+32 бонус

ОМЕПРАЗОЛ 20 мг №30 капс

650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РОССИЯ
  • Өндіруші: ПАО «Синтез»
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат – омепразол субстанция-пеллеттері 8,5 %, құрамында омепразол бар - 20 мг; пеллеттің қосымша заттары: кальций карбонаты, калий дигидрофосфаты, гипромеллоза, маннитол, қант пеллеттері (сахароза), қант шәрбаты (сахароза), полиэтиленгликоль 6000, повидон К30, натрий гидроксиді, натрий лаурилсульфаты, тальк, титанның қостотығы (Е171), полисорбат-80, метакрил қышқылы этилакрилат сополимері L30D. Капсула құрамы: қақпағы: титанның қостотығы (Е171), хинолинді сары бояғышы (Е104), күн батар түстес сары бояғышы (Е110), желатин; корпусы: титанның қостотығы (Е171), желатин.
Қолданылуы
Дәрілік препарат 18 жастан асқан ересектерде қолданылады • он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу; • он екі елі ішектің ойық жара ауруы қайталануының профилактикасы; • асқазанның ойық жара ауруын емдеу; • асқазанның ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы; • ойық жара ауруында тиісті антибиотиктермен біріктіріп Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациялау; • қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (ҚҚСП) қабылдаумен байланысты дамыған асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу; • қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының профилактикасы; • рефлюкс-эзофагитті емдеу; • рефлюкс-эзофагиті емделген пациенттерде қайталанудың ұзақ мерзімді профилактикасы; • симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу; • Золлингер-Эллисон синдромын емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- омепразолға, бензимидазолдармен алмастырылған немесе 6.1 бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; - нелфинавирмен және/немесе атазанавирмен бір уақытта қабылдау; - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер; - жүктілік және бала емізу кезеңі; - туа пайда болган фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза тапшылығы (құрамында сахароза болғандықтан).
Дозасы
Он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу Он екі елі ішектің ойық жара ауруы бар пациенттерде, өршу сатысында, ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын дозасы 20 мг күніне бір рет құрайды. Пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы екі апта ішінде байқалады. Біріншілік емдеу курсынан кейін жараның толық жазылуы байқалмаса, ол кезде препаратпен қайтадан екі апталық емдеу курсын жүргізу ұсынылады, содан соң, әдетте, жазылу дамиды. Он екі елі ішектің ойық жара ауруы емінің нәтижесі төмен пациенттерге, күніне бір рет 40 мг ОМЕПРАЗОЛ ұсынылады, осы жағдайда ойық жараның жазылуына, әдетте, төрт апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішектің ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы H.pylori жүргізілген тест нәтижесі теріс пациенттерге немесе H.pylori эрадикациясы мүмкін болмайтын жағдайларда, он екі елі ішектің ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы үшін ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын дозасы күніне 1 рет 20 мг құрайды. Кейбір пациенттерде 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Ем тиімсіз болған жағдайда дозаны 40 мг дейін ұлғайтуға болады. Асқазанның ойық жара ауруын емдеу ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы төрт апта ішінде байқалады. Біріншілік емдеу курсынан кейін жараның толық жазылуы байқалмаған жағдайда пациенттерге қайтадан 4 апталық емдеу курсы тағайындалады, емнен соң жазылу байқалады. Асқазанның ойық жара ауруы емінің нәтижесі төмен пациенттерге, күніне бір рет 40 мг ОМЕПРАЗОЛ ұсынылады, осы жағдайда ойық жараның жазылуына, әдетте, сегіз апта ішінде қол жеткізіледі. Асқазанның ойық жара ауруының қайталануының профилактикасы Асқазанның ойық жара ауруы емінің нәтижесі төмен пациенттерде қайталанудың профилактикасы үшін ОМЕПРАЗОЛдың 20 мг дозасы, күніне бір рет ұсынылады. Қажет жағдайда дозаны күніне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады. Ойық жара ауруында H. pylori