин 7.5 мг/кг. Барлық препараттарды апта ішінде тәулігіне 2 рет қабылдау керек. 31-40 кг Омепразол 20 мг, амоксициллин 750 мг және кларитромицин 7.5 мг/кг. Барлық препараттарды апта ішінде тәулігіне 2 рет қабылдау керек. >40 кг Омепразол 20 мг, амоксициллин 1 г және кларитромицин 500 мг. Барлық препараттарды апта ішінде тәулігіне 2 рет қабылдау керек. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде ұсынылатын тәуліктік доза 10- 20 мг құрайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы адамдарда дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ішке. Капсулаларды таңертең жарты стақан сумен, тұтастай жұту арқылы қабылдау ұсынылады. Капсуланы шайнауға және бөлшектеуге болмайды. Жұтуда қиындықтары бар пациенттер және тек жартылай қатты тамақты ішуге немесе жұтуға болатын пациенттер Пациенттер капсуланы ашып, оның ішіндегісін жарты стакан сумен немесе оны сәл қышқыл сұйықтықпен (мысалы, жеміс шырыны немесе алма пюресі немесе газдалмаған сумен) араластырып, іше алады. Бұл қоспаны дереу қабылдау қажет (немесе 30 минут ішінде) және әрдайым қолданар алдында араластырып, содан кейін жарты стақан сумен ішу керек. Сонымен қатар, пациенттер капсулаларды сорып және жарты стақан сумен пеллеттерді жұтып қоя алады. Пеллеттерді шайнауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.