+2450 бонус

ОЛИКЛИНОМЕЛЬ №7-1000 Е эм. инф. 1500 мл

49000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Комбинированные препараты для парентерального питания
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Бакстер С.А
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Әр 1000 мл ерітіндінің құрамында белсенді заттар: Белсенді заттар
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан асқан балалардың парентеральді қоректенуі үшін пероральді немесе энтеральді (зондты) қоректендіру мүмкін болмаған, жеткіліксіз немесе қарсы көрсетілімді жағдайларда.
Қарсы көрсетілімдер
Оликлиномель N7-1000E препараты келесі жағдайларда қолдануға қарсы көрсетілімді: - шала туылған нәрестелер, емшек ему жасындағы балалар және 2 жасқа дейінгі балалар, калория мен азоттың дұрыс емес арақатынасына, сондай-ақ сай емес энергия құндылығына байланысты - жұмыртқа, соя немесе арахис ақуыздарына, жүгеріге/жүгеріден жасалған өнімдерге немесе кез келген белсенді немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық - амин қышқылдары алмасуының туа біткен бұзылыстары - ауыр гиперлипидемия немесе гипертриглицеридемиямен сипатталатын липидтер метаболизмінің айқын бұзылуы - ауыр гипергликемия - қан плазмасындағы натрийдің, калийдің, магнийдің, кальцийдің және/немесе фосфордың патологиялық жоғары концентрациялары Сақтықпен: плазманың осмолярлығы жоғары, бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе патологиясы, эндокриндік жүйе мен зат алмасу тарапынан бұзылуы, қан ұюы және анемиясы бұзылған пациенттерге. Гемограмманы және қанның ұю көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Дозасы
Препараттың дозасы мен қолдану ұзақтығын емдеуші дәрігер әрбір нақты пациент үшін оның энергетикалық шығындарына, клиникалық жай-күйіне, дене салмағына және препарат компоненттерінің метаболизміне қабілеттілігіне, сондай-ақ ішке немесе энтеральді қабылданатын қосымша энергияға немесе ақуыздарға байланысты айқындайды. Контейнердің көлемін аталған факторларды ескере отырып, таңдау керек. Ең жоғары тәуліктік доза Ең жоғары тәуліктік дозадан асырмау керек. Препараттың көп камералы контейнерінің бекітілген құрамына байланысты пациенттің барлық қажетті тамақтану қажеттіліктерін бір реттік өтеу әрдайым бола бермейді. Пациенттерге препараттың құрамынан ерекшеленетін мөлшерде қоректік заттар қажет болатын клиникалық жағдайлар туындауы мүмкін. Ересек пациенттер Органикалық азотқа орташа қажеттілік тәулігіне 0,16-0,35 г/кг құрайды (шамамен тәулігіне 1-2 г амин қышқылдары/кг). Энергия қажеттілігі пациенттің жағдайына және катаболикалық процестердің қарқындылығына байланысты өзгереді. Ересек пациент үшін орташа есеппен тәулігіне 20-40 ккал/кг құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза кг дене салмағына 33 мл құрайды (бұл дене салмағының бір килограмына 1,32 г амин қышқылдары, 5,28 г глюкоза, 1,32 г липидтер, 1,06 ммоль натрий және 0,79 ммоль калий), яғни дене салмағы 70 кг пациентке инфузияға арналған 2310 мл эмульсия. Жасөспірімдер және екі жастан асқан балалар Бала пациенттердің қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ. Препараттың дозасы түсетін сұйықтықтың тәуліктік көлеміне және азотқа тәуліктік қажеттілікке байланысты және баланың су алмасуының жай-күйін ескере отырып түзетілуі тиіс. Сұйықтыққа, азотқа және энергияға күнделікті қажеттілік жасына қарай біртіндеп төмендейді. 2-ден 11 жасқа дейінгі балалар үшін Ұсынымдарға сәйкес ең жоғары тәуліктік доза кг дене салмағына 60 - 120 мл құрайды, бұл 1 - 2 г (2,5 г дейін) амин қышқылдарына, глюкозаға 1,4 - 8,6 г, липидтерге 0,5 - 3 г, натрий мен калийге тиісінше 1 - 3 ммоль сәйкес келеді. Жалпы энергетикалық құндылығы тәулігіне 30-75 ккал/кг құрайды. Оликлиномель N7-1000E препаратының ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы: кг дене салмағына 45 мл құрайды, бұл тиісінше 1,8 г амин қышқылдарына, 7,2 г глюкозаға, 1,8 г липидтерге, 1,4 және 1,1 ммоль натрий мен калийге сәйкес келеді. Жалпы энергетикалық құндылығы тәулігіне 54 ккал/кг құрайды. Осы жас тобында магний концентрациясы препараттың ең жоғары тәуліктік дозасын шектейтін фактор болып табылады. 12-ден 18 жасқа дейінгі балалар үшін Ұсынымдарға сәйкес ең жоғары тәуліктік доза кг дене салмағына 50 – 80 мл құрайды, бұл 1 - 2 г амин қышқылдарына, 0,7 - 5,8 г глюкозаға, 0,5 – 2 г (3 – ке дейін) липидтерге, сәйкесінше 1-3 ммольге натрий мен калийге сәйкес келеді. Жалпы энергетикалық құндылығы тәулігіне 20-55 ккал/кг құрайды. Оликлиномель N7-1000E препаратының ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозасы: дене салмағының 36 мл/кг құрайды, бұл тиісінше 1,4 г амин қышқылдарына, 5,8 г глюкозаға, 1,4 г липидтерге, 1,2 және 0,9 ммоль натрий мен калийге сәйкес келеді. Жалпы энергетикалық құндылығы тәулігіне 43,2 ккал / кг құрайды. Осы жас тобында глюкоза концентрациясы препараттың ең жоғары тәуліктік дозасын шектейтін фактор болып табылады. Енгізу әдісі мен жолы ПРЕПАРАТ ВЕНА ІШІНЕ ТЕК ОРТАЛЫҚ ВЕНА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Парентеральді қоректену инфузиясының ұсынылатын ұзақтығы 12-ден 24 сағатқа дейін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.