+275 бонус

ОФТАН-ДЕКСАМЕТАЗОН 0,1% 5 мл гл кап

5500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дексаметазон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: АО Сантен
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында белсенді зат - дексаметазон натрий фосфаты 1,32 мг (1мг дексаметазонға баламалы), қосымша заттар: бензалконий хлориді, бор қышқылы, натрий тетрабораты, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су
Қолданылуы
Офтан Дексаметазон көзге тамызатын дәрісі төмендегі кортикостероидтарға сезімтал қабақтың және бульбарлы конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы сегментінің іріңсіз қабыну және аллергиялық аурулары кезінде ересектерге қолданылады аллергиялық конъюнктивит беткейлік нүктелік кератит және розацея безеуінен туындаған кератит ирит, циклит, иридоциклит кортикостероидтармен емдеу қаупі ісіну мен қабынуды айтарлықтай азайтуға қол жеткізу үшін қолайлы болған кезде химиялық заттардан, радиациядан, күйіктерден немесе бөгде заттардан туындаған мөлдір қабықтың жарақаттары мен зақымданулары операциядан кейінгі қабыну жағдайлары кератопластика кезінде трансплантаттың қабылданбай ажырауын басу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
«Қосымша мәліметтер, Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде атап көрсетілген әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; микобактериялық көз инфекциялары, соның ішінде көз туберкулезі; қарапайым герпес вирусынан туындаған жедел эпителий кератиті (дендритті кератит); сиыр шешегі, желшешек және мөлдір қабық пен конъюнктиваның басқа вирустық инфекциялары (herpes zoster тудырған герпестік кератитті қоспағанда); көздің басқа вирустық инфекциялары; көздің зеңдік инфекциялары; қатар жүретін микробқа қарсы терапиясыз көздің іріңді инфекциялары; мөлдір қабықтың тесілуі.
Дозасы
Зақымдалған көздің конъюнктивалық қалтасына 1-2 тамшыдан. Орташа қабыну кезінде препарат тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Айқын қабыну кезінде әр сағат сайын 1-2 тамшыдан, содан кейін қабынудың басылуына қарай және емдеу толығымен тоқтағанға дейін тәулігіне 4-6 ретке дейін жиілігін біртіндеп төмендету керек. Емдеуді мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды. Емдеу ұзақтығы зақымдану түріне және емдік жауапқа байланысты және бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін созылуы мүмкін. Глаукомасы бар пациенттерде емдеу ұзақтығын 2 аптамен шектеу керек, егер ұзақ мерзімді емдеу қажет деп саналмаса ("Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары" бөлімін қараңыз). Енгізу әдісі мен жолы Препарат офтальмологиялық қолдануға арналған. Тамшылатқыштың ұштығы мен тамшы ерітіндісінің ластануын болдырмау үшін қабақтармен, айналасындағы аумақтармен немесе басқа беткейлермен жанасудан аулақ болу керек. Құтыны пайдаланбаған кезде оны мықтап жабық күйде ұстаңыз. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы арнасының окклюзиясы немесе қабақты ақырындап жабу ұсынылады. Бұл офтальмологиялық жолмен енгізілген дәрілік препараттың жүйелі сіңуін төмендетуі мүмкін және осылайша жүйелік жағымсыз реакциялар қаупін азайтады. Бірнеше офтальмологиялық дәрілерді бір мезгілде қолданған кезде оларды тамызу арасындағы аралық кемінде 5 минутты құрауы тиіс.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.