+1000 бонус

ОКТАГАМ 10% р-р для инфузий 5г 50 мл

9:00-ден кейін қолжетімді
20000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Иммуноглобулины, человеческий нормальный для внутрисосудистого введения
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Австрия
  • Өндіруші: Октафарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - адамның қалыпты G иммуноглобулині 95%-дан кем емес ақуызға шаққанда, 100.0 мг, қосымша заттар - иммуноглобулин А, мальтоза, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) орын басушы ем - антиденелер өндірілуінің бұзылуымен жүретін бастапқы иммун тапшылығы (БИТ) синдромы - микробқа қарсы тиімсіз емдеуден және дәлелденген спецификалық антиденелер жеткіліксіздігінен (ДСАЖ)* кейін немесе сарысулық IgG деңгейі <4 г/л болғанда ауыр немесе қайталанатын инфекциялары бар пациенттердегі салдарлы иммун тапшылығы (СИТ). *ДСАЖ = пневмококктық полисахаридке және полипептидтік антигенге қарсы вакциналарға IgG антиденелері титрінің кемінде екі есе жоғарылауын қамтамасыз етуге қабілетсіздік. Ересектердегі, балалар мен жасөспірімдердегі (0-18 жас) иммуномодуляциялаушы ем - тромбоциттер санын түзету үшін операция алдында немесе қан кету қаупі жоғары пациенттердегі бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) - Гийен-Барре синдромы - Кавасаки ауруы (ацетилсалицил қышқылымен біріктіріп) - созылмалы қабынумен демиелинизациялайтын полирадикулонейропатия (СҚДП) - мультифокальді моторлық нейропатия (ММН)
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа (адам иммуноглобулиніне) немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - IgA және IgA-ге антиденелерге селективті тапшылығы бар пациенттер, себебі құрамында IgA бар өнімді енгізу анафилаксияға әкелуі мүмкін
Дозасы
Дозасы мен дозалау режимі көрсетілімдерге байланысты. Клиникалық жауапқа байланысты әрбір пациент үшін жекелей доза талап етілуі мүмкін. Доза дене салмағына байланысты дене салмағы жеткіліксіз және артық пациенттерде түзетуді қажет етуі мүмкін. Дене салмағы артық пациенттерде доза дене салмағының физиологиялық стандартына негізделуі тиіс. Ұсыным ретінде, препаратты келесі дозаларда қолдануға болады: Бастапқы иммун тапшылығы синдромы кезіндегі орын басушы ем Бастапқы иммун тапшылығы кезіндегі орын басушы емнің мақсаты плазмадағы IgG 6 г/л кем емес немесе пациенттердің осы тобында қалыпты диапазонның шегінде деңгейін қамтамасыз ету болып табылады (анықтауды әр келесі инфузияның алдында жүргізу керек). Тепе-теңдік жағдайын анықтау үшін 3 айдан 6 айға дейін уақыт қажет. Ұсынылған бастапқы доза 0,4–0,8 г/кг құрайды, бір рет тағайындалады, сосын кемінде 0,2 г/кг, үш-төрт апта сайын тағайындалады. Ең төменгі 6 г/л деңгейіне жету үшін қажетті дозасы айына 0,2-0,8 г/кг құрайды. Тұрақты деңгейіне жеткен кездегі енгізулер аралығы 3-4 аптаны құрайды. IgG ең төменгі деңгейін инфекцияның туындау жиілігіне байланысты өлшеу және бағалау қажет. Инфекцияның даму жиілігін төмендету үшін, дозасын арттыру және ең төменгі деңгейінің анағұрлым жоғарылығы қажет болуы мүмкін. Салдарлы иммун тапшылығы Ұсынылған доза 3-4 апта сайын 0,2-0,4 г/кг құрайды. IgG ең төменгі деңгейін инфекцияның туындау жиілігіне байланысты өлшеу және бағалау қажет. Дозаны инфекциялардан оңтайлы қорғануға қол жеткізу үшін қажетіне қарай түзетеді, дозаны ұлғайту персистирлейтін инфекциясы бар пациенттерге қажет етілуі мүмкін; инфекциялық статусы жоқ пациенттерде дозаны төмендетуді қарастыру керек. Бастапқы иммундық тромбоцитопениялық пурпура (ИТП) Емдеудің екі баламалы сызбасы бар: • 0,8-1 г/кг бірінші күні, қажет болса – осы дозаны 3 күннің ішінде бір рет қайта енгізу. • 0,4 г/кг 2-5 күн бойы. Емдеуді ауру қайталанған жағдайда қайталауға болады. Гийен-Барре синдромы 5 күн бойы 0,4 г/кг/күн (емді қайталанған жағдайда қайталауға болады). Кавасаки ауруы Бір реттік доза түрінде 2,0 г/кг. Пациенттерге бір уақытта ацетилсалицил қышқылын қабылдау керек. Созылмалы қабынумен демиелинизациялайтын полирадикулонейропатия (СҚДП) Бастапқы доза: 2-5 күн ішіне бөлінген кг дене салмағына 2 г дозалармен енгізеді. Демеуші доза: 3 апта сайын 1-2 күн бойы 1 г/кг. Емнің тиімділігін әрбір циклден кейін бағалау керек; 6 ай емдеуден соң әсері болмаса емді тоқтату керек. Тиімді болған жағдайда, ұзақ уақыттық ем пациенттің реакциясына және демеуші емге жауап негізінде дәрігердің қарауымен жүргізіледі. Доза мен қабылдау жиілігі аурудың жекелей ағымына сәйкес бейімделуі мүмкін. Мультифокальді моторлық нейропатия (ММН) Бастапқы доза: қатарынан 2-5 күн бойы кг дене салмағына 2 г. Демеуші доза: 2-4 апта сайын 1 г/кг немесе 4-8 апта сайын 2 г/кг. Емнің тиімділігін әрбір циклден кейін бағалау керек; 6 ай емдеуден соң әсері болмаса емді тоқтату керек. Тиімді болған жағдайда, ұзақ уақыттық ем пациенттің реакциясына және демеуші емге жауап негізінде дәрігердің қарауымен жүргізіледі. Доза мен қабылдау жиілігі аурудың жекелей ағымына сәйкес бейімделуі мүмкін. Дозалау бойынша нұсқаулар келесі кестеде берілген:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.