+531 бонус

ОЛИКЛИНОМЕЛЬ №4-550 Е эм. инф. 1500 мл

10620 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Бельгия
  • Өндіруші: Бакстер С.А.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Көлемі 1000 мл контейнердегі препараттың құрамы белсенді заттар: Белсенді заттар
Қолданылуы
Ересектер мен 2 жастан асқан балалардың парентеральді қоректенуі үшін пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған, жеткіліксіз немесе қарсы көрсетілімді жағдайларда.
Қарсы көрсетілімдер
Оликлиномель N4-550E препаратын келесі жағдайларда қолдануға болмайды: шала туылған нәрестелер, емшек ему жасындағы балалар және 2 жасқа дейінгі балалар, калория мен азоттың дұрыс емес арақатынасына, сондай-ақ сай емес энергия құндылығына байланысты; жұмыртқа, соя немесе арахис ақуыздарына, жүгеріге/одан өндірілген өнімдерге немесе бөлімде тізбеленген кез келген әсер етуші немесе қосымша заттарға жоғары сезімталдық; амин қышқылдары алмасуының туа біткен бұзылыстары; ауыр гиперлипидемия немесе гипертриглицеридемиямен сипатталатын липидтер метаболизмінің айқын бұзылуы; ауыр гипергликемия; қан плазмасындағы натрийдің, калийдің, магнийдің, кальцийдің және/немесе фосфордың патологиялық жоғары концентрациялары Сақтықпен: плазманың осмолярлығы жоғары, бүйрекүсті безі жеткіліксіздігі, бауыр жеткіліксіздігі, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе патологиясы, эндокриндік жүйе мен зат алмасу тарапынан бұзылуы, қан ұюы және анемиясы бұзылған пациенттерге. Коагулограмманы және ұю көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет.
Дозасы
Препараттың дозасы энергия шығынына, клиникалық жай-күйіне, пациенттің дене салмағына және оның Оликлиномель N4-550E препаратының компоненттерін метаболиздеу қабілетіне, сондай-ақ пероральді немесе энтеральді түрде келіп түсетін қосымша энергетикалық құндылығына немесе ақуыздарға байланысты; контейнер көлемін осы көрсеткіштер негізінде айқындайды. Парентеральді қоректену пациенттің клиникалық жағдайы қажет еткенше жалғасуы мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза Ересек пациенттер мен балаларда қолданған кезде препараттың ең жоғары тәуліктік дозасын асырмау керек. Көп камералы контейнердің ішіндегісінің құрамы өзгермейтіндіктен, пациенттің қоректік заттарға деген барлық қажеттіліктерін бір уақытта қанағаттандыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Белгілі бір клиникалық жағдайларда пациентке қажетті қоректік заттардың мөлшері контейнер ішіндегісінің өзгермеген құрамына сәйкес келмеуі мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.