ОКСИВИН ДФ 0,01% 10 мл кап наз

475 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Оксиметазолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: ТОО "DOSFARM"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 мл препараттың құрамында белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,1 мг, қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфаты дигидраты, динатрий фосфаты додекагидраты, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
- жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте - риносинуситте - евстахиитпен астасқан ринитте - диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - атрофиялық ринит - айқын атеросклероз - созылмалы жүрек жеткіліксіздігі - аритмиялар - артериялық гипертензия - созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі - қуық безінің гиперплазиясы - моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең - транссфеноидальді гипофизэктомиядан немесе қатты ми қабығындағы басқа да хирургиялық араласымдардан кейінгі жағдай - қант диабеті - тиреотоксикоз, гипертиреоз - жабықбұрышты глаукома - көздің ауыр аурулары - феохромацитома - порфирия
Дозасы
Дозалану режимі 0,01 % мұрынға тамызатын тамшысы: - жаңа туған балаларға өмірінің алғашқы 4 аптасында – 1 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет - балаларға өмірінің 5-ші аптасынан бастап 1 жасқа дейін – 1-2 тамшыдан әрбір мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет. Мынадай емшара жүргізуге болады: жасына байланысты 0,01% ерітіндінің 1-2 тамшысын мақтаға тамызып, мұрын жолдарын сүртеді. Енгізу әдісі мен жолы Интраназальді. Қалпақшасын бұрап алып, құтының корпусын сәл басады. Тамызған кезде тамшылатқыш құтының ұшы басқа заттарға немесе беткейлерге тиіп тұрмауын қадағалау қажет. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш құтыны қалпақшасымен тығыз жауып қою керек! Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 5-7 күннен аспайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.