+49 бонус

Окумед 0,5%, 5 мл. капли

990 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тимолол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: СЕНТИСС ФАРМА Пвт.Лтд.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 5,0 мг тимолол малеаты (тимололға баламалы) қосымша заттар: бензалконий хлориді, динатрий гидрофосфаты, натрий дигидрофосфаты, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- ашық бұрышты глаукомада - көз ішінің жоғары қысымында - катарактаны алып тастайтын операциядан кейінгі глаукомада - салдарлы глаукомада. Тимололды (миотиктермен біріктірілімде) жабық бұрышты глаукомада біріктірілген ем құрамында қолдануға болады. Препаратты тек дәрігер тағайындауы бойынша қолдану керек.
Қарсы көрсетілімдер
- тимололға, басқа бета-блокаторларға немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - синустық брадикардия, синустық түйін әлсіздігі синдромы, синустық-жүрекше фибрилляциясы - кардиостимулятормен бақыланбайтын II - III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада - декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок - тыныс алу жолдарының аурулары немесе бронх демікпесі - ауыру немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруының анамнезде болуы - 8 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ұсынылатын дозасы: күніне 1-2 рет бір тамшыдан. Гипертензияға қарсы әсерді әдетте тимололды глаукоманы емдеуге арналған басқа препараттармен (простагландиндердің аналогтары, миотиктер, адреномиметиктер және карбоангидраза тежегіштері) біріктіру арқылы күшейтуге болады. Глаукоманы емдеу үшін қолданылатын басқа препараттан тимололға ауысқан кезде алдыңғы препаратты қабылдауды тоқтатуға және жоғарыда көрсетілген дозада тимололды қолдануды бастауға болады. Балалар Педиатриялық топта қолданудың клиникалық деректерінің шектеулі болуына байланысты тимололды тек бастапқы туа біткен глаукома кезінде немесе операция жүргізіп емдеу туралы шешім шығарылып жатқан өтпелі кезеңде немесе операция тиімсіз болған жағдайда емдеудің әрі қарайғы нұсқаларын қарастырған кезде бастапқы ювениальді глаукоманы емдеу үшін пайдалануға ұсынылуы мүмкін. Балаларда тимололды қолдану мәселесін қарастыру кезінде пайдасы мен барлық болуы мүмкін қауіптерін мұқият бағалау қажет. Тимололды қолданар алдында балалардағы болуы мүмкін жүйелік ауруларды анықтау үшін дәл келетін анамнезін жинау керек. Клиникалық мәліметтердің шектеулі болуына байланысты балаларда дозалау бойынша нақты ұсыныстар жасалмауы мүмкін. Егер пайдасы қаупінен астам болса, тәулігіне 1 рет ең төмен қолжетімді доза (тимололдың ең аз концентрациясымен) ұсынылады. Егер көздегі қысым бақылауы жеткіліксіз болса, зақымданған көзге тәулігіне ең көбі 2 тамшыға дейінгі дозаны абайлап титрлеуді қарастыруға болады. Егер препарат тәулігіне 2 рет пайдаланылса, қабылдау арасына 12 сағат аралықты пайдалану ұсынылады. Педиатриялық пациенттердегі бірінші дозаны қолданғаннан кейінгі 1-2 сағат бойы офтальмологиялық және жүйелік реакциялар мен жағымсыз әсерлері туындауы мұқият бақылануы тиіс. Жағымсыз әсерлердің туындау ықтималдығын азайту үшін бір қабылдауда тек 1 тамшы енгізіледі. Балаларда қолдану ұзақтығы қысқа мерзімді болуы тиіс. 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды (препараттың құрамында бензалконий хлориді болуына байланысты). Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде тимолол малеатын қолданудың мол тәжірибесі бар. Дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі және жолы Жергілікті офтальмологиялық қолдану үшін. Тамшыны зақымданған көзге инсталяциялау. Ықтимал жағымсыз әсерлерді шектеу үшін дозалау кезінде тек бір тамшысын тамызу керек. Жергілікті қолданылатын бета-адреноблокаторлардың жүйелі сіңірілуін мұрын-көз жасы өзегін қысу және инстилляциядан кейін мүмкіндігінше ұзақ (шамамен 3-5 минут) көз жұмып отыру арқылы азайтуға болады. Пациенттерге тамшылатқыш-құтының ұшын көзге тигізуден аулақ болу керегі туралы нұсқау берілуі тиіс. Сондай-ақ, пациенттерге көзге арналған ерітінділерді дұрыс қолданбаған жағдайда көз инфекциясын тудыратын бактериялар жұқтыруы мүмкін екендігі туралы нұсқау беру керек. Ластанған ерітінділерді қолдану нәтижесінде көзге қатты зақым келуі және соңынан көрмей қалу болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.