+208 бонус

ОФТАКВИКС 5 мг/мл 0,3мл №10 флак

4160 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Левофлоксацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Финляндия
  • Өндіруші: Сантeн АО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында: белсенді зат: 5,12 мг левофлоксацин гемигидраты (5 мг левофлоксацинге баламалы). қосымша заттар: натрий хлориді, хлорсутек қышқылы, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Ересектерде және 1 жастағы және одан үлкен балаларда левофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған көздің сыртындағы бактериялық инфекцияларын жергілікті емдеу үшін. Пайдаланған кезде бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқауларды назарға алу керек. Офтаквикс® ересектерге, 1-ден бастап 12 жасқа дейінгі балаларға және 12-ден бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
Әсер етуші зат левофлоксацинге, басқа да хинолондарға немесе қосымша заттардың қандай да болсын біреуіне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Барлық пациенттер үшін: алғашқы 2 тәулік ішінде сергек кезде зақымданған көзге тәулігіне 8 ретке дейін әрбір екі сағат сайын, содан кейін келесі 3х-5-ші күндері тәулігіне төрт рет 1-2 тамшыдан тамызу керек. Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына, инфекциялардың клиникалық және бактериологиялық барысына байланысты. Әдетте емдеу ұзақтығы 5 тәулікті құрайды. Жаңа туған нәрестелерде мөлдір қабықтың ойық жарасын және көздің бленнореясын емдеу кезіндегі қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Пациенттердің ерекше топтары Балаларда 1 жастағы және одан үлкен балалар үшін дозалау режимі ересектердегідей. 1 жастан асқан балаларда Офтаквикс® препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталды. 1 жастан кіші балалардағы Офтаквикс® препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ. Жеткілікті деректер жоқ болғандықтан, бір реттік қолдануға арналған тамшылатқыш-түбектегі Офтаквикс® препаратын 1 жасқа дейінгі балаларға пайдалану ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттерге Дозаны түзету қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.