эрадикациялау H. pylori эрадикациялау үшін антибиотиктерді таңдағанда препараттың жекелеген пациенттердегі жағымдылығын ескеру қажет, сонымен қатар, емді ұлттық, аймақтық және жергілікті нұсқаулықтарға және бактериялық төзімділікке байланысты емдеу үлгілеріне сәйкес жүргізу керек: • ОМЕПРАЗОЛ 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг, күніне екі рет бір апта бойы, немесе • ОМЕПРАЗОЛ 20 мг + кларитромицин 250 мг (қажет жағдайда 500 мг) + метронидазол 400 мг (қажет жағдайда 500 мг немесе тинидазол 500 мг), күніне екі рет бір апта бойы, немесе • ОМЕПРАЗОЛ 40 мг күніне бір рет 500 мг амоксициллинмен және 400 мг метронидазолмен (қажет жағдайда 500 мг немесе тинидазол 500 мг), күніне үш рет, бір апта бойы. Әрбір режимде, егер пациентте H.pylori тестінің нәтижесі бұрынғысынша оң күйде қалса емді қайталауға болады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруын емдеу үшін ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы төрт апта ішінде байқалады. Біріншілік емдеу курсынан кейін жара толық жазылмаған жағдайда, әдетте, қайтадан 4 апталық емдеу курсы тағайындалады, соның барысында жазылу байқалады. Қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруының профилактикасы ҚҚСП қабылдаумен байланысты дамыған асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы профилактикасы үшін қауіп тобындағы пациенттерге (жасы 60 жастан асқан, анамнезінде асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасының, гастроинтестинальді қан кетудің болуы) ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг ОМЕПРАЗОЛды құрайды. Рефлюкс-эзофагитті емдеу ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы төрт апта ішінде байқалады. Біріншілік емдеу курсынан кейін ойық жараның толық жазылуы байқалмаған пациенттерге, әдетте, қайтадан 4 апталық емдеу курсы тағайындалады, соның барысында жазылу байқалады. Эзофагиттің ауыр түрі анықталған пациенттерге 40 мг ОМЕПРАЗОЛ, күніне бір рет ұсынылады; ойық жараның жазылуы, әдетте, сегіз аптаның ішінде жүзеге асады. Рефлюкс-эзофагиті емделген пациенттердегі қайталанулардың ұзақ мерзімді профилактикасы Рефлюкс-эзофагиті емделген пациенттерде қайталанулардың ұзақ мерзімді профилактикасы үшін күніне бір рет 10 мг ОМЕПРАЗОЛ ұсынылады. Қажет жағдайда ОМЕПРАЗОЛдың дозасын, күніне бір рет, 20-40 мг дейін арттыруға болады. Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу Ұсынылған доза максимум екі апта бойы күніне 20 мг ОМЕПРАЗОЛды құрайды. Пациенттер күніне 10 мг дозасына да адекватты жауап беруі мүмкін, сондықтан дозаны жеке реттеу мүмкіндігін қарастыруға болады. Симптомдарды жеңілдету үшін капсулаларды қатарынан 2-3 күн қабылдау қажет болуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігі қыжылдан 7 күн ішінде толығымен құтылады. Симптомдардың толық тоқтауына жеткенде емдеуді тоқтату керек. Егер ОМЕПРАЗОЛдың 20 мг дозасымен жүргізілген 4 апталық емдеу курсынан кейін симптомдарды бақылауға қол жеткізілмесе, әрі қарай қосымша тексеру ұсынылады. Золлингер-Эллисон синдромын емдеу Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерге препаратты жеке таңдау қажет және емдеуді клиникалық тұрғыда көрсетілгенге дейін жалғастыру керек. ОМЕПРАЗОЛдың ұсынылатын бастапқы дозасы күніне 60 мг құрайды. Аурудың ауыр түрі бар және емнің басқа әдістері тиісті әсерін бермеген 90% астам пациенттің жағдайы күніне ОМЕПРАЗОЛдың 20–120 мг дозасымен тиімді тұрақтандырылды. ОМЕПРАЗОЛдың тәуліктік дозасы 80 мг асқан жағдайда, дозасын 2 рет қабылдауға бөлу қажет. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға қарсы көрсетіледі, себебі препараттың қосымша заттарының құрамында балаларға қолданылуға тыйым салынған бояғыштар, атап айтқанда, хинолинді сары (Е104), «Күн батар түстес» сары (Е110) бар. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы (65 жастан асқан) адамдар үшін дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін 10-20 мг тәуліктік доза жеткілікті болып табылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету талап етілмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.