+247 бонус

ОМАРЕНС 0,4 мг №30 капс

4940 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тамсулозин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Synthon Hispania, S.L.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында белсенді зат – тамсулозин гидрохлориді 0,4 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (тазалығы 101), 30% метакрил қышқылының және құрамында полисорбат 80 (2.8 %) бар этил акрилаты сополимерінің қоспасы (1:1), натрий лаурилсульфаты (0.7 %), триэтилцитрат, тальк, пеллет қабығы: 30 % метакрил қышқылының және құрамында полисорбат 80 (2.8 %) бар этил акрилаты сопоримерінің қоспасы (1:1), натрий лаурилсульфаты (0.7 %), тальк, триэтилцитрат, капсула корпусының құрамы: темірдің қызыл тотығы (Е172), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин капсула қақпақшасының құрамы: 0.00142 мг индигокармин FD&C көгілдір 2 (Е 132), темірдің қара тотығы (Е 172), титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Қолданылуы
Дәрілік препарат ересектерде қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясымен (ҚБҚГ) байланысты функционалдық симптомдарын емдеу үшін қолдануға көрсетілген.
Қарсы көрсетілімдер
- тамсулозинге (дәрілік заттармен туындаған Квинке ісінуін қоса алғанда) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ортостаздық гипотензия (соның ішінде анамнезінде) - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі -18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Тәулігіне бір капсула. Балалар Тамсулозинді балаларда қолдануға тиісті көрсетілімдер жоқ. Тамсулозиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерде анықталмаған. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және орташа айқын бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Ертеңгі астан кейін немесе алғашқы ас қабылдаудан кейін күніне бір капсула. Капсулаларды тұрған немесе отырған күйінде сумен ішіп (ешқашан да жатқан қалпында болмайды) бүтіндей жұтады. Капсуланы бірнеше қабылдауға бөлуге немесе шайнауға болмайды, өйткені бұл белсенді компонентінің босап шығу жылдамдығына әсер етуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.