+46 бонус

ОМЕГАСТ 20 мг №30 капс

925 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Омепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Акционерное общество "Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат - 234.0 мг омепразол микропеллеттері* (20.0 мг омепразолға баламалы); капсула қабығының құрамы: капсуланың корпусы: хлорофиллиндердің мыс кешені (Е 141), титанның қостотығы (Е 171), желатин; капсуланың қақпақшасы: темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), желатин; * микропеллеттің құрамы: белсенді зат - омепразол – 20.0 мг; қосымша заттар: қант микропеллеттері**, натрий крахмалы гликоляты А типі (Эксплотаб), натрий лаурилсульфаты, повидон (ПВП К30), гипромеллоза фталаты 50 (НР 50), сахароза, гидроксипропил-метилцеллюлоза 603 (гипромеллоза), маннитол, диацетилденген моноглицерид (мивацет), тальк. ** - сахароза мен жүгері крахмалынан тұрады.
Қолданылуы
Ересектер - он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу - он екі елі ішек ойық жарасы қайталануының профилактикасы - асқазан ойық жарасын емдеу - асқазан ойық жарасы қайталануының профилактикасы - ойық жара ауруы кезіндегі Helicobacter pylori (H.pylori) эрадикациясында тиісті антибиотиктермен бірге - ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу - қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы - рефлюкс эзофагитті емдеу - рефлюкс-эзофагиттен емделген пациенттерді ұзақ мерзімді емдеу - симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу - Золлингер-Эллисон синдромын емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- бензимидазолдармен алмастырылған әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - омепразолды, басқа протон сорғысының тежегіштері (ПСТ) сияқты, нелфинавирмен бір мезгілде қолдануға болмайды - фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер Он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу Он екі елі ішектің белсенді ойық жарасы бар пациенттер үшін ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг Омегаст® препаратын құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу екі апта ішінде орын алады.  Бастапқы курстан кейін толық сауығып кете алмаған пациенттер үшін, жазылу әдетте, келесі екі апта емдеу барысында орын алады. Он екі елі ішек ойық жарасының емделуі нашар пациенттерге тәулігіне бір рет 40 мг Омегаст® препараты ұсынылады. Ойық жараның жазылуына әдетте төрт апта ішінде қол жеткізіледі. Он екі елі ішек ойық жарасы қайталануының профилактикасы Он екі елі ішек ойықжарасы қайталануының алдын алу үшін, H.pylori реакциясы теріс пациенттерде немесе H.pylori эрадикациясы мүмкін болмаған кезде, Омегаст®препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Кейбір пациенттерге 10 мг тәуліктік доза жеткілікті болуы мүмкін. Ем тиімсіз болған жағдайда, дозаны 40 мг дейін арттыруға болады. Асқазанның ойық жарасын емдеу Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу төрт апта ішінде орын алады. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық емделмеген жағдайларда, әдетте емделуге қол жеткізілетін 4 апталық емдеудің қайталама курсы тағайындалады. Асқазан ойық жарасының емделуі нашар пациенттерге Омегаст® препаратының тәулігіне бір рет 40 мг ұсынылады және жазылуға, әдетте, сегіз апта ішінде қол жеткізіледі. Асқазан ойық жарасы қайталануының профилактикасы Асқазанның ойық жарасының емделуі нашар пациенттерде қайталанулардың алдын алу үшін, Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, Омегаст®препаратының дозасын тәулігіне бір рет 40 мг дейін арттыруға болады. Ойық жара ауруы кезінде H. pylori эрадикациясы H. pylori инфекциясы эрадикациясы үшін антибиотиктерді таңдағанда, жеке пациенттерге препараттың жағымдылығын қарастырған жөн және