+206 бонус

ОКОМИСТИН 0,01% 10 мл гл кап

4130 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Противомикробные препараты
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: «ИНФАМЕД К»
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 100 мл ерітіндінің құрамында: белсенді зат: бензилдиметил[3-(миристоиламино)пропил]аммоний хлориді моногидраты (сусыз затқа шаққанда) – 0,01 г қосымша заттар: натрий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
Офтальмология Окомистин®, көзге, құлаққа, мұрынға тамызатын дәріні көздің алдыңғы бөлігінің инфекциялық үдерістерін (блефариттерді, конъюнктивиттерді, кератитті, кератоувеитті), көз жарақаттарын, көздің күйіктерін (термиялық және химиялық) кешенді емдеуде; операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдерде көздің іріңді-қабынған зақымдануларын емдеу мен профилактикасы үшін қолдану ұсынылады. Жаңа туған нәрестелерде офтальмияның, оның ішінде гонококктық және хламидиялық түрінің профилактикасы. Оториноларингология Препарат жедел синуситті/риносинуситті, созылмалы синуситтің / риносинуситтің өршуін, жедел ринитті; жедел және созылмалы сыртқы отитті, созылмалы іріңді мезотимпанитті, отомикоздарды кешенді емдеуде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
‒ препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дозасы
Офтальмология Ересектерге емдік мақсатпен Окомистин® препаратын клиникалық сауығуға дейін конъюнктивалық қапшыққа 1-2 тамшыдан тәулігіне 4-6 рет тамызады. Профилактикалық мақсатпен препаратты операциядан 2-3 тәулік бұрын, сондай-ақ операциядан кейін 10-15 күн бойы тәулігіне 3 рет 1-2 тамшыдан тамызады. Көздің күйіктерін емдеген кезде, көзді көп мөлшердегі сумен шайғаннан кейін 1-2 сағат бойы жиі-жиі (әрбір 5-10 минутта) инстилляция жүргізеді. Әрі қарай емдеу үшін препаратты тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан қолданады. Педиатриялық тәжірибеде балалардағы бактериялық конъюнктивиттерді емдеу үшін, Окомистин® препаратын конъюнктивалық қапшыққа тәулігіне 6 рет 1 тамшыдан 7-10 күн бойы тамызады. Жаңа туған нәрестелердегі офтальмияның профилактикасы үшін сәби дүниеге келе салысымен препаратты дереу 1 тамшыдан әрбір көзге 2 рет 2-3 минут аралықпен тамызады. Оториноларингология Ересектерге Окомистин® препаратын жедел синуситте/риносинуситте, созылмалы синуситтің/риносинуситтің өршуінде, жедел ринитте, мұрынның шырышты қабығының инфекциясында әрбір танауға 2-3 тамшыдан тәулігіне 4-6 рет тамызады. Емдеу курсы 14 күнге дейін. Педиатриялық тәжірибеде 1 жастан асқан балалардағы жедел риносинуситті, созылмалы риносинуситтің емдеу үшін, Окомистин® препаратын әрбір мұрын жолына тәулігіне 4-6 рет 1-2 тамшыдан 10-14 күн бойы тамызады. Жедел және созылмалы сыртқы отитте, отомикоздарда Окомистин® препаратын сыртқы есту жолына тәулігіне 4 рет 5 тамшыдан тамызады немесе, тамызудың орнына, препаратқа малынған дәкелі турунданы сыртқы есту жолына тәулігіне 4 рет енгізеді. Емдеу курсы 10 күнді құрайды. Ересектерде созылмалы мезотимпаниттерде аппараттық ультрадыбыстық шаю немесе антибиотиктермен бірге дабыл қуысын енгізу көмегімен кешенді емдеуде қолданылады. Енгізу әдісі мен жолы Препарат офтальмологияда және оториноларингологияда жергілікті қолдануға арналған. Емдеу ұзақтығы Қолдану ұзақтығы зақымдану түріне және терапиялық жауапқа байланысты.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.