+80 бонус

ОКСИТОЦИН ГРИНДЕКС 5 МЕ /мл №10 амп

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Окситоцин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ЛИТВА
  • Өндіруші: Гриндекс АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат – окситоцин 5 ХБ; қосымша заттар: хлорбутанолгидрат, 1М сірке қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
босануды стимуляциялау үшін медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті тоқтату; босанғаннан кейін жатыр инволюциясын жылдамдатуға, жатыр атониясында, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтатуда кесарь тілігі кезінде (баланың жолдасын алып тастағаннан кейін) жатырдың жиырылу қабілетін күшейтуде.
Қарсы көрсетілімдер
- окситоцинге немесе препараттың қандай да бір қосымша компонентіне жоғары сезімталдық - жатырдың гипертониялық жиырылуы, босануға механикалық кедергі, шарана дистресі; Шаранаға немесе анаға байланысты себептер бойынша өздігінен босану қолайсыз және/немесе қынап арқылы босануға болмайтын кез келген жай-күй: шарананың және ана жамбасының көлемдерінің клиникалық елеулі сәйкессіздігі; шарананың дұрыс жатпауы; шарана гипоксиясы; плацентаның және кіндік тамырлардың алда жатуы; плацентаның ажырауы; кіндіктің алда жатуы немесе түсіп қалуы; жатырдың шамадан тыс созылуы немесе жыртылуға төзімділігінің аздығы, мысалы, көп рет жүкті болуда; қағанақ суының көптігі; босану санының көптігі; vasa previa – шарана қантамырларының орналасуы алдыңғы бөлігінен төмен, яғни шарананың босану жолында орналасқанда; плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы; гидрамнион; преэклампсиялық токсемия; нефропатия; мезгілінен бұрын босану; кесарь тілігін қоса, ірі хирургиялық операциялардың салдары ретінде жатырда тыртықтың болуы. Окситоцинді босану әрекеті әлсіз (окситоцинге төзімділік), ауыр преэклампсиясы немесе жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан ауыр бұзылыстары бар науқастарда ұзақ уақыт пайдаланбау керек.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Плацентаның және шарананың жағдайын, сондай-ақ болуы мүмкін асқынуларды бағалау үшін қауіп төніп тұрған жүкті әйелдердің окситоцинге көтерімділігіне тест жүргізеді. Қолдану тәсілі: вена ішіне (инфузия немесе инъекция) және бұлшықет ішіне. Толғақ шақыру немесе босануды стимуляциялау Қынаптық простагландиндерді қолданғаннан кейін 6 сағаттың ішінде окситоцинді енгізуге болмайды. Окситоцинді вена ішіне тамшылатып немесе жылдамдығы реттелетін инфузиялық сорғының көмегімен енгізген дұрыс. Тамшы арқылы инфузия үшін 5 ХБ окситоцинді 500 мл физиологиялық электролит ерітіндісінде (мысалы, 0,9% натрий хлориді) сұйылтқан жөн. Егер натрий хлоридін қолдануға болмаса, сұйылту үшін 5 % декстроза ерітіндісін пайдаланады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз). Біркелкі араласуын қамтамасыз ету үшін қолданар алдында ерітіндінің бөтелкесін немесе қапшығын бірнеше рет аударып-төңкеру керек. Инфузияның бастапқы жылдамдығы 1-4 мБ/мин (28 тамшы/мин) болуы тиіс. Қалыпты босану кезіндегі толғаққа ұқсайтын жиырылуға жеткенге дейін, жылдамдықты 20 минуттан кем емес аралықпен біртіндеп арттыруға болады. Қалыпты дәрежеде өткен жүктілікте бұған көбінесе 10 мБ/мин (20 тамшы/мин) аспайтын жылдамдықтағы инфузия арқылы жетеді, ал ұсынылатын ең жоғары жылдамдық 20 мБ/мин (40 тамшы/мин) құрайды. Бұдан да жоғары инфузия жылдамдығы қажет болғанда, мысалы, шарана жатырда өлгенде немесе жатырдың окситоцинге сезімталдығы аз болатын жүктіліктің ерте сатыларында толғақ шақырған кезде окситоциннің концентрациясы басымырақ, мысалы, 500 мл-де 10 ХБ ерітіндісін енгізген жөн. Тамшылатқышпен салыстырғанда керекті дозаны алуға қажетті концентрацияның азырақ көлемдерін енгізуге мүмкіндік беретін инфузиялық сорғыны пайдаланған кезде, сорғының спецификациясына байланысты есептеу керек. Жатырдың жиырылу жиілігін, күшін және ұзақтығын, сондай-ақ шарананың жүрегінің жиырылу жиілігін инфузия барысында мұқият мониторингілеу керек. Жатырдың жеткілікті белсенділігіне жеткеннен кейін (әр 10 минутта 34 жиырылу) инфузия жылдамдығын жиі азайтуға болады. Жатырдың белсенділігі жоғары болғанда және/немесе шарана дистресі кезінде инфузияны дереу тоқтату керек. Егер жүктілік мерзімі қалыпты немесе қалыпты дерліктей әйелдерде 5 ХБ мөлшердегі окситоцин инфузиясынан кейін жатырдың тұрақты жиырылуына қол жеткізілмесе, толғақ шақыру әрекетін тоқтатқан жөн; оны келесі күні 1-4 мБ/мин инфузия жылдамдығынан бастап қайталауға болады («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Кесарь тілігі кезінде Босанудан кейін дереу 5 ХБ вена ішілік енгізу жолымен баяу енгізеді (5 ХБ окситоцинді физиологиялық электролит ерітіндісінде сұйылтып және вена ішіне тамызатын инфузия түрінде немесе ауыспалы жылдамдығы бар инфузиялық сорғының көмегімен 5 минут бойы енгізген жөн). Босанудан кейінгі жатырдан қан кетудің профилактикасы үшін Әдеттегі доза плацента ажырағаннан кейін вена ішіне баяу 5 ХБ құрайды (5 ХБ окситоцинді физиологиялық электролит ерітіндісінде сұйылтып және вена ішіне тамшылататын инфузия түрінде немесе ауыспалы жылдамдығы бар инфузиялық сорғының көмегімен 5 минут бойы енгізген жөн). Окситоцинді толғақ шақыруға немесе босануды стимуляциялау үшін қабылдаған әйелдерде босанудың үшінші сатысында және одан кейінгі бірнеше сағат бойы инфузияны жылдамдату керек. Босанудан кейінгі жатырдан қан кетуді емдеу үшін 5 ХБ вена ішіне баяу енгізеді (5 ХБ окситоцинді физиологиялық электролит ерітіндісінде сұйылтып және вена ішіне тамшылататын инфузия түрінде немесе ауыспалы жылдамдығы бар инфузиялық сорғының көмегімен 5 минут бойы енгізген жөн). Бұдан ауыр жағдайларда 500 мл физиологиялық электролит ерітіндісінде сұйылтылған 520 ХБ окситоцинді инфузия түрінде енгізіп, одан әрі жатыр атониясын бақылау үшін инфузия жылдамдығын арттырады Медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу үшін 5 ХБ вена ішіне тамшылатып енгізеді (5 ХБ окситоцинді физиологиялық электролит ерітіндісінде сұйылтып және вена ішіне тамшылататын инфузия түрінде немесе ауыспалы жылдамдығы бар инфузиялық сорғының көмегімен 5 минут бойы енгізген жөн), қажет болса одан кейін 20-40 мБ/мин инфузия жылдамдығымен вена ішіне құяды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.