емдеуді бактерияға резистенттілікке қатысты ұлттық, аймақтық және жергілікті нұсқаулар қағидалары мен емдеу сызбаларына сәйкес жүргізу керек. - Омегаст® 20 мг + кларитромицин 500 мг + амоксициллин 1000 мг күніне екі рет бір апта немесе, - Омегаст® 20 мг + кларитромицин 250 мг (500 мг баламалы) + метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе тинидазол 500 мг), әр препарат бір апта бойы күніне екі рет немесе - Омегаст® 40 мг күніне бір рет амоксициллин 500 мг және метронидазол 400 мг (немесе 500 мг немесе 500 мг тинидазол), бір апта ішінде күніне үш рет. Егер емдеу курсынан өткеннен кейін H. pylori сынағы оң болып қалғанда, емдеу курсын қайталауға болады. ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу ҚҚСП-мен астасқан асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеу үшін Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылуы төрт апта ішінде жүреді. Бастапқы курстан кейін толық сауығып кете алмаған пациенттер үшін, жазылу әдетте, келесі 4 апталық емдеудің ішінде орын алады. Қауіп тобындағы пациенттерде ҚҚСП қабылдаумен байланысты асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының профилактикасы Қауіп тобындағы пациенттерде (> 60 жас, анамнезінде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, анамнезінде - АІЖ жоғарғы бөліктерінен қан кету) асқазан мен он екі елі ішектің ҚҚСП қабылдаумен байланысты ойық жараларының профилактикасы үшін Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды. Рефлюкс-эзофагитін емдеу Ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде жазылу төрт апта ішінде орын алады. Препаратты қабылдаудың бірінші курсынан кейін толық емделмеген жағдайларда, әдетте емдеуге қол жеткізілетін төрт апталық емдеу курсы қайталанып тағайындалады. Ауыр эзофагиті бар пациенттерге күніне бір рет 40 мг ұсынылады және жазылуға әдетте, сегіз апта ішінде қол жеткізіледі. Эрозиялық эзофагит қайталануының профилактикасы үшін ұзақ мерзімді демеуші ем Рефлюкс-эзофагиттен емделген пациенттерді ұзақ емдеу үшін Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне бір рет 10 мг құрайды. Қажет болған жағдайда, дозасын тәулігіне бір рет 20-40 мг дейін арттыруға болады. Симптоматикалық гастроэзофагеальді рефлюкс ауруын емдеу Омегаст® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 20 мг, көп дегенде 14 күнді құрайды. Пациенттерде тәулігіне 10 мг дозаға реакция талапқа сай болуы мүмкін, сондықтан, дозаны жекелей түзету мүмкіндігін қарастыру керек. Симптомдар жеңілдегенше таблеткаларды қатарынан 2-3 күн қабылдау қажет болуы мүмкін. Пациенттердің көпшілігі 7 күн ішінде қыжылдан толығымен құтылады. Симптомдардың толық жойылуына қол жеткізілген кезде емдеуді тоқтату керек. Егер күніне 20 мг Омегаст® препаратымен төрт апта емдеуден соң қалаған нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік болмаса, ары қарай зерттеу ұсынылады. Золлингер-Эллисон синдромын емдеу Золлингер-Эллисон синдромы бар пациенттерде дозасын жекелей таңдау және емдеуді клиникалық тұрғыдан көрсетілген кездің барлығында жалғастыру керек. Ұсынылатын бастапқы дозасы тәулігіне 60 мг Омегаст® препаратын құрайды. Ауыр ауруы бар және емдеудің басқа әдістеріне жауабы талапқа сай келмейтін пациенттердің барлығы тиімді бақыланды және пациенттердің 90%-дан астамында омепразолдың күніне 20-120 мг дозасы сақталды. Дозасы күніне 80 мг асқан кезде, дозаны бөлу және күніне екі рет беру керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 1 жастан асқан және ≥ 10 кг балалар Рефлюкс-эзофагитін емдеу Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы кезіндегі қыжыл мен қышқыл регургитациясының симптоматикалық емі Дозалануы жөніндегі ұсынымдар төмендегідей:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.