+63 бонус

ОКСИТОЦИН 5 МЕ / 1 мл №10 амп Дальхимфарм

1260 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Окситоцин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ОАО ДАЛЬХИМФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат: окситоцин (синтетикалық окситоцин) – 5 ХБ. қосымша заттар Хлорбутанол гемигидраты (хлорбутанолгидрат) – 5.0 мг Инъекцияға арналған су – 1 мл дейін
Қолданылуы
- медициналық көрсетілімдер бойынша босану қызметін стимуляциялау - жүктіліктің ерте сатысында толық емес немесе аяқталмаған аборт кезінде адъювантты ем ретінде - босанғаннан кейін жатыр инволюциясын жылдамдату үшін, жатыр атониясында, босанудан кейінгі қан кетуді тоқтату - кесарь тілігі кезінде жатырдың жиырылу қабілетін күшейту (бала жолдасы түскеннен кейін).
Қарсы көрсетілімдер
- окситоцинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық - клиникалық тар жамбас - шарананың алдын ала араласусыз, өздігінен босануға кедергі жасайтын жайсыз орналасуы (шарананың көлденең және қиғаш жатуы) - шарана немесе босанатын әйел үшін пайданың қауіпке арақатынасы хирургиялық араласуды қажет ететін акушерлік шұғыл жағдайлар - жүктіліктің терминальді мерзіміне дейін ұзақ уақыт бұрынғы фетальді дистресс жағдайы - жатыр инерттілігі немесе сепсис кезінде ұзақ қолдану - жатыр гипертонусы - қынап арқылы босану мүмкін болмайтын, мысалы, кіндікбауы алда жатуы немесе түсуі (кіндікбау пролапсы), плацентаның толық алда жатуы немесе тамырлардың алда жатуы (vasa previa) жағдайларында жатырдың жиырылу қызметін индукциялау немесе арттыру - плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы - гидрамнион - жүктілік санының көп болуы немесе жатыр қабырғасындағы операциядан кейінгі, оның ішінде кесарь тілігінен кейінгі тыртықтар - преэклампсиялық токсемия - жүрек-қантамыр жүйесінің ауыр сипатты ауруы - жатырдың инерттілігі (окситоцинге төзімділік) - нефропатия - мерзімінен бұрын босану.
Дозасы
Босану қызметін индукциялау және стимуляциялау: окситоцинді қынаптық простагландиндерді қолданғаннан кейін 6 сағат ішінде енгізуге болмайды. Окситоцинді вена ішіне тамшылатып немесе, дұрысы, жылдамдығы реттелетін инфузиялық сорғының көмегімен енгізу керек. Тамшылататын инфузия үшін 5 ХБ окситоцинді 500 мл электролиттің физиологиялық ерітіндісінде (мысалы, 0,9% натрий хлориді) сұйылту ұсынылады. Егер натрий хлориді қарсы көрсетілсе, сұйылту үшін 5% декстроза ерітіндісі қолданылады (Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шараларын қараңыз). Біркелкі араластыруды қамтамасыз ету үшін бөтелкені немесе қапшықты қолданар алдында бірнеше рет төңкеріп алу керек. Инфузияның бастапқы жылдамдығы 1-4 ХБ/мин (2-8 тамшы/мин) құрауы тиіс. Жылдамдықты кем дегенде 20 минут аралықпен және қалыпты босану барысындағы толғатуларға ұқсас жиырылу сипатын алғанға дейін 12 ХБ/мин аспайтын біртіндеп ұлғайтумен арттыруға болады. Жүктіліктің қалыпты мерзімінде оған көбінесе жылдамдығы кемінде 10 ХБ/мин (20 тамшы/мин) инфузиямен қол жеткізеді, ал ұсынылған ең жоғары жылдамдық 20 ХБ/мин (40 тамшы/мин) құрайды. Инфузияның анағұрлым жоғары жылдамдығы қажет болуы мүмкін жағдайларда, мысалы, шарананың жатырда өлуі кезінде немесе жүктіліктің ерте кезеңдерінде босануды индукциялау кезінде, жатыр окситоцинге аз сезімтал болған кезде, окситоциннің анағұрлым концентрацияланған ерітіндісін, мысалы, 500 мл-де 10 ХБ пайдалану ұсынылады. Тамшылатқышпен салыстырғанда аз көлемді енгізуге мүмкіндік беретін инфузиялық сорғыны пайдаланған кезде, қажетті дозаны алу үшін қажетті концентрацияны сорғының ерекшелігіне байланысты есептеу керек. Жатырдың жиырылу жиілігін, күшін және ұзақтығын, сондай-ақ ұрықтың жүрек қағу жиілігін инфузия кезінде мұқият бақылау керек. Жатырдың жеткілікті белсенділігіне қол жеткізгеннен кейін (10 минут сайын 3-4 жиырылу) инфузия жылдамдығын жиі азайтуға болады. Жатырдың аса белсенділігінде және/немесе шарана басылып қысылғанда инфузияны дереу тоқтату керек. Егер жүктіліктің қалыпты немесе қалыпты дерлік мерзімімен әйелдерде 5 ХБ мөлшерінде окситоцин инфузиясынан кейін жатырдың тұрақты жиырылуына қол жеткізу мүмкін болмаса, босануды шақыру әрекетін тоқтату ұсынылады; мұндай әрекетті келесі күні қайтадан 1-4 ХБ/мин инфузия жылдамдығымен бастап қайталауға болады. Босануды индукциялау немесе стимуляциялау үшін окситоцин алған әйелдерде инфузияны босанудың үшінші кезеңінде және келесі бірнеше сағат ішінде жеделдету керек. Толық емес немесе аяқталмаған түсік кезінде: 5 ХБ окситоцинді вена ішіне енгізеді (электролиттің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтылған 5 ХБ вена ішіне тамшылатып немесе 5 минут ішінде жылдамдығы реттелетін инфузиялық сорғының көмегімен), қажет болғанда кейіннен минутына 20-40 тамшы жылдамдықпен вена ішіне инфузиямен енгізеді. Кесарь тілігі: 5 ХБ окситоцинді босанғаннан кейін бірден вена ішіне енгізеді (электролиттің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтылған 5 ХБ вена ішіне тамшылатып немесе дұрысы, 5 минут ішінде реттелетін жылдамдықпен инфузиялық сорғының көмегімен). Босанғаннан кейінгі жатырдан қан кетудің профилактикасы: әдетте доза вена ішіне 5 ХБ құрайды (электролиттің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтылған 5 ХБ вена ішіне тамшылатып немесе дұрысы, 5 минут ішінде реттелетін жылдамдықпен инфузиялық сорғымен енгізіледі). Анағұрлым ауыр жағдайларда 500 мл электролиттің физиологиялық ерітіндісінде сұйылтылған 5 20 ХБ окситоцинді вена ішіне инфузия әдісімен енгізеді, содан кейін жатырдың атониясын бақылау үшін инфузия жылдамдығын арттырады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балаларда зерттеулер жүргізілген жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерде зерттеулер жүргізілген жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.